Қазақ тарихы (журнал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ тарихы - Қазақ халқының төл тарихына арналған ғылыми-әдістемелік, педагогикалық басылым ретінде 1993 жылы шілдеден “Қазақстан мектебі” журналына қосымша ретінде шыға бастады. Басылым алғашқы санынан бастап “Ата қазақтың арғы тарихы” бөлімін ашып, қазақтың арғы-бергі тарихын, оның атауының шығу тегін, жазу-сызуының пайда болған уақытына қатысты материалдарды жүйелі жариялап келеді. “Отан қорғаудағы ұлы шайқастар” бөлімінде жоңғар-қазақ шайқастары, Шыңғыс хан басқыншылығының қыр-сыры баяндалса, “Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер” бөлімінде отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдері, оның көріністері, жетекшілері жөнінде мағлұматтар берілді. “Қазақ халқы қазан төңкерісінен кейін” бөлімінде ұлтымыздың Кеңес империясы тұсындағы саяси өмір тынысы, экономикасы, мәдениеті көрініс тапты. “Оқу-ағарту ісі, оқулық және оқу құралдары” бөлімінде орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қазақ тарихын оқыту тұжырымдамалары, әдіс-тәсілі, оқулықтары талқыланды. “Қазіргі заман: тарих және қоғам” бөлімінде қазақ халқының тәуелсіздігі, саяси, экономикалық жаңаша бітім-пішіні көрсетілді. Кезеңді өзгерістер, қоғамдық даму барысында журнал “Тарих және тарихи тұлғалар”, “Сәулет өнері, кесенелер”, “Қазақ қалаларының тарихы”, “Шет ел ғалымдары қазақтар туралы” сияқты жаңа айдарлар ашты. Қазақ тарихына қатысты Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкерім, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан пікірлерімен таныстырды. Журнал 2003 жылы дербес басылымға айналды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}