Қазақ қуыршақ театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Dolls Budapest.JPG
Қазақ қуыршақ театры.

Қазақ қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін ұлттық өнер ұжымы. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Өлкелік қуыршақ театры Алматы қаласында 1935 ж. 10 қазанда ҚазАКСР ХАК-ның бұйрығы бойынша, балалар арасындағы мәдени жұмысты жақсарту мақсатымен құрылған. 1938 ж. театрға респ. қуыршақ театры дәрежесі берілді. Театрдың қалыптасуына Қ.Бадыров, С.Телғараев, В.О. Гасюк, Ю.Г. Рутковский, П.И. Поторока, т.б. көрнекті театр қайраткерлері көп еңбек сіңірді. Қазақ және орыс труппалары қатар жұмыс істеді. Қуыршақ бейнесіне, артистің оны қимылға келтіру тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді: кигізілмелі, қолға киіп ойнайтын (петрушечный), сым, сырық арқылы қозғалатын (тростевой), жіп арқылы жүретін (марионетечный), көлеңке арқылы көрсетілетін (теневой). Әр жылдары театр сахнасында Н.Гернеттің “Алладиннің сиқырлы шамы” (реж. П.И. Поторока, 1958, реж. Қ.Ешмұратова, 1978), Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе мен Шығайбай” (реж. Ә.Әсімжанов, 1967), О.Әубәкіровтің “Қожанасыр – чемпион” (реж. Поторока, 1967), “Тарқамайды тойымыз” спектакльдері мен муз.-концерттік бағдарлама (реж. Ешмұратова, 1988), “Қуыршақтар шоуы” (реж. С.Шүкіров, 2000), т.б. қойылды. Бүгінде театр репертуарында 30-ға тарта спектакль бар. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды. Театр Ташкент (1969) пен Бішкек (1975) қ-ларында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының қуыршақ театрлары фестивалінің, Ташкенттегі Халықар. фестивальдің (1979) лауреаты. 1981 ж. гастрольдік сапармен Въетнам, Кампучияда болды. 2002 ж. Алматы қаласында өткен Қазақстан қуыршақ театрларының 1 фестивалінде Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл және Шымкент қ. театрлары өнер көрсетті.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>


Дереккөздер </span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ қуыршақ театры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}