Қазақ интернет тілінің мәдениеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауызша және жазба тіл

Тіл жалпы және абстрактілі құбылыс ретінде әралуан акт қолданыстары мен түрлерінің жүзеге асуы арқылы, белгілі бір нақты жағдаяттардың орындалуы арқылы көрініс табады. Яғни сөйленіс тіл арқылы жарыққа шығады. Бірқатар ғалымдардың зерттеуі бойынша, сөйленімнің түрлері әртекті, әр алуын. Дегенмен, олар екі негізгі формаға сәйкестендіріледі, олар – ауызша және жазбаша формалар. Бұл формалар күрделі бірлікте құрылады және әлеуметтік-тілдік тәжірибеде (қолданыста) бірдей мәнде болады, бірдей қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынас осы екі форманың күрделі тұтастығын білдіргенмен, олардың әрқайсысы жеке дара күйінде көріне алады және жеке (индивидуальді) сипаты мен ерекшеліктері болады. Ең алдымен, тілдің ауызша және жазбаша формалары арасындағы айырмашылықтар әрқайсысының өзіндік жеке материалды негізінің болуы арқылы, тұрмыстық қолданыстағы ерекшеленген формалары арқылы көрініс табады. Ауызша тілдің материалды негізі – бұл ауада таралатын дыбыстық толқындар; жазбаша тілдің материалдық негізін кез келген тәсілмен жазылған контрастық фондағы әріптер құрайды (бояу, жарық, т.б.). Жалпы ауызша сөзді жазба сөзбен салыстырғанда олардың негізгі ерекшеленетін тұстары айқын байқалатыны белгілі. Ауызша сөз жазба тілдегі нормадан ауытқығанда оның артықшылығы көрінеді деп есептеледі. Сондықтан жазба тіл дұрыс сөйлеудің жалғыз варианты ретінде ұғынылады: «устная речь перестает осознаваться не только как первичный, но вообще и как самостоятельный феномен, имеющий позитивную ценность и позитивные признаки, а рассматривается как результат ситуативной редукции «кодифицированной», «правильной», то есть письменной речи» <ref>Гаспаров Б.М. Устная речь как семантический объект// Семантика номинации и семантика устной речи. 1978. С.103</ref>.

Ұзақ уақыт бойы жазба сөз әсіресе көркем әдебиетте, ресми қарым-қатынаста, ғылыми ақпараттарды сақтауда және оларды тарату салаларында қызмет етіп келеді. Әсіресе тілдің тұрмыстану формасының Интернет көмегімен жасалған қарым-қатынас кезіндегі көрінісі ерекше назар аудартады, себебі, коммуниканттардың барлық репликасы (сөздері) графикалық формада тіркеліп қалады, яғни «жазылады». Бұл фактінің нәтижесінде әртүрлі желілік баспалардың корреспонденттері мен Интернеттің белсенді қолданушылары қарсыластарымен дауласа отырып, желілік қарым-қатынастың ең бір оңтайлы, маңызды ерекшелігінің бірі ретінде эпистолярлы жанрдың қайта өркендеуін айтады. Осыған орай, коммуниканттарға аса қажет қабілет деп жазбаша тілде жеткізу кезінде ойды нақты әрі айқын беру саналады. Дегенмен, тілші ғалымдар (лингвистер) мұндай көзқарасты одан әрі талдамайды, себебі, сөйленіс, тілдің ауызша және жазбаша формасы тек әртүрлі материалдық негіздің болуымен ғана емес, сондай-ақ олардың жеке табиғи болмысындағы әртүрлі ерекшеліктерге байланысты екенін түсіндіреді. Себебі олардың екеуінің табиғи болмысында тілдік көрінісін жарыққа шығару механизмдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер болады және оның жүзеге асуы шарттарында да өзгешеліктер байқалады.

Қарым-қатынас түрлері. Интернет қарым-қатынас жүйесіндегі сөйлеу тілінің орны

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ара қатынасы ұғымдық деңгейде күрделі бір сипатқа ие. Ол деңгей адамзат пен қоғам арасындағы байланысты көрсетеді. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің анықтамасы қарым-қатынас категориясы тұрғысынан сипатталады. Қарым-қатынас категориясын қоғамдағы субъектілердің (кластар, топтар және тұлғалар) іс-әрекетімен байланысының мықтап орын алыуымен түсіндіруге болады, қоғамдағы субъектілердің қызметінің, тәжірибесінің, қабілетінің, ақпараттың, білімділігінің және іс-әрекеттің нәтижесінің алмаса қолданылуы; тұлғаның және дамуы мен қалыптасуы тікелей жалпы қоғамдағы керекті жағдаяттарға байланысты. Ауызша және жазба категориялары болмаса қарым-қатынас жүйесі толық іске аспайды. Осыған байланысты қарым-қатынас жүйесін екіге бөліп қарастыруға болады. Бірінші қарым-қатынас типі – контактілі, екіншісі – дистантілі. Бұл қарым-қатынас түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Айталық, контактілі қатынаста сөйлеушілер тікелей уақыт режімінде байланысады, сөйлеуші мен тыңдаушы өзара ым, ираша, интонация арқылы да түсінесе береді. Ал дистантілі қатынаста сөйлеушілер қатар тұрмайды, олардың арасында белгілі бір кеңістік болуы мүмкін. Мәселен, телефон арқылы байланыста адамдар бір уақытта сөйлескенімен, аралары алыс болуымен ерекшеленеді. Сол сияқты хат, түрлі мәтіндер арқылы байланысу да дистантілі қатынасқа жатады. Радиода, теледидарда, интернетте бұл қатынас жүйелері алмасып қолданылады. Яғни контактілі және дистантілі қарым-қатынас өзара бірге, жымдаса өмір сүретінін көреміз. Түсінікті болу үшін жоғарыдағы контактілі және дистантілі қатынас жүйелерін жеке-жеке саралауға болады.

Контактілі қарым-қатынас және ауызша сөз

Қарым-қатынастың бұл түрі күнделікті өмірде жиі қолданылады. Коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданылып, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан пайдаланылады. Мысалы, бас изу – белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу – иығын көтеріп, ауызын ашуды білдіреді т.б. Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Бұл контактілі қарым-қатынастың негізгі ерекшелігі. Сонымен қатар тікелей қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік факторы және «көз контактісі» бірлікте көрініс береді. Көз контактісі – дегеніміз коммуниканттың бір-біріне деген көзқарасы, олардың ішкі жай-күйінің жағдайы. Мысалы, көзін ары-бері жүгіртіп сөйлеу – коммуниканттың өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді. Осыған байланысты лингвист Л.П. Буева былай дейді: «личный контакт обладает большой силой эмоционального воздействия, внушения, в нем непосредственно действует социально-психологический «механизм» заражения и подражения» <ref>Буева Л.П. Общение // Философский энциклопедический словарь/ Под. Ред. Л.Ф.Ильичева, П.Н.Федосеева, С.М.Ковалева, В.Г.Панова. М., 1983. С.447</ref>.

Сонымен контактілі тілдік қарым-қатынаста ауызша сөздің мүмкіндігі шексіз болады, өйткені тек тілдік қана емес,тілден тысқары құрылымдар – сөйлеушінің бет-әлпеті, дауыс құбылысы, қол, бас, көз қимылы, бет әлпеті, т.б. дене тілі деп аталатын толып жатқан тілдік емес әрекеттер жүйесі сөйлеген сөздің мазмұнын толықтыра түседі. Сөйтіп, ауызша сөз әрекеті барысындағы белгілі бір ақпаратқа тілдік емес құрылымдар жүйесі қосарлана жүреді де, ой мен сезімді толымды етіп жеткізуге септігін тигізеді Бұдан ауызша сөздің тілдік және тілдік емес құрылымдардың өзара құрамасынан тұратын ерекше құбылыс екенін байқаймыз. Ал тілдің жазба түрінде (жазба сөзде) мұндай мүмкіндіктер шектеулі.

Контактілі қатынас интернет желісінде дәстүрдегіден өзгеше. Желі коммуникациясында контактілі қарым-қатынас техниканың көмегімен іске асады. Яғни веб-камера арқылы екі коммуникант тікелей уақыт режімінде сөйлесе алады. Сондықтан біз электронды коммуникацияны да контактілі қарым-қатынас түріне жатқызамыз. Интернет веб-камерасы арқылы адресат өзінің ойын, пікірін вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдермен қоса, сөйлеу үстінде қолданылатын бейвербалды амалдарды да қолданыла алады. Онда фонациялық, кинетикалық тәсілдердің көрінісі ерекше болады. Фонациялық тәсіл арқылы коммуникант екінші коммуникантқа өзінің дауысын, дауыс мәнерін, кідіріс жиілігін байқата алады. Сонымен бірге кинетикалық тәсіл арқылы адресат пен адресант бір-бірінің бет қимылын, қол қимылын, дене қозғалысын да бақылай алады. Бұдан байқайтынымыз, екі коммуниканттың арасында белгілі бір мөлшерде кеңістік орын алғанымен, бұл қарым-қатынас негізінен контактілі коммуникация типіне жақын. Бірақ интернеттегі коммуникация жүйесі әрқашан контактілі бола бермейді. Ол көбінесе дистантілі қарым-қатынас жүйесінде көп болады.

