Қайролла Жеткізгенұлы Ережепов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қайролла Жеткізгенұлы Ережепов (1947 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылы) – партия, кеңес қызметкері, заңгер. ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) (1970), КОКП ОК-нің Қоғамдық Ғылым академиясын бітірген (1984). 1970 – 73 жылы «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде бұрғылау шебері, 1973 – 82 жылы комсомол қызметкері, Шевченко қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 1984 – 90 жылы Мұнайлы ауданы аткомының төрағасы, ауданы парткомының 1-хатшысы, «Комсомолнефть» мұнай өндіру басқармасының партком хатшысы, Қарақия ауданы парткомының 1-хатшысы, 1990 – 91 жылы Маңғыстау облысы атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары, 1991 – 93 жылы ҚР Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары, 1994 – 95 жылы «Каскор» АҚ президенті, 1995 – 97 жылы ҚР атом энергетикасы Ұлттық АҚ-ның вице-президенті, 1997 – 2004 жылы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болды. 2004 жылдан «Қазмұнайгаз» АҚ меңгерушісі, директор, аппарат жетекшісі. «Парасат» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub