Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарысоғыс құралдары мен киім-кешектері. Көшпелілік өмір салтын 20 ғасырдың басына дейін сақтап келген қазақтарда қару-жарақтың өзіндік этникалық сипаты қалыптасты. Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары ат үстінде соғыс жүргізуге сәйкестендіріліп жасалған, олар шұғыл қимылға ыңғайлы, жеңілдігімен ерекшеленді. Ол қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әскери өнері негізінде қалыптасты және тарихи себептерден көрші халықтардың ықпалымен жетілдіріліп отырды. Қару-жарақтар екі үлкен топқа бөлінген: 1) шабуыл құралдары – қару; 2) қорғаныс жабдықтары – жарақ. Шабуыл қаруларына ер қаруы саналатын бес қару жатады (қ. Бес қару). Оған қоса қосалқы қарулар: қанжар, пышақ, селебе кіреді. Қорғаныс жарақтарына денеге киіліп кеудені қорғайтын сауыттар, шарайна, дулыға, қол-аяқты қорғайтын қосымша жарақтар (жеңсе, балтырлық, т.б.) жатады.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}