Дистантілі қарым-қатынас және жазба сөз

Қарым-қатынастың бұл түрі Уақыт пен Кеңістікке тікелей байланысты. Коммуникант Уақыт пен Кеңістік факторынан едәуір алшақ болады. Сондықтан комуникацияның бұл түрі көбінесе жазбаша формада іске асады. Е.А. Земская өз сөзінде былай дейді: «Письменная речь – речь, изображенная на бумаге (или какой-либо другой поверхности: пергаменте, бересте, камне, полотне и т.п.) с помощью специальных графических знаков (знаков письменности), предназначенных для изображения звуков речи» <ref>Земская Е.А. Писменная речь// Русский язык: Энциклопедия/Под. Ред. Ф.П.Филина. М., 1979. С.205</ref>.

Ғалымның бұл пікіріне қосыла отырып, жазба тіл – адамзат дамуына, өсуіне ерекше ықпал етеді және оның өзіндік жүйесі бар екенін айтқымыз келеді. Жалпы жазба тілдің ең кіші единицасы – әріп болса, ауызша сөздің ең кіші единицасы – дыбыс. Бұдан байқайтынымыз, жазба сөздің өзіне тән артықшылығы, өз жүйесіне тән тілдік емес құралдары мен графикалық тәсілдері, емле тәртібі болатындығында. Яғни қарым-қатынастың ауызша және жазба формаларын бір жүйеде қарастыруға болмайды. Себебі олардың өзді-өзіне тән нормасы (фонетикалық, грамматикалық, лексикалық) болады. Қарым-қатынастың дистантілі түрі адамзаттың рухани өсуіне мүмкіндік береді. А.В. Арциховский жазба сөздің қызметін көрсете отырып, өз сөзінде былай дейді: «оно имеет большое значение для обогащения всей системы отношений личтости с миром, разрывает рамки непосредственного окружения, делает индивида причастным ко всем событиям мира, к разным поколениям, странам, эпохам» <ref>Арциховский А.В.Борковский В.И. Новгородские грамоты на бересте. М., 1958. С.71(4)</ref>.

Сонымен ауызша тіл – бұл қарым-қатынасқа тікелей байланысты жүзеге асырылатын дыбыстық тіл, ал жазбаша тіл – бұл қосымша таңбалық жүйелерден тыс жазылатын, сондай-ақ уақыт пен кеңістікте көрініс табатын тіл. Аталған сипаттамалар барынша контрасты болғаны соншалық, тіпті тіл білімі ғалымдарының назарында ғана емес, сонымен қатар қарапайым «қатардағы» тіл тұтынушылардың да көңілінде күдік ұялатты. Себебі, олар үшін «жазбаша» тілде жазылған мәліметтің толық эквиваленті болады да, ал «ауызша» тіл – өтпелі деректер эквиваленті болып саналады.

Жоғарыда аталып көрсетілген дистантілі және контактілі қарым-қатынас түрлері интернет жүйесінде әрдайым бірлікте болады.

Желі коммуникациясында аталып көрсетілген қарым-қатынас формалары техниканың сан қырлы мүмкіндіктеріне байланысты ерекше жүйеге айналу үстінде. Әсіресе тілдің тұрмыстану формасының Интернет көмегімен жасалған қарым-қатынас кезіндегі көрінісі ерекше назар аудартады, себебі, коммуниканттардың барлық репликасы (сөздері) графикалық формада тіркеліп қалады, яғни «жазылады». Бұл фактінің нәтижесінде әртүрлі желілік баспалардың корреспонденттері мен Интернеттің белсенді қолданушылары қарсыластарымен дауласа отырып, желілік қарым-қатынастың ең бір оңтайлы, маңызды ерекшелігінің бірі ретінде эпистолярлы жанрдың қайта өркендеуін айтады. Осыған орай, коммуниканттарға аса қажет қабілет деп жазбаша тілде жеткізу кезінде ойды нақты әрі айқын беру саналады. Дегенмен, тілші ғалымдар (лингвистер) бұндай көзқарасты одан әрі талдамайды, себебі, сөйленіс, тілдің ауызша және жазбаша формасы тек әртүрлі материалдық негіздің болуымен ғана емес, сондай-ақ олардың жеке табиғи болмысындағы әртүрлі ерекшеліктерге байланысты екенін түсіндіреді. Себебі олардың екеуінің табиғи болмысында тілдік көрінісін жарыққа шығару механизмдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер болады және оның жүзеге асуы шарттарында да өзгешеліктер байқалады.

Интернет - бүкіләлемдік ақпарат сервері

Бүгінгі күні Интернет немесе жаһандық желі тек ақпаратты (мәліметті) жеткізу құралы ғана емес, сондай-ақ дүние әлеміндегі адамның бағыт-бағдарын айқындап отыратын маңызды құралдардың бірі болып саналады. Соған сәйкес адам өмірінің қарқынды ырғағына үнемі сәйкес болып отырады. Адам желі арқылы пайдалы ақпараттарды аша алады, өмірлік серігін, саяхатқа шығатын жолсерігін табады, ұтымды сатып алу, сату әрекеттері болады, жұмыс жасап пайда табады, әскери келіміс-шарт жасайды, әйгілі немесе танымал болады, қызығушылық мүдделері ортақ жандармен сұхбаттаса алады т.б. Адамның осылайша желілер әлеміне еніп, ықпалдасуы, тікелей қатыстылығы әртүрлі білім саласындағы зерттеушілердің қызығушылығын оятпай қоймады.

Жалпы Интернет дегеніміз – компютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары (телефон, радио, жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген тарабы интернет деп аталады.

Тілімізге әрқашан болатын әртүрлі құбылыстар алдымен ауызекі тіл негізінде танылады, себебі ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Сондай-ақ жазбаша сөздің және ауызекі тілдің ара қатынасын анықтау, яғни тіл мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасын, айырым тұстарын анықтау сынды көптеген проблемаларды сөз етуге болады. Осындай мәселелердің бірі «интернет тілі» проблемасы.

Интернеттегі локалды желі арқылы таралатын интернеттің мына жанрлары адамдар арасында жиі қолданылады: 1. Чат-коммуникация; 2. Форум-коммуникация; 3. Электронды пошта-коммуникация; Бұдан басқа интернетте мынадай қосалқы коммуникация түрлері бар: блогтар, уики-жобалар (Уикипедия, уикибілім), интернет-дүкен, интернет-аукцион, электронды почта, жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet), файл-алмасу желілері, интернет-радио, интернет-теледидар, IP-телефония, мессенджерлер, FTP-серверлер, іздеу жүйелері, интернет-жарнама, төлеу жүйелері т.б.

Бұл коммуникация түрлеріне тоқталмай-ақ жоғарыда аталып көрсетілген локалды желі ішіндегі чат, форум және электронды поштадағы қарым-қатынас әрекеттеріне ерекше тоқталуға болады.

Чат-коммуникация

Чат (chat – сөйлесу) – интернетті пайдаланушылардың бір-бірімен нақты уақыт режимінде («online» – ағылшын тілінен аударғанда «желі бойында», «байланыста» деген мағынаны білдіреді) сөйлесуіне мүмкіндік береді. Желіде нақтылы уақытта, яғни интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі пернетақтадан сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен сөйлесу түрін – чат-коммуникация дейміз. Мұндай ерекшелікке байланысты чаттағы қарым-қатынас жүйесін тікелей және жанама түрге бөлуге болады. Тікелей деп отырғанымыз, интернеттегі веб-камера арқылы сөйлесу. Мұнда веб-камера болғандықтан сөйлесу әдеттегідей болады. Ал жанама қарым-қатынаста адресант жіберген хабарламасын адресат қалай қабылдағанын немесе оның эмоциясы сол мезгілде қандай жағдайда болғанын көре алмайды. Адресаттың эмоциясы тек жіберген жауап арқылы ашылады. Интернет-коммуникант өзінің эмоциясын білдіру үшін бірнеше әлеуметтік ұстанымдарды ескермейді деп айтуға болады. Көбіне адресант адресатқа қысқаша жауап беруге тырысады. Нақты уақыт режімінде сөйлесіп отырған екі коммуниканттың сөйлесу тембірі, оның күші, дикциясы, мимикасы тәрізді паралингвистикалық әрекеттері көрінбейді. Мұнда екі коммуникант бір-бірін мәтін арқылы таниды. Паралингвистикалық амалдардың орнын толтыру үшін чатта смайликтер қолданылады. Яғни дыбыс, қозғалыс сияқты әрекеттер вербалды таңбалармен беріліп, белгілі бір мағынаны үстеп отырады. Белгілі бір коммуниканттың эмоциясын екінші комммуникант тілдік емес, бейвербалды құралдар арқылы, яғни пунктуациялық белгілердің қосындысы арқылы белгіленетін мағынасы бар смайликтер қолданылады.

Чатта сөйлесу интерактивті болғандықтан мұнда сөйлесу темпі ауызша тілге өте жақын болады. Чаттағы сөйлесу принципі телефонмен сөйлескенге ұқсайды десе де болады. Сөйлесіп отырған адамдар өздеріне қажетті жауапты сол мезетте алады. Алайда мұндай байланыс түрінде сөйлесушілер негізінен мәтіндік хабарламалар түрінде ақпарат алмасып отырады.

