Қазгидромет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазгидромет<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>, Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы – орталық басқару мекемесі. Ол гидрометеорология және экологиялық мониторинг, сондай-ақ су қорының мемлекеттік есебін және су кадастрын жүргізетін респуббликалық мемлекеттік кәсіпорнын біріктіреді. Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғыз бен Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет (1890) Ертіс өзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станция мен 49 бекет, 123 гидрометеорология бақылау пункттері жұмыс істеді. 1922 жылдың 23 қаңтарында Бас физика обсерваториясының Орынбор облысы метеорология бюросы құрылған. Ол 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорология бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорология болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ гидрометеорология қызметінің біртұтас басқармасы құрылды. Оның бірінші басшысы Қазақстанның белгілі саяси қайраткері – О.Жандосов болды. 1992 жылдың 7 ақпанында Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма болып қайта құрылды. Қазіргі кезде «'Қазгидромет» жүйесіндегі метеорология, агрометеорология, гидрология, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 750. «'Қазгидрометтің» негізгі міндеттері: республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу; әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету; қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б. «Қазгидромет» табиғи ортаның мониторингін жүргізу барысында аса улы 20-дан астам заттарды анықтау үшін республиканың 26 қаласындағы 94 тұрақты пункттерде атмосфера ауаның құрамына бақылау жүргізеді. Бақылау материалдары бойынша дерекқор қалыптастырылады және ақпараттық-экология бюллетеньдер, анықтамалар, шолулар жарияланады. 1873 жылы Бірінші халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология ұйым құрылды. Ол 1947 жылы БҰҰ құрамындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды. ДМҰ-ның шешімімен 23 наурыз Халықаралық метеорология күні болып тағайындалған.ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазгидромет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}