Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрaсы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрaсы 1990 жылы құрылды. Онда орыс мектептерін бітірген (қазақ тілін білмейтін) студенттерге қазақ тілінің практикалық курсы және қазақша сөйлейтін студенттерге қазақ тілінен тереңдетілген курстар жүргізіледі. Қазақ мектебін бітірген студенттерге әдебиет пен тіл тарихы, халықтық педагогика бойынша арнайы курстар ашылған. Оқытушылар мен қызметкерлерге — қазақ тілінің жедетілген курсы жүргізіледі. Кафедраны құрылған күнінен бастап, филология ғылымының кандидаты, доцент Шаханова Р.Ә. басқарады. Ұжым оқытушылары университет көлеміндегі қалалық және республикалық қазақ тілін оқыту деңгейін көтеру проблемалары жөніндегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып келеді. Сондай-ақ кафедра белгілі ғылым қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен, суретшілермен, күйші-композиторлармен кездесулер ұйымдастырып тұрады. Кафедра тарихында қазақ тілінен 6 мыңға жуық студент дәріс алды. Кафедраның оқу-лабораториялық қорында 4 лингафондық бөлме бар.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}