Чат – Интернет жүйесіндегі қарым-қатынас жасасудың спецификалық формасы болғандықтан, мұндағы хабарлар көбінесе СМС (SMS) түрінде қысқаша формада жазылады. Хабарлардың ұялы телефондағы СМС-тен айырмашылығы тек Интернет жүйесі арқылы тарайтындығында. Чат арқылы хабарласу уақыт кеңістігі арқылы жүзеге асады. Яғни қарым-қатынас сол мезетте іске асып, бұған екі не одан да көп коммуникант қатыса алады. Коммуниканттар әртүрлі тақырыптарға байланысты пікір алмаса отырып, басқа да коммуниканттармен қарым-қатынасқа түсуге толық мүмкіндігі болады. Мысалы, бір-бірімен өте жақын екі коммуникант белгілі бір чат жүйесін (мысалы, site.kaz) екі күн бұрын белгілеп, сағат 1500-де кездесуді жоспарлайды. Мұндай жағдайда коммуникация жүйесі қарапайым сөйлеу тілімен барабар болады деп айтуға болады. Себебі екі коммуникант сол мезетте бір-бірін камера арқылы көріп, даусын ести алады. Мұндағы коммуникация негізінен диалогтық репликаға құрылады. Сөз қысқа, жүйесіз, тілдік бірліктерге жұтаң болса да, екі коммуникантқа ортақ аялық білім болғандықтан коммуниканттар бір-бірін жақсы түсініседі.

Чатта диалогтық және полилогтық мәтіндер көптеп кездеседі. Жалпы чат-коммуникацияны былайша бөлуге болады:

  1. танысу чаты;
  2. төлемдерді қабылдау және жіберу чаты;
  3. әртүрлі ойындар чаты
  4. қарапайым сөйлесу чаты т.б.

Бірінші топтағы чат жүйесі көбінесе екі коммуникантқа арналады. Коммуниканттар о н л а й н режімінде бірімен-бірі танысып, пікір алысады. Ал екінші және үшінші чаттарда коммуникация көбіне монотиптік және политиптік түрде болады. Чат-коммуникациясында белгілі бір қарым-қатынасты жеделдету үшін сөздердің графикалық қысқартылған нұсқалары жиі қолданылады. Сөздердің графикалық формасы коммуникантқа дыбыстық формасы жағынан жақын келеді де көбінесе сөздің транскрипциясы сияқты елестетеді. Мысалы: см – сәлем, «сб – сау бол, қс – қалайсың, инет – интернет т.б. Осындай формалар жедел хабарласу жанрында (мысалы, ІСQ) қатынас жасау барысында жиі қолданылады. Немесе чат жанрында, яғни онлайн (тікелей қарым-қатынас) тәртібінде қатынас жасау кезінде жиі пайдаланылады. Бұл байланыста адресанттың хабарламасын адресат сол мезетте, уақыт күттірмей қабылдай алады. Дегенмен, коммуникацияның асинхрондық түрінде, мысалы, форум, блог, электронды хат түріндегі ақпарат жеткізу түрінде жоғарыда аталған құбылыстың орны ерекше. Ескере кету керек, желілер қарым-қатынасында орфография ережелерінің бұзылуы белгілі бір норманың бұзылуы болып саналмайды. Немесе сұхбаттасушысына қатысты құрметтемеушілік, сыйламаушылық болып табылмайды. Бірақ чат коммуникациясында сөздерді бөлек жазу, бірге жазу, жартылай бөлек жазу (дефис арқылы) ережелері назардан тыс қалмайды. Интернетпен қатынас жасау кезінде байланыс арнасы коммуникант жасаған мәтіндерді жазбаша жазып алуға мүмкіндік береді. Ал онлайндық қатынас желідегі тұтынушылардың сұхбатын жүзеге асырады, яғни жазбаша тіркеу емес, әңгімелесу түрінде жүреді (мысалы, «чатта әңгімелесу», «чаттан есту»), т.б. және олар ауызша формадағы сұхбаттасу қалпына сәйкестендіруге тырысады. Аталмыш сөйлесу формасы сөйлеушінің өз ойын барынша үнемді түрде жеткізуге тырысқан күшін (қарқынын) байқатады. Расында да, шынайы қарым-қатынас жағдаятындағы ауызша сөйлеуден желіде сөйлесудің артықшылығы коммуниканттардың қарым-қатынас кезіндегі кейбір қателерді немесе хабарлама жіберу барысындағы қолтаңбаларды (бұл өте сирек қолданылады) жөндеуге, дұрыстауға мүмкіндік береді. Бетті (мәселен чаттағы бетті) жаңарту жылдамдығы кезінде немесе бір уақытта бірнеше адамдармен қарым-қатынаста болу кезінде бастапқы жазылған хабарлама еш жөнделмей-ақ жаппай барлығына таратылады. Хабарламаны жөндеу ереже бойынша, толық жіберілгеннен кейін, адресат оқығаннан кейін жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар егер жіберілген қателер мен қолтаңбалар айтылатын ой мазмұнына едәуір әсер ететін болса ғана назарға алынып, жөндеуді қажет етеді. Мысалы, «менің айтып отырғаным» (менің атып отырғаным) деген репликаны жібергеннен кейін өзінің бір әріпті тастап кеткенін білген адресат жауапты күтпей-ақ осы фразаның артынша жедел түрде яғни «аЙтып отырғаным» деп жөнделген вариантын жібереді. Егер фразаның мазмұнында қате немесе қолтаңба бола тұрса да жөнделмейтін болса, адресант оны біле тұрса да жөндеп жатпайды. Бұндай жағдаят тек чатта ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынас серіктесінен жедел түрде жауап күтіп талап етілген кезде де кездесіп жатады. Себебі, жіберілген және қабылданған хабарламалар тек азғантай уақыт ішінде көз алдынан өтеді. Содан соң ол хабарлама экраннан жоқ болады. Интернет көрсететін қызмет түрлері чатпен ғана шектелмейді. Интернетте сонымен қатар Форум, Электронды почта және FTP, Telnet секілді т.б. танымал қызмет түрлері кездеседі. Жыл сайын жаңа технологиялар мен қызмет түрлері пайда болып, интернеттің адам өміріндегі рөлі мен маңызы арта түсуде.

Форум-коммуникация

Форум-коммуникацияның чат-коммуникациядан айырмашылығы жоқ емес. Чатта әртүрлі тақырыпқа қатысты қарым-қатынас іске асса, форумда бір ғана тақырып аясында пікірталас болады. Басқаша айтқанда, форум дегеніміз – субъектінің қызығушылығына байланысты ашылған клуб немесе орталық. Мұнда дизайнерлердің, программистердің, музыканттардың және т.б. пікірталас форумдары болады.

Әдетте сөйлеу кезінде әр саланың мамандары арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болады. Мысалы, филолог маман және маман еместің арасындағы тілдік коммуникация өз деңгейіне жетпей, белгілі бір шегінде тоқтап қалады. Яғни коммуникация толық жүзеге аса алмайды. Себебі әр сала мамандарының өз термині мен сөйлеу жүйесіндегі ұстанымдары болады. Осы тәрізді жайттарды екінші коммуникант білмесе қарым-қатынас толық болмайды. Сондықтан интернеттегі форум-коммуникацияны әр сала мамандары үшін жасалған пікірталас орталығы деп айтса да болады. Мұнда белгілі бір коммуникант өз саласы жөнінде екінші коммуникантпен сөйлесіп, өз ойы мен пікірін ортаға салып, қарым-қатынас жасай алады.

Форумның чат-коммуникациядан тағы бір үлкен ерекшелігі уақыт және кеңістік факторына байланысты. Яғни чатта хабар сол мезетте іске асу керек болса, форумда бұл міндетті саналмайды. Форум-коммуникацияда коммуникант белгілі бір хабарды әбден қорытып, екі күннен кейін немесе бірнеше күннен кейін де жауап жазуға құқылы. Сондықтан мұнда коммуникант сөзі алдын ала дайындалып, еркін сөйлеу (спонтанная речь) түрінен алшақтайды. Сөзіміз нақтырақ болу үшін «Мәссаған» деген қазақ сайтындағы мынадай әртүрлі форумдарды көрсетеміз.

Тақырыптың бастамасы «Үш тұғырлы тіл». Ы: – Мен өзім жалпы қарсы емеспін (смайлик (күліп тұрған) қолданылған). С.: – Әр қандай бір елде тұғырлы тіл тек біреу ғана болады. Ал қалған тілдер мейлі ол қайсы тіл болсын тек сол елдегі азаматтарға үйренуге қажетті тіл есебінде ғана көрініс табуы керек, ол тілдер әсте тұғырлы бола алмайды. Ал қазақ еліде солай болуға тиіс еді. Бұл жерде екі коммуникантқа белгілі сөз орамы редукцияланып, қысқарып берілген. Бірінші коммуникантқа қарағанда екінші коммуникант өзінің ойын нақтырақ әрі айқын берген. Тақырыптың бастамасы: «Бақыт деген не?» А.: – Мен үшін бакит – Бакиттын мени кеширгени. Тагдырымды озим булдирдим, суйгенимди окпелеттим. Биыл 15 жыл болады. Бакитты ренжиткениме. Б.: сен де қоймайды екенсің. Айттым гой саган. (Көзі айланып тұрған смайлик қолданылған). М.: «Бақыт» деген салыстырмалы ұғым. Баласы жоққа, бала бақыт, ақшасы жоққа, ақша бақыт; ата-анасы жоққа, ата-ана бақыт. Ал егер осының бәрі түгел болса да, көпшілігіне әйтеуір бірнәрсе жетпей жатады. Меніңше бақыт деген 12 мүшең болу.

