Қазақ теледидары мен радиосының камералық оркестрі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ теледидары мен радиосының камералық оркестрі (19641997) – мәдени-концерттік ұжым.


Музыкалық шығармаларды телевизия және радио арқылы насихаттаумен шұғылданды. 1964 жылы құрылған. Ұйымдастырушысы, әрі алғашқы көркемдік жетекшісі – Ұ.Нүсіпов (1964 – 1976).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

1976 жылдан бас дирижері және көркемдік жетекшісі қызметін М.Б. Серкебаев атқарды. Оркестр құрамында 20-дан астам өнер шеберлері жұмыс істеді. Репертуарында шет ел композиторларының классикалық шығармалары, қазақ композиторларының шығармалары болды. БАҚ-қа нарықтық қатынастар енуіне байланысты таратылған (1997).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}