Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев 1963 жылы 16 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында туған. Қазақ.

  • Әскери атағы - запастағы капитан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Адамдары өмір сүру деңгейі жоғары дәулетті де, өркенді ел». Хоббиі - оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи шығармалар, ұлы адамдардың мемуарлары. Үйленген. 2 баласы бар.
  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін экономист-маркетолог мамандығы бойынша бітірген.Саяси ғылымдарының кандидаты (2002). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: әлеуметтік-саяси және экономикалық аспектілер». «Қазақстан Республикасындағы жергіліқті өзін-өзі басқару мәселелері мен алдағы келешегі» жарияланымының авторы (2001).«Нұр Отан» ХДП мүшесі.Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • 1985 жылдан - «Рассвет» кеңшарының, Апматы облысы Іле ауданының мекемесінде қызмет атқарған. 1987 жылдан - Алматы қаласы және Алматы облысы Жеміс-көкөніс саудасы жүйесінің қүрылымдық бөлімшесінің басшысы. 1991 жылдан - «Шын-Асыл» АҚ президенті. 1993 жылдан - бизнес құрылымдарындағы басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 1999 жылдан - Тараз қаласы әкімінің орынбасары. 2000 жылдан - «Кітап» баспа үйі» ЖШС президенті - «Дәуір» ЖАҚ Директорлар кеңесініңтөрағасы. 2001 жылдан - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының маркетингжөніндегі орынбасары. 2005 жылдан - «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ коммерция жөніндегі басқарушы директоры. 2006 жылдан - «Данко» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2009 жылдан бері - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарма төрағасы. «Нұр Отан» ХДП XIII съезінің делегаты. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі.
  • «Құрмет» орденімен (2010), «Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық «КazЕnergу» кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ (2010) медалімен, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Амангелді газ кен орынын игергені үшін» құрмет грамотасымен (2003) марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}