Қайрат Балабиұлы Байжанов
Байжанов Қайрат Балабиұлы 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына «Жаратылыстану» факультетінің «География және биология» мамандығы бойынша студент қатарына қабылданды. 1986-1988 жж. КСРО әскері қатарында борышын өтеді. 1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық университетін «География және биология» мамандығы бойынша бітірді. Ауылшаруашылығы ғылымдары кандидаты, доцент, 50-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған, 7 авторлық куәліктің, 2 инновациялық патенттің иегері. 1992-2001 жж. – Қазақ Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы «Картоп және көкеніс шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер. Алматы облысы, Қарасай ауданы. 2001 жылы – М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы. Тараз қаласы. 2002-2004 жылдар – «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті деканының орынбасары. 2004-2008 жж. – А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты «География және биология» кафедрасының меңгерушісі. Тараз қаласы. 2008 жылдан – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры.
Дереккөздер
<references/>
1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.