Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Карта КАССР.png
Қазақ АКСР-ның 1925-1929 жылдардағы шекарасының өзгеруі.
Сурет:ҚАКСР.jpeg
1932 жылдағы Қазақ АКСР-і

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (Үлгі:Lang-kz, Үлгі:Lang-kz) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.Үлгі:Sfn.

Шекарасы

1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.

Ауданы және Халқы

Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың  адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың  адам болды.

Қазревком мүшелері

  • С.Меңдешев (1882-1937)

Үлгі:Main

    • 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
    • 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
    • 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
  • Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)

Үлгі:Main

    • 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
    • 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
    • 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
    • 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
  • А.Байтұрсынұлы(1873-1937)

Үлгі:Main

    • "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;
    • 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Дереккөздер

<references/>