Қазып алу бірлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазып алу бірлігігеологиялық жағдайы мен технологиялық шамалары біркелкі кен орнының қазып алуға арналған шағын бөлігі (учаскесі). Қазып алу барысында қабылданған жүйенің және оның шама шартының өзгермеуі, қолданылатын техниканың біркелкі болуы, қазатын қордың саны мен сапасын тікелей есептеу мүмкіндігі осы бөлік арқылы анықталады. Олар: блок, панель, камера, лава немесе солардың жиынтығы болуы мүмкін. Қазып алу бірлігі кеннің нормативтік шығынын қазылатын қор сапасын, кеңістік пен уақыт ішінде қазу тәртібін анықтау үшін пайдаланылады. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}