Қаздар Қонысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаздар қонысы<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref> – республикалық маңызы бар палеонтология табиғат ескерткіші. Павлодар қаласында, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала тұсындағы жағалаудағы биіктігі 15 – 20 метр жырадан (ұзындығы 200 метрге жуық) ертеде тіршілік еткен жануарлардың сүйектері табылған. Бұлар негізінен б.з. 4 – 5 миллион жыл бұрын тіршілік еткен гиппарион фаунасына кіретін жануарлар: хилотерий (жылқы тұқымдасының арғы тектерінің бірі), синотерий (мүйізтұмсықтылар), махайрод (қылыш тісті жолбарыстар), лагомерикс (бұғытәрізділер), самотерий (керіктәрізділер), кемірушілердің көптеген түрлері, т.б. «Қаздар қонысы» – гиппарион фаунасының жануарлары табылған ең бай орындарының бірі. Алғашқы қазба жұмыстары 1930 жылы жүргізілген. Бұл орын 1971 жылдан мемлекет қорғауындағы табиғат ескерткіші болып табылады.


Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қаздар Қонысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}