Қайдауыл Едігеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайдауыл Едігеұлы (1766, Ақтөбе облысы Шалқар ауданы – 1839) – батыр. Көтібар, Арыстан батырлар мен Дастан бидің замандасы. Руы – шекті ішіндегі қырғыз тармағынан. 1787 жылы түрікпендер шапқыншылығының кезінде Қайдауыл 250-дей жасағымен жауға қарсы аттанып, жекпе-жек шайқаста түрікпендердің жеті батырын жеңген. 1789 жылы шектілердің башқұрттарға қарсы жорығында Назар батырды қолға түсіріп, барымталаған мал-жандарын қайырған. 1783 – 97 жылы Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысып, патша үкіметінің жергілікті халықты шұрайлы жерлерден ығыстыруына қарсы күресті. Шектілердің құрамындағы топты басқарып Гурьев (қазіргі Атырау) пен Жайық қалашықтары арасындағы әскери бекіністерге шабуылдар жасады. 1816 – 1825 жылы арасындағы Арынғазы хан мен Шерғазы хан арасындағы саяси күресте Арынғазыны қолдаған. 1820 – 31 жылы Ақбұлақ (Шошқакөл), Жем бекеттеріне, Калмыков әскери бекінісіне бірнеше рет шабуыл жасаған. Қайдауыл 1839 жылы орыс казактары мен башқұрттардан құралған патша әкімшілігінің әскері “қазақ даласында тәртіп орнатамыз” деген желеумен ауылдарды шапқан шайқаста қаза тапқан. Қайдауылдың кесенесі ОрынборТашкент тау жотасының бойындағы Сленей станциясына жақын, Қауылжыр өзенінен өтетін “Қайдауыл” көпірі маңында, Шалқар қаласының батысында 35 км жерде орналасқан. ғ65 т.ж. бекеті “Қайдауыл бекеті” деп аталып келді. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қайдауыл Едігеұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}