Қазақ еңбекшілеріне жерді қайтарып беру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ еңбекшілеріне жерді қайтарып беру» РК(б)П ОК-нің 1920 ж. 29 маусымдағы «Коммунистік партияның Түркістандағы міндеттері туралы» каулысы негізіңде кабылданған Қазақ АКСР Халкомкеңінің 1921 жылғы 2 ақпандағы декреті. Осы құжат бойынша помещиктер мен капиталистердің, кулактардың нормадан тыс жерлері мен учаскелері қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді. Осы жылдың 19 сәуірінде Орал (Жайық ө-нің солт. жағасы) мен Сібір (Ертіс ө-нің 10 шақырымдық бөлігі) казак-орыс әскерлерінің жеке меншіктеріне айналған жерлерді қазақ еңбекшілеріне беру туралы жаңа декрет жарияланды. Барлық еңбекші шаруалар мен казак-орыстар шаруашылыктары өздері тұрған жерлеріңде белгіленген норма шегінде жер иелеңді. Қазақ еңбекшілеріне жерді қайтарып беру екі кезенде - 1921 жылдың көктемі мен жазында және 1922 ж. жүзеге асырылды. Оны ауыл-село түрғыңдары шаруалар қауымы қолдады. Қалалардан уөкілдер, үгітаіілер жіберіліп, жерге орналастыруға байланысты комиссиялар құрыдды. Жерді қайтарып беруге байланысты Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында (ол кезде Түркістан АКСР-не кіретін) үкімет басшылығымен Қосшы одағы пайда болды. БК(б)П ОК мен БОАК жергілікті жерлердегі аграрлық реформа барысына бақылау жасап отырды. Мыңдаған қазақ кедейлері мен жалшылары, сондай-ақ қоныс аударылған село, станиңа кедейлері жер телімдерін алып, ежелгі жайылымдар мен шабындықтарды пайдаланды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ еңбекшілеріне жерді қайтарып беру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}