Тақырыптың бастамасы: «Жаңадан шыққан қазақша майл ру агент». Ж.: Менде қазір сондай тур. Айтатыным бытшыт! Көп сөздерінің мәні жоқ. Маған ұнамайды. Нағыз қазақ тілін білмейтін шала қазақтар жасаған ғой. К.: Жоқ, аудармасы әжептәуір, кейбір қателер бар, әрине, оның бері жағында Windowsтың өзінде адамның күлкісін келтіретін қателер бар, бұл кешірімді. Д.: Бір қызығы, қосылғанда «Қотарылуда» деп тұрады ғой (Смайлик «күліп тұрған») нені қотарып жатыр? (Смайлик күліп тұрған). Түсініксіз.... Ол сөзді Майлагенттен ғана көрдім (Смайлик күліп тұрған). К.: Мен бұл сөзді көрмеппін ғой, қайда тур ол? (Смайлик күліп тұрған) Д.: Қосылып жатқанда тұрады (Смайлик) Қосылғанда күтіп отырсаңыз шығады. Орысша «ожидается» дегеннің аудармасы болу керек (смайлик) К.: аааааааа, қызық екен, менде қосылу деп жүктеледі. Бұл интернет қуатын болды. Ии ........әйтеуір.

Тақырыптың бастамасы: Дiн дегенiмiз не? Асет: Орташа омір суріндер. Дін жолына катты беріліп кеткен адам да кейін окініште калады. Пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с.) Дін Жаратушыны танитын курал, оган апаратын жол. Сондыктан да Жаратушы жалгыз, оган баратын жолдар артурлі. Бір дінге сенетіндердін оздерінін ішінде де бірімен бірі таласып, тіпті кырылысып жататындарынын басты себебі де осында жатыр, аркім оз жолын гана дурыс деп есептейді, баска дін агымындагыларга осыны далелдемекші болады. Мысалы: озініз киіз уйді коз алдынызга елестетінізші, шанырак біреу-ак, ал каншама уык осы шаныракка гана барып кигізіледі. Калай десеніз де, алемдегі барлык дін агымдарынын барлыгы да, бір гана Жаратушыны танитыны, мойындайтыны, табынатыны булжымайтын акикат емес пе?! Діндарлардын басым болігі, дін ілімі оте терен даналык ілімі (философия) екенін тусінбейді, не окыткан кезде оны кабылдауга, игеруге орелері жетпейді. Дін мен даналык ілімі (философия) бір бірінен ажырамайтын егіз угым, егер дін даналык ілімінен ажырап кетсе онда тек адамнын сезімін білдіріп, соны жанкештілікке (фанатизм) айналады, ал даналык ілімі діннен ажырап кетсе бос мылжынга айналып кетеді. Казіргі заманда окінішке орай, дін мен даналык ілімі бір-бірінен ажырап кеткендіктен адамзат баласы азып, курдымга кулап бара жатыр. Имандылыкты Елбасымыз Нурсултан Абiшулы Назарбаевтын колдайтыны да копке улгi болатын жагдай. Мысалы, ол 1995 жылгы казан айында «Ресей» газетiнiн тiлшiсiне берген сухбатында: – Сiз озiнiздi дiншiл, Кудайга сенетiн адаммын деп айта аласыз ба? – деген тiлшi сауалына Нурсултан Абiшулы былай деп жауап бередi: «Маган рухани куш, ягни адамнын iшкi жан дуниесiнiн тазалыгы жане дiни сенiм бiр-бiрiмен тыгыз байланысып, катар журетiн сиякты корiнедi де турады. Адам ауелi рухани жагынан кемелденуге кадам жасайды да, сонан кейiн Кудайды мойындап, Оган жакындай туседi. Мусылман дiнi мен христиан дiнi – Қазақстаннын рухани дуниесiнiн кос канаты. Кай дiннiн болса да омiр суруге кукыгы бар. Ал, адамдарда оларды тандау кукыгы, ождан бостандыгы болуы тиiстi... Кудайга кулшылык ету жас кезде де, егде тартканда да жарасады». Бул онегелi создердiн улкен манi барлыгы айтпаса да тусiнiктi.

Қуаныш (kuanysh@yandex.ru) /10-04-09 20:54/ Ассалаумагалеукум! ҚАЗАҚтар ойларың әр түрлі қиянға жүгіртеді. Біреу біліп, ертеңіне сеніп айтады. Біреу білмегеннен, әр түрлі қашпа ойдан теріп айтады. Баршаның көкейін де шешімі қиындау немесе біреулердің теріс айтқандары әсер етті ме екен, содан мойынұсына алмай жүрген болар деп түсіндім. Мәселен, Тәуелсіздік алғалы иманымызды үйіріп дінге бет қойдық, содан бұрындары ұстанып келе жатқан, оның ішінде: салт-дәстүріміз, наным-сенімдеріміз, ырым-жорылғыларымыз, әдет-ғұрпымызды айыра алалмай жатып, бәрі исламша болмапты деп өшіріп тастай алмаймыз ғой. Ол ұлттың қауіпсіздігіне кері іс әрекет және қате болар еді. Өйткені ҚАЗАҚи іс әрекеттеріміздің ешқайсы сы Құран мен қайшылығы жоқ, бар дегендер ҚАЗАҚ жойылып тек бір ұлт мұсылман ғана болып халифат орнытамыз деген арап халифтерінің арманы. Бұл біз мұсылман емеспіз немесе бір Алла (т) шын екені не күмән тудыру деген емес, оны дұрыс түсіну керек. Алла жар болсын!

Arm@n /10-04-09 14:15/ Asset, "Мысалы: озініз киіз уйді коз алдынызга елестетінізші, шанырак біреу-ак, ал каншама уык осы шаныракка гана барып кигізіледі. Калай десеніз де, алемдегі барлык дін агымдарынын барлыгы да, бір гана Жаратушыны танитыны, мойындайтыны, табынатыны булжымайтын акикат емес пе?!" деп жазған екенсіз. Өкінішке орай қазіргі кездегі жер бетіндегі барлық діндер бір Жаратушыны мойындай бермейді. Бар мәселе осыда болып тұр ғой. Бір тобы адам баласы Исаны құдай деп жарияласа, біреулері отқа, күнге, рухтарға табынып жүр. Тіпті Үндістанда бақа шаян, тышқандарға да табынатын адамдар бар екен. Сонда осылардың бәрі бір Жаратушыға апарады деп айтуға бола ма? Бұлай дей беретін болсақ онсыз да неге сенерін білмей жүрген жастарымызға "әйтеуір бірдеңеге сенсең болды" дегенмен тең ғой. Өзіңіз ойлап көріңізші. "Религия опиум для народа" дегенді ұрандаған коммунистер отызыншы жылдары қазақтардың жартысын қойдай қырып еді ғой..

Марат /09-04-09 11:19/ Религия-опиум для народа дейді ғой Әсет біраз ойларыңмен қосыламын Осы жазғаныңды діни фанатиктер мен өзің айтпақшы бос мылжыңдар оқып қорытынды шығарар деп үміттенемін Текелер (Сақалын өсіріп мұртын қыратын жастарымыз) мен жасына жетпей кемпір болғандар (Пәрәнжә киетін қыздарымыз) ойлансын. «Дiн дегенiмiз не?» деген форум сөйленісті талдауға алайық. Мұнда үш коммуникант өзара пікір алмасқан. Бірінші, екінші, үшінші коммуниканттардың сөйленіс мәтіні арқылы біз олардың әлеуметтік ахуалын, білімін, сауаттылық дәрежесін және жас мөлшерін, жынысын болжай аламыз. Бірінші коммуникант өзінің сауаттылық дәрежесін барынша көрсетуге тырысқан. Коммуникант сөзін басқа коммуниканттарға дәлелдеу мақсатында Ш.Құдайбердіұлының толғауын да өзгеріссіз берген. Осы арқылы коммуниканттың сөзі дәлелді шыққан. Ал үшінші коммуниканттың сөйленісінде орфографиялық қателіктердің жібергенін (бақа шаян – бақа-шаян, ) байқаймыз. Сонымен қатар коммуникант варваризмді де қолданып отырған.

