Қазақ жерінің зиялы азаматтары (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ жерінің зиялы азаматтары – жинақ. Алматы қаласындағы «Дәуір» баспасынан 1999 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген; көлемі 19,2 баспа табақ. Құрастырушы – Ж.Ә.Уралбаев. «Ғұмырнамалық жинақтар» топтамасы бойынша шығарылған 1-кітабы қазақтың біртуар ұлы, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған.

Жинаққа Қазақстанның 2-дүниежүзілік соғысы мен еңбек ардагерлері, көрнекті мемлекет пен қоғам, білім мен ғылым және мәдениет қайраткерлері, тағы басқалары туралы деректі ғұмырнамалық мақалалар топтастырылған. Осы жинақтағы Халықаралық Қаныш Сәтбаев қорының президенті, ақын Қ.Салықовтың «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев» атты көлемді мақаласында ғалымның өмірі мен еңбек жолы, бағалануы мен насихатталуы, оны ұлықтауда атқарылған іс-шаралар кеңінен баяндалған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ жерінің зиялы азаматтары (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}