Қазақ батырлар тізімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ батырлары
Суреті Есімі Өмір сурген кезенні Қосымша мәлімет
150px Қанжығалы Бөгенбай 1680 - 1778 жылдар Ол әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресті аса көрнекті ұйымдастырушы. 1710 жылы жоңғар шапқыншылығына қалай төтеп беру мәселелерін талқылаған Қарақұм маңында жиын болды. Сондай-ақ, Қытай мен қазақ елдерінің бейбіт қарым-қатынасын орнатуына зор үлес қоса білген.
150px Қабанбай батыр 1692 - 1770 жылдар Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте аянбай шайқасып, ерен ерлік көрсете білген қазақтың атақты қолбасшы батыры. Қабанбай батыр жоңғарлармен болған шайқастарда 1724 жылы Түркістанды қорғауға, 1725 жылы Алакөл, 1729-1730 жылдары Аңырақай, Бұланты түбіндегі ұрыстарда қазақ жасақтарын басқарған. Осындай ірі шайқастарда Қабанбай өзін тамаша тапқыр, асқан айлакер ретінде көрсете жүріп, қазақ жасақтарын ұрысқа бастап, жеңіске жетеді. Осыған орай, Абылай хан Қабанбай батырды елден ерекше «Дарабоз» деп ардақ тұтқан.
150px Наурызбай батыр 1706 - 1781 жылдар Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы ұлы қолбасшы. Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында белгілі қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте жеңіп, батыр атанған.
150px Райымбек батыр 1705 - 1785 жылдар Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте отыз жылдан астам уақыт қанды қырғын арасында жаумен жағаласып, ел қорғаған тарихи тұлғалардың бірі. Райымбек батыр Торайғыр мен Сөгеті тауының аралығындағы Көкпекті жазығында болған «Ойрантөбе» шайқасында асқан ерліктің үлгісін көрсете білген. Райымбек батырдың бұдан кейінгі үлкен жорығы Орта Жүз еліне көмекке баруы еді. Осы жорық барысында оның қолы жоңғарлардан Сарытау және Үйгентасты азат етуге атсалысып, Іле өзенін бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады.
Қарасай батыр 1589 - 1671 Кейбір деректерге қарағанда, ол жыл бойы ат үстінен түспей, екі жүздей ұрыстарға қатысып, қырық тоғыз ірі шайқастарды басқарған және он тоғыз рет жекпе-жек шайқаста жеңіске жеткен қолбасшы. Іле Алатауының маңындағы бір шайқаста «Қарасай» деп ұрандаған қазақ жасақтары жауды ойсырата жеңді. Суықтөбе шоқысына Қарасай елінің туы – бөрілі байрақ тігіледі. Бұл жеңістен соң Қарасай бүкіл шапырашты елінің ұранына айналды.

Үлгі:Бастама