Қазақ ертегілері (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ ертегілері», Мұхтар Әуезовтің Е. Ысмайыловпен бірге жазған мақаласы. Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институты әзірлеген «Қазақ ертегілері» жинағының 1-томына жазылған алғы сөз. Кітап Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1957 ж. шыққан (7-36-беттер). Әуезов бұрынғы ойларын дамыта отырып, ертегілердің туу тарихына шолу жасаған, зерттелуі, жиналуы, түрлері, көркемдік қасиеттері жайында жан-жақты талдау жүргізген. Ертегілердің турлерін зерттеген белімде көптеген халықтардың туыстық, тілдік жақындықтары, шаруашылығында, тұрмысында ұқсастықтар болғандықтан ертектері де болған ұқсас дейді. Тіпті қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен халықтарының көптеген ертегілерінің ортақ екенін көрсеткен. Орыс ғалымдарының ертек жанрын зерттеу, жүйелеу жолдарын қарастыра келе қазақ ертегілерін баспаға дайындаумен байланысты оның өзін терт салаға беледі:

1) қиял-ғажайып ертегілер,
2) сыншыл ертегі,
3) кұлық-күлкі ертегі,
4) өтірік ертегілер.

Алайда қазақ әдебиеті тарихының 1-томын жазумен байланысты ертегілеріміздің ерекшелігі кеңірек тексерілді, оны жіктеуді негізінен үшке беледі:

1) қиял-ғажайып ертегі,
2) хайуанаттар жайындағы ертегі,
3) сыншыл ертегілер.

Сыншыл ертегілерді салт-ертегілер, күлдіргі ертегілер, аңыз ертегілер деп үш түрге бөлген. Қиял-ғажайып ертегілерін қазақтың өз тума ертегілері және «әлденеше елдерді аралап кеткен келген ертегілер» деп жіктейді. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің бірінде хайуан мінез-құлықтарын дел хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысал есебінде қолданған екінші бір түрі - хайуанды анық хайуан етіп суреттейді деп, екі түрге бөлген. Мақалада осы түрлердің барлығының өзіндік ерекшеліктері анықталып, тақырыптық, идеялық қырлары мұқият талданған. Шыншылертегілержайында да мәліметтер берген. Шыншыл ертегіге халық езінің дүниетануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй-тұрмысындағы бас тірліктері - барлық мұң-мүддесін, тартыс, талабын жайып түйген. Бұл салалы ертегілер құр ертегі ғана емес, ауызша айтылған шебер көркем шығарма боп, халық романы, халық әңгімесі, новелласы болып та кетеді дейді. Шыншыл ертегілерді жеке түр етіп алуға психологиялық-әлеуметтік талаптар тұрғысынан келген. Мақаланың соңында ертектің халық мұрасы ретіндегі құндылығы жайында таратып айтқан.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ ертегілері (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}