E-mail (Electronic Mail)

Электрондық пошта Интернеттің танымал қызметтерінің бірі. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде коммуниканттар хабарды жеткізе алады. Ол үшін пернетақтадан тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі бір коммуникантқа (адресантқа) жіберу басты мәндет ретінде саналады. Осындай тәсіл арқылы белгілі бір коммуникант өзінің достарымен немесе әріптестерімен қарым-қатынас жасай алады. Электронды поштаның қарапайым поштадан басты артықшылығы – оның ақпаратты жеткізу жылдамдығында. Мысалға дәстүрлі поштаның көмегімен жіберілген хабарламаның белгіленген мекен-жайға жетуі үшін бірнеше күн, кейде тіпті бірнеше апта қажет болса, электронды пошта – қажетті хабарламаны бірнеше минут (кейде тіпті бірнеше секунд) ішінде жеткізеді. Оның басты себебі – электронды поштаны тасымалдау үшін пошта қызметкерінің (почтальон) немесе қандай да бір жүк машинасының қажеті жоқ. Электронды поштаны жеткізу үшін телефон желілері мен спутниктік байланыстар қолданылады. Электронды пошта байлынысы анағұрлым сенімді байланыс құралы болып есептеледі. Әрине компьютерлерде де техникалық ақаулар болып, мәліметтер жоғалып кетуі мүмкін. Бірақ мұндай жайттар практикада сирек кездеседі. Электронды поштаның көмегімен пайдаланушылар көлемі шағын хабарламаларды ғана емес, сонымен қатар мәтіндік құжаттарды, суреттерді, программаларды жіберуіне мүмкіндігі бар. Жіберілген суреттерге немесе белгілі бір хабарламаларға басқа да коммуниканттар араласып, өз пікірлерін білдіре алады. Жалпы электронды поштадағы қарым-қатынас жүйесі ауызекі сөйлеу тілімен өте ұқсас болып келеді. Мұнда сөйлеу тіліне қатысты белгілер молынан ұшырасады. Бірақ ауызша сөйлеуден ерекшеленетін тұсы да жоқ емес. Жалпы интернет – коммуникациядағы жазба және ауызша сөздің (интонация, тон) паралингвистикалық құралдардың (сурет, фотосурет, шрифт, түс, графикалық символдар (смайликтер) және т.б.) жазбаша сипатына қарай бейімделуін көрсетеді. Сондықтан ауызша сөйлеуде қолданылатын паралингвистикалық құралдар мұнда қолданылмайды. Интернетте әріптер, сандар және тыныс белгілер паралингвистикалық амалдарды толық атқарады деп айтуға болады. Интернет тілінде бұлар смайлик немесе эмотикон деп те аталады.

Желі коммуникациясындағы негізгі смайл белгілер

Желі коммуникациясында қолданылатын смайликтердің (латын тілінен алғанда smaile – күлкілі езу; смайликтерді ең алғаш 1982 жылы Скот Фарман деген адам ойлап тапқан) немесе эмотикондардың болуы интернеттің ерекше өзіндік бір жүйе екенін дәлелдей түседі. Смайлик– дәстүрлі жазбадағы пунктуациялық әріптер мен цифрлардан құралған графикалық белгілер. Қазіргі таңда көптеген желі ресурстарында мәтін хабарламаларын сурет-бейнелермен толықтыру кеңінен қолға алынуда. Ал смайликтер белгілі бір эмоцияны суретпен бейнелейтін пиктограмма түрінде танылып жүр. Ауызша коммуникация (қарым-қатынас) эмоционалды тұрғыдан бейтарап (нейтралды) болуы мүмкін емес. Біз әрқашан әйтеуір бір күйде, айтылған нәрсеге әсер білдіреміз. Өзіміздің сол нысанға деген не құбылысқа деген көзқарасымызды, эмоциямызды білдіріп жатамыз. Интернет тілінде смайликтерді қолдану коммуниканттардың ауызша сөйленісін білдіретін көрсеткіш бола алады. Жалпы алғанда қазіргі интернет жүйесіндегі таңбаларды былайша бөліп көрсетуге болады:

Вербалды таңбаларға біз кирил және латын стандартындағы әріптерді жатқыздық. Себебі бұлар желі коммуникациясында жиі қолданылатын графемалар. Ал бейвербалды таңбалар деп желі коммуникациясында экспрессияны және эмоцияны білдіру үшін қолданылатын пиктограммалық белгілерді жатқызамыз.

Қазіргі қазақ интернет жүйесіндегі негізгі смайлдар

Қазақ интернет жүйесінде негізінен мыналар қолданылады:

  1.  :) (қос нүкте және жабық жақшадан тұратын смайлик) – күлкілі езуді білдіреді.
  2.  :( (қос нүкте және ашық жақшадан тұратын смайлик) – қайғыру, мұңдануды білдіреді.
  3.  :-( (қос нүкте, сызықша және жабық жақшадан тұратын смайлик) – ренжу, ызалану сезімін білдіреді;
  4.  ;) (нүктелі үтір мен жабық жақшадан тұратын смайлик) – қу немесе сарказмдық мінезді білдіреді. Кейде ол контекс ыңғайына қарай күлкіні де бейнелейді;
  5.  :-/ (қос нүкте, сызықша және қисық сызық) – мысқылдау немесе сарказм үшін қолданылады;
  6.  ;-) (нүктелі үтір, сызықша және жабық жақшадан тұратын смайлик) – жартылай көңілденуді білдіреді;
  7.  :-# (қос нүкте, сызықша және торша) – айтуға болмайтын құпия нәрсе;
  8.  :-* (қос нүкте, сызықша және жұлдызша) – бетті сүю;
  9.  :'-( (қос нүкте, сызық, сызықша, жабық жақша) – жылау;
  10.  :-/ (қос нүкте, сызықша, қысық сызық) – мырс ету;
  11.  :-│ (қос нүкте, сызықша, түзу сызық) – ерінді қысу;
  12.  :*) (қос нүкте, жұлдызша және жабық жақша) – мұрынның қызаруы;
  13. }:-) (жабық фигуралы жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – қасты жыбырлату;
  14. │):-) (сызық, жабық жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – милиционер;
  15. [:-│ – (жабық тік жақша, қос нүкте, сызықша және сызық) – франкештейн
  16. >:-) (жабық фигуралы жақша, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – панк (жастардың шаш қою формасы);
  17. ~:-) (ирелең, қос нүкте, сызықша және жабық жақша) – панк;
  18. ^ ¬¬¬¬– ^ – жапондық күлкі;
  19. \¬¬–/> – кружка;
  20. ││> – төртбұрышты кружка;
  21. ( )> – дөңгелек кружка.

Бұл белгілер вербалды хабардың мән-мағынасын толықтырумен бірге, қосымша ақпарат береді, жазуды үнемдеу үшін немесе айтуға болмайтын сөз орнына қолданылады. Смайликтердің арнайы қолданылу орны болмайды. Олар мәтіннің ортасында, басында немесе аяғында қойыла береді. Жалпы алғанда смайликтер жазушы коммуниканттың әлеуметтік жайын, жас мөлшерін, мінез-құлқын және эмоциясын (көңіл-күйін) білдіреді. Желілік коммуникативтік ортада мұндай тілдік емес белгілер негізінен субъектінің эмоциясына қатысты қойылады. Интернетте мұндай смайликтерді қолдану интернет тілін одан әрі қызықты қылып әрі хабар алмасуды жетелдететіні сөзсіз. Бір жағынан смайликтер аббревеатуралардың да қызметін атқарып отырады. Жоғарыда біз қазақ интернет желісінде көп пайдаланылатын эмотикондарды көрсеттік. Ал қазақ интернет жүйесінде өте аз кездесетін смайликтер де бар. Олар негізінен әріп, сан қосындыларымен және тыныс белгілерінің қосындысымен берілетін смайликтер:

Әріп қосындысымен берілетін смайлдар

  1.  : І көңіл-күйі жоқ
  2.  :Q темекі тарту
  3. І І ұйықтау
  4.  :-Е тісі көрініп тұрған (вампир)
  5.  :-F сынық тісі бар адам (вампир)
  6.  : О қатты сөйлеу
  7.  :* бетінен сүю
  8.  : D күлу, мәз болу
  9. І 0 есінеу
  10.  :-Х (айтуға болмайды, құпия)
  11.  :-І вампир
  12.  :-* ащы бір нәрсену жеу
  13.  : @ ыңырсу, ұлу
  14. U> кружка
  15.  :-P тілін көрсету
  16. Ж-І сараңдану
  17. (В-І) танкідегі сияқты көзілдірік киіп алу
  18.  :-О таң қалу

Сандардың қосындысымен берілетін смайлдар

  1.  : ı ойлану
  2.  :-7 жиеркену
  3. ]:=8 сиыр
  4. 8-) Көзілдірікпен күлу
  5. >-=>>>>>>8> Көзі дәу балық (Вобла)
  6. >--++++++8> Өлген балық
  7. =)))))8) өлшемдік белгі
  8. ^0=0- Формула-1
  9.  % ) шексіз бақытты болу

Бұл графикалық қосындылар коммуниканттардың мәтінді жазып қатынас жасауындағы жылдамдықты жеделдету үшін, жазбаша тіл мен ауызша тілдің жылдамдығын теңестіру мақсатында қолданылады. Көрсетілген графикалық қосындылар қазақ интернет жүйесінде кеңінен қолданысқа түспегенімен, бұлар әлемдік ғаламторда тұрақталған деп айтуға болады. Интернет тіліндегі көп нүкте, нүкте, үтір немесе көп үтір, қос нүкте тәрізді белгілер спецификалық семантикаға, яғни әртүрлі пунктуациялық белгілер мәтін ішінде белгілі бір мағынаны белдіріп, коммуниканттың ойын одан әрі әсерлі етумен көмектеседі. Интернет коммуникация жанрында әсіресе электронды пошта коммуникацияда бұл тәрізді белгілер барынша мол қолданылады. Мұны біз электронды поштадағы көптеген коммуниканттардың арасындағы мына бір полилог мәтінінен көреміз (бұл жерде Мейрамбек Беспаевтың суретін көре отырып, бірнеше коммуникант өзара пікір алмасады):

  1. А.: Ух ты Гадок, фото супер! Класс....═))

RAHMEEEEEEEEET!!!!!!!!!!!!!!! RAHMEТ, KRASAVITSIA!!!!!!!!!!!!! Д.: Мейрамбек Бесбаев және сен !!!;))) Хорошее фото!!!!!!!!!!! Л.: Super фото !!!!!

