Қазақ тілі қоғамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ тілі» қоғамы, халықаралық қазақ тілі қоғамы — қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып-үйренуге, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамытуға ықыласты қазақ және басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіретін ерікті ұйым. 1989 жылы 21. Алматы қаласында өткен 1-құрылтайда құрылды. Онда «Қазақ тілі» қоғамының Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданып, міндеттері айқындалды. «Қазақ тілі» қоғамыда өз жұмысын ҚР Ата заңы (Конституциясы), Тіл туралы Заңы, өзінің Жарғысы және халықаралық құқықтық, адамгершілік нормалар негізінде жүргізеді. Қоғамның мақсаты: қазақ тілінің республикада және одан тыс жерлерде кеңінен қолданылуына байланысты мемлекеттік, қоғамдық әр түрлі ұйымдар мен ұлттық мәдени орталықтарға, жеке азаматтарға көмек көрсету;

  • тиісті мекемелермен бірлесе отырып, тіл дамытуға қажетті ғылыми-әдістемелік, оқу-анықтамалық құралдар, бағдарламалар, сөздіктер, тілашарлар тәрізді анықтамалықтар шығаруды ұйымдастыру;
  • қазақтың ертедегі және осы замаңғы мәдениет үлгілерін, тарихын, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өзге ұлт өкілдеріне таныстыра отырып, жалпы адамзаттық рухани игіліктердің өз ортамызда да өpic алуына қамқорлық жасау;
  • мектепке дейінгі мекемелерде, орта кәсіптік-техникалық училищелерде, арнаулы орта білім беретін және жоғарғы оқу орындарында негізгі пәндерді қазақ тілінде жүргізу жәйін қадағалап, ретіне қарай жәрдем керсету және басқа да тілдік орталарды пайдалана отырып, тіл мейрамдары мен лингвистикалық олимпиядалар, тақырыптық кештер мен белгілі мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өткізуге ұйытқы болу.

«Қазақ тілі» қоғамының республикада және одан тыс жерлерде де бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Омбы, Орынбор, Астрахань, Қорған, Санкт-Петербург, Саратов, Волгоград қаласында, Моңғолия, Түркия, Қарақалпақстан, Түркіменстанда «Қазақ тілі» қоғамыныңның бөлемшелері бар. Сондай-ақ Франция, Швеция, Америка, Қытайда тұратын отандастарымыз «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі болып табылады.

26.11. 1992 жылы Алматыда республикалық «Қазақ тілі» қоғамының 2-құрылтайы болып өтті. Оған еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың арнайы қатысып, сөз сейледі. 2-құрылтайда жұртшылықтың ұйғарымы бойынша республикалық ұйым халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы деген жаңа мәртебеге иеленді. Соған сәйкес өзінің жаңа Жарғысын қабылдап, әлемдік деңгейде атқаратын жұмыстар жайын айқындап алды. Жоғары аталған мемлекеттік тілге байланысты алуан түрлі шаралар 2- және 3- құрылтай аралығында да үздіксіз жүргізіліп отырды, әсіресе 1993, 1994, 1995 жылдары Ақтөбе, Орал, Жезқазған, Семей, Талдықорған, Шымкент қаласында көшпелі мәслихаттар өткізіліп, нақты шаралар белгіленіп отырды. Мұндай мәжілістер жергілікті жерден қолдау тауып қалалық, аудандық бас қосулар өтті.

1996 жылы 21 қарашада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 3-құрылтайы өтті. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық ұйымдар жөніндегі заңға сәйкес республикалық мәртебеге ие болып қоғамдық бірлестік ретінде қайта құрылды. Осыған орай Жарғы да қайта түзіліп біраз жаңалықтар енгізілді. Әділет министрлігінің талабына лайықты жазылған Жарғыда атап керсетілгендей, бұдан бұрынғы жерде барлық облыстар, халықаралық, аудандық ұйымдар халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бөлімшілері болып саналды да, түскен қаржы-қаражаттар бір орталыққа шоғарландыру арқылы жұмсалатын болды. Ал ұйым өзінің халықаралық қоғам деген атын сақтап қалды. Қазір бұл бұқаралық ұйым республикада орын алып отырған жаңа жағдайға өз жұмысын мүлде жаңаша бағытта жүргізуді көздеп отыр. Мысалы, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеретін нақты іс-шараларды белгілеп, оларды орындауға кірісті. Осыған сәйкес тиісті мамандарды тарту арқылы түрлі оқу-әдістемелік құралдар, мемлекеттік тіліміздің ғылыми-теориялық әрі практикалық мәселелерін көпшілікке түсіндіретін еңбектер жазып, лекция-дәрістер жүргізу, ғылыми-практикалық конференция, семинар-кеңестер өткізу тәрізді шаралар қолға алынды. Сонымен бірге Қоғам бұрынғыша барлық жерде мемлекет тіліміздің әрі жақтаушысы, әрі бақылаушысы болып қала бермек.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}