Қазақ хандығының Ресей құрамына кіруі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ хандығының Ресей құрамына кіруі — XVIII ғасырдың орта шенінде басталып, IXX ғасыр ортасында аяқталған тарихи процесс.

Алғышарттары

Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. Жайылым жер үшін қырқысқан руаралық тартыстарға белсене қатысқан Шыңғыс тұқымдарының алакөздігін уақытша болса да әлсіреткен Тәуке мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел хандар тұсындағы елден әлдеқайда берік болды. Алайда 1718 жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің ізбасары Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған Кіші Жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып танылды.

Жоңғар агрессиясы

Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндірген жоңғар хандығы еді. Жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-ғайыр аумақты өзіне қарату болды. 1710 жылы Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күрес ұйымдастыруды бірлесіп шешуді қажет деп тапты.

Үлгі:Бастама