Қазақ тілі газеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ тілі», газет. 1919 жылы 4 желтоқсанда Семейде құрылды. 1928 жылға дейін шықты.


Облыстың экономикасы мен мәдениетінің гүлденуі, еңбекшілерге коммунистік тәрбие беру туралы материалдар, әдеби туындылар жариялап турды. Әуезов бұл кезде Семейде, Орынборда қызмет істеп, Ташкентте аспирантурада оқып жүрген еді. Сондықтан газет редакциясымен тығыз байланыс жасап, белсенді шығармашылық қарым-қатынаста болды. Жазушының

  • «Қазақ оқығандарына ашық хат» (1920, 5 ақпан),
  • «Бүгінгі зор міндет» (1920, 31 желтоқсан),
  • «Қазақ қызметкерлерінің міндеті» (1921, 10, 12 қаңтар),
  • «Қазақ бөлімдері туралы» (1921, 29 қаңтар),
  • «Мадиярға жауап» (1922, 14 қазан),
  • «Орынбордан телеграмма» (1922, 26 сәуір),
  • «Ашық хат» (1922, 27 тамыз) атты мақалалары осы басылымда жарық көрді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}