Ж.: Мейрамбек аганын али де ауырып жирген кези гой деймин ??? О.: Gajap!!! Д.: Курип кетши аааааа.... – ммммммммм. rahmeт

Л.: +5! Эффектно шыққан. – Nan RAHMEt ozindei karindasi bar Bizder bakittimiz.

C.: Алга жигиттер – Амин Baurim. Ozinde

Ы.: tipa jyldyzdargo С.: Почему типа жулдыздар? Есин дурис емес, шын жулдыздар. гламурно гой

А.: Алга, алга казак жигиттери! С.: Адай Жанай Алга!!! Д.: ее ne Adai lardi bolip otsin jdanda birge jyreik Ж.: ай надандар-ау! НЕ ол ру деген? Ислам дінінде вооообще жок ко! bargo kazir ol joiip bara jatir? nege jok RU atasyn bilmegen nadango келисип турсындар мамбеттер. Хахахаха

Б.: ═).. Рахмет! Ф.: ))))))))))))))) Н.: Рахмет))!!!! Ой друзья гулдер баринен адеми – Болишщоооооооооооооооойййййй рахмет саган! С.: ^ ) О.: Ой кандай керемет!)))) Л.: mashALLAH prosto Super! Т.: Тема

Берілген мысалдарда адресаттың немесе адресанттың интонациясы да байқалады. Проф. З.Базарбаева интонацияның негізгі компоненттеріне әуенді, қарқынды, ұзақтылықты, паузаны, интенсивтілікті және тембрді жатқызады. Бұлар тіл білімінде просодикалық тәсілдер деп те аталады. Сөйлеу кезінде бұл аталған просодикалық компоненттер бір-бірімен тығыз байланыста болып, коммуниканттың мақсатын аңғартып отырады. Интернетте аталған компоненттер шама-шарқынша бейвербалды таңбалар арқылы көрініс береді. Интонацияның маңызды компоненттерінің бірі – сөйлеу кезінде болатын кідіріс. Кідіріс интернет жүйесінде көп нүкте арқылы беріледі. Мысалы, С.: жақсы сурет.......... Мейрамбек аға өзгерип кетипти гой. Тойда бірдене жакпай калды ма??? Хехе))))) – Сол kuni joldan kelgen C.: дурыс, дурыс........... жол деген шаршатады гой. Жалпы сурет керемет. Яғни бұл жерде коммуникант өзінің сөйлеу қарқынын бәсеңдетіп, кідіріс жасағанын көреміз. Интернетте көп нүктенің жиі қойылуы коммуниканттың өте баяу «сөйлеп» отырғанын да білдіреді. Мысалы, калайсын бейби, не айтам.......сол баягидай гой. Конил сол немесе Сол .......... мен жұмыстамын.

Коммуниканттардың әртүрлі көңіл-күйін, эмоциясын білдіретін интонациялық тәсіл – тембр деп аталады. Тембр арқылы қуаныш пен реніш, ашу мен ирония, көңілдену мен мейірлену, сықақ пен мысқыл т.б. беріледі. Интернетте дауыс модулінің көтеріңкі сарында айтылып тұрғандығын бас әріп және жұлдызша атқарады. Мысалы, Салам )* өзің ойланшы – сен туралы жақсы айтуға бола ма, жоқ АЙКА туралы ма*))))))) ӘРИНЕ ЖОҚ- бір нәрсе «ЖАҚСЫ!!!!!!*». сені сағындық)* сүйдім)* . Ал сөздер тек бас әріп таңбасы арқылы берілсе, онда сөйлесушінің эмоциясы көтеріңкі екенін, яғни «жар салғанын» байқауға болады. Мәселен, бүтін сөйлем бас әріптермен берілсе, дауыс тоны көтерілген, бұйырған, сұраған, тінген реңкті байқатады. Мысалы, НЕГІЗІНЕН МЕН БӘРІҢДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ! ЖАСАН АДАМ БОЛСА ДА МЕН ОНЫ ДА ЖАҚСЫ КӨРЕМ! МЕН ОНЫ ТҮСІНЕМ! МАҒАН МАЙКЛ ҰНАЙДЫ! немесе ХАЛАЙЫҚ АЙТЫҢДАРШЫ ОСЫҒАН. ШЫН ЖАУАП...

Егер сөйлем басындағы бас әріптер немесе есім атауы жиі бұрмаланатын болса, онда айқайлау, дауыс көтеріп сөйлеуді білдіргені. АЙ-АЙжан койшы, соган бола бармайсин ба? Ал тізіле қойылған сансыз көп үтірлер, сөйлеудің қарқындылығын, тез сөйлесу ырғағын байқатады. Мысалы, как жаным дела,,,,,,,,,,, менде бари тема гой, даладаги ауа раи әсер ете ме? саган,,,,,,,,,,,,,,. Мұндағы қолданылған тыныс белгілер мәтінге стилистикалық бояу үстеп, адресаттың оңай қабылдауына өз шамасынша септігін тигізеді. Қазіргі қазақ медиа-мәтіннің прагматикасын зерттеп жүрген ғалым Қ.Есенова пунктуациялық белгілер мәтін ішінде өзіндік қызмет атқарады дей отырып былай дейді: «Көп нүктемен келетін тақырыпаттарды құрайтын сөздердің семантикалық айқындығы және көмескілігі жағынан 3-ке бөлінеді. А) сөздер тура мағынасында қолданылып, мақалада көтерілетін мәселе туралы нақты ақпарат береді, мұндай тақырыпаттарды эксплицитті сипаттағы тақырыпаттар деуге болады; ә) баяндалатын мәселе туралы жанама түрде хабарлайтын жартылай ақпараттық сипаттағы тақырыпаттар. Мақалалардың нақты кімдер туралы екіндігі ашық айтылмайды, бірақ қандай адамдар жайында сөз болатыны меңзеледі, яғни бұлар – тип/прототип түріндегі қолданыстар; б) тақырыпаттардың келесі тобын астарлы ойға құрылған, құрамындағы сөздердің семантикасынан мақалада көтерілген мәселе туралы, нақты мәлімет алу мүмкін емес, авто позициясы беймәлім болатын имплицитті сипаттағы тақырыпаттар құрайды» <ref>Медведев А. Диалог// Русский язык. М., 1967. С. 974.</ref>.

Сонымен автор көп нүкте жауабы жоқ немесе белгісіз, яғни шешілуі қиын, көпшіліктің көңілінде жүрген өзекті мәселелер қозғалған мақалалардың тақырыпаттарында қолданылады деп түйіндейді. Ал интернет сөйленісіндегі көп нүктенің қызметі әртүрлі және басқаша болып келеді. Мысалы, мәтін ішінде көп нүктенің өте жиі қойылуы, ол көңіл күйді білдіреді, яғни коммуниканттың солбыр күйін білдіреді. Ендігі бір жерде бұл белгі ойлануды білдіреді. Осы тәрізді леп белгісінің сансыз көп қойылуы – көтеріңкі көңіл күйді, шаттықты, қуанышты, оптимизмді меңзеп тұрады. Жалпы интернеттегі сөйленістерді тематикалық репертуарларға бөлуге болады. Мұндағы репертуарлар күнделікті тұрмыстық мәселелерге және қоғамда болып жатқан әртүрлі өзекті мәселелерге арналады. Ондағы сөйленісті көпшілікке немесе жеке тұлғаға арналып жасалады деп айтуға болмайды. Себебі интернеттегі кез келген веб-сөйленіс бір мезетте көпшілікке тарауы мүмкін.

Сонымен интернет желісі – жазбаша формаға негізделсе де тілдегі интонация құбылысы мұнда әртүрлі тілдік емес элементтер арқылы беріліп отырады. Яғни жабылған жақша немесе жабылған көп жақшаның, көп нүктенің, леп белгісінің сансыз көп қойылуы коммуниканттың дайындаған сөйлеміне жан бітіріп қана қоймай‚ оның қарым-қатынастық қызметін күшейтеді. Олар сөйлемдегі ойды тиянақтайды, пікірді дәл түсінуге көмектеседі әрі тыңдаушының сезіміне әсер етеді. Сөйлеу процесінде адамның көңіл күйінің көтеріңкілігін немесе ренішін интернетте осындай тілдік емес белгілер атқарады.

