Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы 1905 жылы желтоқсан айында Орал қаласында өткен сиезде құрылған. Оны ұйымдастырушылар қатарында Б.Қаратаев, Ғ.Бердиев, М.Бақыткереев т.б. қазақ зиялылары болды. Осы сиезде «Қазақ конституңиялық-демократиялық партиясының» бағдарламасы және жарғысы қабылданды. Бұл құжаттар татар тіліндегі «Әл- ғаср-ул-жәдид» газетінде жарияланған. Мәтін соңында «Қазақ конституңиялық- демократиялық партиясының» мүшелері мыналар: С.Қаратаев, Ғ.Бердиев, М.Бақытгереев, И.Тоқбердиев, Х.Досмұхамедұлы, Н.Ипмағамбетов, М.Мұқанов, Ғ.Рақымбердиев, Ізбасаров, Ү.Дүйсембин» делінген. Бағдарлама мынадай бөлімдерден тұрады: азаматтардың негізгі еркіндіктері, патшалықгың қалпы, халықтың өзін-өзі билеуі, сот, дін, жер, алым-салық, жұмысшылар, мектептер, партия жұмысы. Бұл құжат - мерзімі жағынан Қазақстандағы партиялар тарихындағы ең алғашқы бағдарлама. Соған қарап, оны ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы кезеңіндегі маңызды оқиға деп қабылдауға болады.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}