Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми - зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми - зерттеу институты - ғылыми-зерттеу мекемесі. 1998 жылы 24 наурызда құрылды.

1934 - 36 ж. жұмыс істеген "Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты"ның заңды мұрагері.

Институт қызметінің негізгі бағыттары - мәдениет және өнер мекемелерінің мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөнінде зерттеулер жүргізіп, түсіндірмелер жасау. Қазақстанның әлеуметтік мәдени дамуын басқаруды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету, мәдениет пен өнер саласына байланысты ақпарат дайындау және жариялау. Оның құрамында: өнертану, мәдениет теориясы мен тарихы, талдау және әлеуметтік мәдени зерттеулер, редакциялық-баспа бөлімдері бар. Институт "Қазақстан республикасы мәдениетінің даму тұжырымдамасы" жобасын, сондай-ақ, "Ауыл мәдениетін сақтау, жаңғырту және дамыту тұжырымдамалары" жобасын әзірледі, облыстық мәдениет орталықтары директорларының қатысуымен "Ауыл мәдениетін дамыту және ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануының қазіргі жай-күйі", "Халық шығармашылығы - ауыл мәдениетінің рухани қайнар көзі" атты тақырыптарда семинарлар өткізді, қазақ халқының тарихи, мәдениет ескерткіштерін зерттеу және оларға қатысты материалдар жинау жөнінде экспедициялар ұйымдастырды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері "Мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институтының хабаршысы, Вестник КазНИИКИ" ғылым-көпшілік, мәдени-талдамалық, ақпараттық журналдарына жарияланып отырған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}