Коммуниканттардың үнемдеуге деген талпынысы электронды хат сияқты желі қарым-қатынасы жанрында жиі болады. Бұлайша қарым-қатынас жасаудың түрі қағазға жазып қатынас жасаумен салыстырғанда мәтінді сатылап цитаталап жеткізу, хабарласуға бейім тұрады. Ал қағазға жазу арқылы хабарласу бүтін хат мәтінін құрайды. Сол бүтін мәтіннің ішінен еркіне сай цитаталарды қиып алып адресантқа қайта жауап беруіне мүмкіндік туады. Мысалы: «сенің ….. туралы сұрағыңа жауап бере отырып», т.б. Электрондық хатқа жауап бере отырып, еш қиындықсыз тұтынушы қабылданған хаттың ішіндегі барлық репликаны сөзбе сөз сақтауға мүмкіндігі бар. Нәтижесінде электронды хат сұрақ-жауап тізбегіне айналады. Осылайша өзінің бастапқы эпистолярлық жанрын жоғалтып, сипатын бұзып, жазба қарым-қатынасы жанрының мәнін жояды (жоғарыдағы мысалдарды қараңыз). Электрондық хат ең алдымен ақпаратты тұтынушының хабаршысы болып саналады. Егер іскери тұрғыда жазып қатынас жасау кезінде осылайша ақпараттандыру пайдалы болса, яғни іскери сипаттағы хаттарға, яғни баяндауы нақты, қысқа хаттарға пайдалы болса, онда жеке тұлғалар арасындағы қарапайым қарым-қатынас, сөйлесу хаттарында аталмыш құбылыстар өз қасиеттерін жояды, жоғалтады, яғни сұхбаттасушылардың ойлау, сезіну, көңіл бөлісу, уайымдау, ренішіне ортақсату қатынастары жүзеге аспайды. Эпистолярлы дәстүр мен эпистолярлы жанрдың электронды трансформациясы мәселелеріне арналған желілік конференцияның дөңгелек үстеліне қатысушылардың бірі А.Медведев электронды хат жіберуші адресат туралы былай дейді: «адресат дүниетаным тұрғысында ой бөліспейді, олардың сөйлесу деңгейі «сәлем, сау бол, супер-пупер» дәрежесінен аспайды. Ал, тұлғалық қарым-қатынас – бұл құндылықтар жүйесі, сезіну, нәзік ньюанстарды қабылдай алу конгломераты, мәдениетке толы дискурс болмақ» <ref>Медведев А. Диалог// Русский язык. М., 1967. С. 9746</ref>.

Сондай-ақ О.Рогинскийдің пікірімен де келіспей қоюға болмайды. Оның ойынша, электронды хатқа тән байланыс арналарының, бірқатар техникалық өлшемдердің өзгеруі сол арқылы хат жіберудің аса жоғары жылдамдығының өзгеруі мынадай нәтижеге әкеліп тірейді: «нәтижесінде дауыстап жауап бересің (немесе жауап бермейсің), бірақ ол әрбір электронды хатта толық көрсетіле бермейді» <ref>Рогинский О. Устная публичная речь// Русский язык. М., 1994. С.362</ref>. Бастапқы мағынасындағы эпистолярлы жанр мүлде танымастай өзгереді және онда қатынас тудыратын қызмет пайда болады. Хат-хабар жекткізу үлгісіндегі эпистолярлық жанр ретінде қайта жаңғырып, ауызша хабарлау ерекшеліктерін бойына сіңіреді. Осыдан барып, желі кеңістігіндегі жазбаша тілдің дамуына шектеу қойылады. Интернетпен қатынас жасау кезіндегі, яғни желі байланысына қатысушылардың қарым-қатынас кезіндегі орфографиялық ережелерді сақтамаудың айқын көріністеріне тоқталмай кетуге болмайды. Ең алдымен көптеген желіні қолданушылар сөздің дыбыстық құрамын әріппен белгіленуін бұзып қолданады. Яғни сөздің жазылуы «қалай оқылса солай жазу» қағидасына, нақтырақ айтсақ фонетикалық принципке көбірек сүйенеді. Мысалы, Ұмұтып кеттиппин. Кеширши; Дүниөге келген күнин кашан еди?????????????? т.б.

Интернет-қатынасындағы орфография бұрмалануының ең соңғы формасы «албан тілі», яғни «креатифф», «эрративті тіл», «аффтар тілі», «падонкаф тілі», «превед тілі», «неограф тілі», «ОРФО-арт тілі» деп аталып жүр. Және олар желілік сленгтің ерекше түрін, яғни лексика қабатында өзінің «екінші рет өмірін» тапқан ерекшелікті танытады. Пайдаланылған әрбір сөз бен сөйленістер эрратив деп танылады (лат тілінін алғанда errare – қателесу, яғни әдеби тіл нормасымен сөйлейтін адамдар тіліндегі әдейі бұрмалану, қате сөйлеуге шалдыққан сөздер мен сөйленімдер). Тілдегі барлық эрративтерді бірінші және екінші деңгейдегі эрративтер деп бөлуге болады. Бірінші деңгейдегі эрративтерге ауызша сөйлеу формасын қалыптастыра отырып, жазба норманы бұрмалау жатады. Екінші деңгейдегі эрративтер бірінші эрративте қолданылатын сөз, сөйленімдердің гипербұрмаланған, қиын айтылатын түрін ұсынады. Мысалы, «кросавчег» нормаланған «красавчик» үлгісіне мүлдем сай келе алмайды. Осыдан барып, «красафчек» деген эрратив пайда болады. Осындай эрративтер өз ішінде одан әрі әркімнің айтылу ыңғайына қарай бұрмалана берсе, яғни жалпыазамзатқа, білімді, сауаты бар тұлғаларға мүлде түсініксіз сөйленіс түрі қалыптасса, ондай жазу түрін «падонки» деп атайды, бұл жазба түрі «креатиффтер» қатарына енеді. «Креатиффтерді» жиі қолдану тек екі интернет желі байланысындағы сөйлесуші арасында ғана емес, бүкіл байланыс кеңістігіне де тарап, «падонковтық субмәдениет» қалыптастыруы ықтимал. Электронды коммуникация қатынасының тағы бір ерекше белгісі – компьютерлік сленгтердің барынша көп болуы. Сондай-ақ компьютер желідегі жазбаша тілдің мөлшерін қарауға мүмкіндік бермейді, себебі, жазбаша тіл компьютерлік заңға сәйкес қатаң нормаланған, реттелген жүйеге салынып отырады. Сөйтіп ауызша тілден ерекшеленеді. Қазіргі таңда Интернеттегі сленгке арналған түрлі сөздіктер бар. Дегенмен, шынайы өмірде компьютерлік сленг пен қарапайым қатынас арасындағы айырмашылықты табу қиын болып отыр. Себебі Интернетпен байланысу адам өміріне әбден сіңіп кеткен. Сондықтан жастар интернетпен сөйлескенде ондай сленгтік тілсіз сөйлесу нормасын тіпті көз адына елестеде де алмайды. Интернеттік тіл сленгтік тіл деген түсінік терең қалыптасып кеткен. Сленгтен тыс интернет сөйлесуінде тіпті анайы, дөрекі (боқауыз) сөздер мен анайы афоризмдер де жиі қолданылады. Экспериментальді анткеталық зерттеу жүргізгенде интернет байланысында отыратындардың 22 пайызы мүлде мұндай анайы сөздерді қолданбайды екен, ал 24 пайызы үнемі сондай сөздерді келтіріп отырады, бірақ тура формасында емес, кейбір әріптерін басқа символдық белгілермен өзгертіп, сөз мағысын беруге тырысады екен. Оның себебі, интернет тілі жазба тіл болғанмен, ол ауызша сөйлесудің қызметін атқарып отыр. Егер сол екі сөйлеуші адамдар ауызша сөйлескенде дәл сол дөрекі тіркестерді толық қалпында қолданар еді. Сондықтан адамның өзіндік сөйлеу этикетінде, өзіндік сөздік қорында, сөйлесу мәдениетінде қалыптасқан бұндай қасиеттерді бірден қалыпқа келтіру мүмкін емес. Интернет байланысында отыратын респонденттердің 63 пайызы дөрекі тілде сөйлесуді «сәнді», «қажетті», «онсыз сені интернет желісінде ешкім түсіне бермейді» деп санайды. Электронды желі арқылы таралатын коммуникация жазбаша формаларға негізделетіндіктен жазба тілдің гипермәтіні техникаға байланысты түрлі өзгерістерге ұшырап, сөйлеу тіліне тән тілдік бірліктер жиі қолданылады. Яғни жазба тіл синтезделеді. Эмоция, сөйлемнің қысқартылып берілуі тәрізді бірліктер желі ішінде әртүрлі беріледі. Жеке сөздің редукцияға түсіп қолданылуы және сөз ішіндегі екі коммуникантқа белгілі сөз орамдары қысқартылып, ықшамдалып жұмсалады. Бұл жағынан алатын болсақ, интернет тілі ауызша тілмен өзара сабақтас екенін көреміз. Мысалы, мен барамын, сен барасын ба?; Ин-еттен окыдын ба?; компь-пен жұмыс істеп отырғанда....... Көрсетілген бірінші мысалда екі коммуникантқа белгілі сөз орамы қысқартылып берілген. Ал екінші және үшінші мысалда жеке сөз айтылымының басқы және соңғы буындары мен тек қана басқы буыны ғана алынған. Е.И.Галяшинаның «Проблемы дифференциации спонтанной и подготовленной речи» деген мақаласында дайындықпен және дайындықсыз сөйлеудің ерекшелігін, оның лингвистикалық белгілерін жүйелі түрде көрсетеді <ref>Галяшина Е.И. Проблемы дифференциации спонтанной и подготовленной речи</ref>. Ғалым көрсеткен бұл белгілер, яғни ерекшеліктер веб-коммуникация жүйесінде де кездеседі. Ол ерекшеліктер негізінен субьектінің психофизиологиясы, адресаттың темпераменті, таңдалған объектіні түсіну немесе қабылдау деңгейі. Аталып көрсетілген ерекшеліктер веб-коммуниканттың тіліне ықпал етуі тек қана лексика-грамматикалық немесе мәтіндік лингвистикалық деңгейде ғана емес, сонымен қатар фонетика-графикалық деңгейде де көрініс береді. Яғни желі коммуникация ішіндегі диалоктік және полилогтік мәтіндерде бірнеше рет орфографиялық және пунктуациялық қателер, қарапайым сөйлеу тілі элементтері, белгілі бір стилистикалық норманың бұзылуы, сөйлемдердің қысқаруы, сөздердің орын тәртібінің алмасуы, жеке сөйленістердің ассоциативтік тізбектелуі, дауысты дыбыстардың редукциялануы мол кездеседі.

