Қазақ газ өңдеу зауыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақ газ өңдеу зауыты» - 1973 жылы Жаңаөзен қаласында ашылды. Зауыт газды төменгі температуралық конденсациялық әдіспен өңдеп, сұйық көміртекті шикізаттар шығарады. Ол жылына 3400 млн. м3 газды өңдейді. Кейінгі жылдары Өзен, Жетібай мұнай өндіру басқармаларынан және Маңғыстау газ өндіру басқармаларынан келген газдарды өңдеп, онан 2,0 млрд. м3 сұйық көміртекті шикізаттар өңдейтін технологиялық қуаттар жұмыс істейді. Осымен қатар зауытта жыл сайын 606 мың т фракцияланған сұйық көміртектері дайындалып, онан этан, пропан, суытылған газ, газдан жасалған бензин және тазартылған құрғақ газ өнімдері өндіріледі. Пропан, этан фракцияларын Ақтаудағы пластмасса зауыты шикізат ретінде қолданып, этаннан төзімді полстирол материалдарын дайындайды. Этан Жаңаөзендегі зауыттан Ақтаудағы пластмасса зауытына дейін құбыр арқылы тасымалданады. 1991 жылдан Қазақ газ өңдеу зауыты көмірсутегілі пропеллент шығарады, ал кейбір өнім түрлерін шет елдерге сатады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; </ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> <ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақ газ өңдеу зауыты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}