Қазақ ұлықтарының Ор өзені бойындағы кездесулері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ ұлықтарының Ор өзені бойындағы кездесулері – 18 ғасырда Ресей үкіметі әкімдері өткізген мәжілістер. Бірнеше рет өткен.


1738 жылы тамызда Орынбор шекара комиссиясының төрағасы В.Н. Татищев Кіші және Орта жүз билеушілерімен кездесу өткізді. Оған Кіші жүзден Әбілқайыр хан мен оның ұлы Ерәлі сұлтан, Орта жүзден Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан шақырылды. Бірақ Әбілмәмбет пен Абылай кездесуге келген жоқ, ал Орта жүзден келген билер мен рубасыларының ресми кездесуде әлдебір шешім қабылдауға құқықтары шектеулі болды. Сондықтан Татищев тек Әбілқайырмен келіссөз жүргізді. Онда Әбілқайыр бастаған Кіші жүз билері орыс патшасына екінші рет ант берді және қолға түскен қалмақ тұтқындарын қайтаруға, қазақ даласы арқылы өтетін сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенді. Екінші кездесуді Орынбор комиссиясы төрағасы В.А. Урусов 1740 жылы Орск бекінісінде өткізді. Оған Кіші жүзден Нұралы және Ерәлі сұлтандар бастаған 70-тен астам би, Орта жүзден Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қатынасты. Еділ қалмақтары мен қазақтар арасындағы әскери қақтығыстар, орыс тұтқындарын қайтару, керуен саудасы, т.б. мәселелер қаралды. Кездесудегі басты оқиға – Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге қосылу туралы ант беруі болды. Осының нәтижесінде Орта жүздің солтүстік-шығыс бөлігі Ресей бодандығын мойындады. 1742 жылы өткен үшінші кездесуді Орынбор комиссиясы төрағасы И.И. Неплюев ұйымдастырды. Оған Кіші жүзден Әбілқайыр бастаған бір топ адам (Ерәлі, Дербісәлі сұлтандар және Орта жүзден Жәнібек батыр) қатынасты. Кездесуде қазақтар мен жоңғарлар және Еділ қалмақтары арасындағы қарым-қатынастар, орыс және башқұрт тұтқындарын қайтару мәселелері қаралды. Оған жоңғар билеушісінің және қарақалпақтардың елшілері де қатынасты. Кездесуден кейін қазақтармен даулы мәселелерді шешу үшін жоңғарларға, қарақалпақтарға, Кіші жүзге елшіліктер аттандырылды.

Жалпы бұл кездесулер Ресей үкіметінің қазақ даласындағы, соның ішінде, ең алдымен, Кіші жүзде саяси ықпалын арттыру мақсатында жүргізілді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ ұлықтарының Ор өзені бойындағы кездесулері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}