Сонымен интернетте ситуациялық келісім, ойды толықтыру, сөйлеу тиянақсыздығы, сөйлемнің аяқталмауы сияқты мәселелер интернет кеңістігінде әрдайым болып отыратын құбылыс екен. Ал Интернеттегі коммуникативтік орта (ресми емес сайттарда) көбінесе спонтандығымен, бірреттілігімен және жекелігімен ерекшеленеді. Желі коммуникациясының «жазба-ауызша» жанрында көптеген тілдік қайталаулар болады. Әсіресе сөйлеу тілінің және кітаби тілдің элементтері молынан ұшырасады. Веб-коммуникацияда сөйленістер әртүрлі субъектілерге арналуы мүмкін. Сөйленістер тікелей немесе жанама, дайындалған немесе дайындықсыз, ресми немесе бейресми түрде болады. Веб-коммуникация кезінде ақпарат жанама немесе кешіктірілген болса да оны қабылдау әсері бірмезгілде болады, яғни оны адресанттың елестету арқылы сақтайды. Ауызша әдеби тіл түрлерінің адресаттың жеке, ұжымдық немесе бұқаралық сипаты арақатыстылығының принципі Интернетте біршама өзгеріске түседі. Мұнда ауызша сөйлеу (жеке адресат), ауызша ғылыми (ұжымдық адресат), ауызша бұқаралық сөйлеу тілі жеке субъектіге немесе ұжымдық адресатқа бағытталып отырады. Интернет тілінде ауызекі сөйлеудегі тәрізді сөз бұрын дайындалмаған, табан астында суырып салғандай берілгендіктен сөйлеу тілінің басты элементтері болып табылатын жаргондар, диалектизмдер, варваризмдер электронды поштада жиі ұшырасады. Жоғарыдағы полилог мәтінінде типа, мамбет (артта қалған адам), гламурно (сәнді) тәрізді жаргон сөздер жиі қолданылады. Сонымен бірге интернет тіліндегі объекті атауларында варваризмдер, әсіресе, шоу-бизнес, жарнама, тауар және қызмет көрсету салаларында көптеп кездеседі. Мысалы, Ислам дінінде вооообще жок ко!; Ол супермен ғой!. Гламурно все таки, ия. Мен саган звооондаган едим жоксин гой. Конешно мен ренжимин саган. Ойланшы осыган. Дурыстап. Электронды пошта коммуникациясы көбіне диалогтық репликаға құрылып, қысқа, тұжырымды, еркін түрде беріледі және бұл коммуникация дайындықсыз түрде болады. Мысалы: Бүгін боласың ба? Болам. Колбағымды акелдін бе? Ұмытыппын………… кешірші ааааааааааа……….. Хитрюга Жалпы алганда мен ондай емеспин, жалпы озимди ондай емес деп санаймын Бұл жердеге екі коммуникантқа белгілі сөз орамы редукцияланып, қысқарып берілген. Сөз субъектісінің жұмыста болатыны мәтінде көрсетілмесе де, екі коммуникантқа да белгілі болып отыр. Сондай-ақ осы мәтінде қолданылған боламын сөзі де ықшамдалып, болам түрінде берілген. Бұл сөйлеу тілінің ерекшелігі болып табылады. Жалпы сөйлеу тілінде боп (болып), кеп (келіп), бересашы (бересалшы), кеші (келші) тәрізді дыбыстық құрамы жағынан қысқарған бірліктер жиі қолданылады. Интернет тілінде де дәл осындай ерекшеліктер кездеседі. Мұндай сөздердің толық нұсқасы емес ықшамдалған нұсқасының қолданылуы интернет тілінде пәлендей нормадан ауытқу деп есептелмейді. Негізінен бұл интернет тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Интернет тілі сөйлеу тіліне жақын болғандықтан онда әртүрлі тілдік құбылыстар кездеседі. Мысалы, бір буындағы дыбыстардың басқа буынға алмасуын білдіретін метатезаның алшақ түрі гипертеза көп кездеседі. Қазақ тіліндегі қолғап сөзі ауызша тілдегідей қолбақ түрінде жазылған тұстарды байқауға болады. Сонымен бірге сөздердің морфологиялық құрылымы экспрессивтік тілдік бірліктер арқылы жасалғандығын да көреміз: хитрюга. Жоғарыдағы диалогтік мәтінде плеоназмның да орын алғанын байқаймыз. Интернет тілінде әдеби тіл үлгісіне тән ерекшеліктердің дұрыс қолданылмауы, сыпайылық білдіру мақсатында өз сөзінде күнделікті айтылмайтын сөздерді әдейі қолдану жиі кездеседі. Сонымен Интернеттегі қарым-қатынас әрекеті реалды уақытта жүзеге асады. Бірақ сөйленіс жазбаша формада болатындықтан веб-коммуникацияның веб-адресантын біз «жазбаша-сөйлесуші» деп атауымызға әбден болады деп қорытынды жасағымыз келеді.

Интернеттегі графика мәселесі

Интернеттегі графика дәстүрлі түрдегіден айрықша болады. Вербалды графикалық веб-құрылымда латын және кирил әріптері қатар қолданылатын тұстары мол. Вербалды таңбалардан басқа интернетте акценттік, интонациялық, маркерлі навигациялар (әріп астын сызу, гиперсылкалар т.б.) жиі қолданылады. Мысалы, КЕШІКПЕ!!!!!!!!!! т.б. Интернетте латын және кирил әріптерінің қатар көрінуі бірнеше сатылардан тұрады.

Бірінші – қазақ сөздері латын әліпбиімен безендірілуі: Senimen soilespegeli min jil boldi goi.

Екінші – қазақ мәтінін беру үшін латын және кирил әріптерін қатар қолдану. Бұған басқа тілдердегі фрагмент мәтіндерді және латын транслитерациясы арқылы берілетін қазақ мәтіндерін жатқызуға болады. Мысалы, кирил және латын фрагменттері арқылы жасалған мынадай сөздер жиі қолданылады: SOOган бердің бе? Неге? ОйлаN? т.б.

Үшінші – кирил әліпбиімен безендірілуі, яғни қазақтың төл әріптерінің орнына орыс тіліндегі әріптерді қойып қолдану: Сен кимге барасын, олай истедин, мен магазинге сагат уште шыгам. Сен ше? Қазақ тіліндегі і, ғ, ү тәрізді төл графемалар түрленіп, орыс графикасындағы бар таңбалармен алмастырылған (і → и, ғ → г, ү → у).

Төртінші – қазақ тілі нормаларына сай өрнектелуі. Бұған арнайы тіркелген файлдарды жатқызуға болады. Интернетте әсіресе жарнама мәтіндерде, компьютер ойындарына берілетін нұсқаулықтарда, музыкалық каталогторда, яғни МР3-де латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі қызмет етеді. Фирмалардың, бағдарламалардың аттары латын графикасымен безендіріледі. Желідегі мәтіндері көптеген графикалық, орфографиялық қателердің болуы негізінен олардың спонтанды түрде жүзеге асатындығынан деп түсіндіріледі. Бұл бір жағынан алғанда, ал егер екінші қырынан алатын болсақ, қазақ әріптерінің веб-коммуникацияда үнемі дұрыс қолданылмайтындығын айтуға болады. Яғни интернетте қазақ әріптері орыс графикасында бар таңбалармен немесе қазақ сөзі латын графикасымен жазылады. Ал қазақтың қ, ғ, ң, ә, і, ү, ұ тәрізді төл графемалары кейде тіпті қолданылмай жататын тұстары бар. Бұлай қолдану жүйесі әрине қазақ тілінің айтылым жүйесіне, жазылым принциптеріне қайшы келетіндігі белгілі. Бірақ интернет-коммуникант мұны қалыпты норма ретінде санайды.

Дереккөздер

<references/>