Қазақтардың 1812 жылғы бүкілресейлік отан соғысына қатысуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

XIX ғасырдың бас кезіне қарай шекара шебіне таяу аймақтардағы қазақ және орыс халықтарының арасында достық қатынастар қалыптаса бастады. Бұрынғы өзара атыс-шабыс бәсең тартты. Шекаралық аймақтардағы жәрмеңкелерде сауда-саттық қыза түсті. Қарапайым қазақтар мен орыстардың арасында бір-бірімен тамыр болу кеңінен етек алды. Сонымен қатар жайылымдық жерлердің көлемі елеулі түрде тарыла түсті. Мүның өзі мал өсіретін дәстүрлі шаруашылық жүйесін бірте-бірте бұза берді. Кіші жүз қазақтарының материалдық жағдайы әлдеқайда нашарлай түсті. Шекара шебіне таяу қазақтар ашаршылыққа ұшырады. Қазақтар шекара шебінің ішкі жағына қарай өтуге мәжбүр болды. Кейінірек онда қоныс аударған қазақтардың көпшілігі Ресейдің 1812 жылғы Отан соғысына белсене қатысты. Олар орыс армиясы жағында француздарға қарсы күресті.

Соғыстың басталуы

1812 жылы маусым айында Француз императоры Наполеон армиясының орыс шекарасын бұзып кіруімен орыс-француз соғысы басталды. Бұл соғысқа орыстардан басқа Ресей империясын мекендеген украин, беларусь, татар, кавказ халықтарының өкілдері, т.б. қатысты. Соның ішінде қазақтар орыс емес ұлттардан құралған әскери құрамаларға енгізіліп, башқұрт, қалмақ және басқа халықтар өкілдерімен бірге Наполеонға қарсы соғысқа қатысқан. 1812 жылы қазан – қараша айларында ауылдарда армия үшін азық-түлік, көлік, соғыс қажеттерін жинау басталды. Жүздеген қазақ жігіттері халық жасақтары мен тұрақты әскери бөлімдер қатарына тіркелуге ерік білдірді. Соғыс қарсаңында Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бір бөлігі – Орынбор губерниясында 40 атты әскер полкі құрылды. Оның ішінде 28 башқұрт, 5 орынборлық, 2-тептяр полкі, т.б. бар еді. Қазақтар сан жағынан Орынбор полктерінде, әсіресе, Орал казактарының әскери топтарында көп болды. Өскемен, Оба және Крутоберезов болыстарында бірнеше әскери бөлімдер ұйымдастырылды. Қазақ жігіттері орыс әскерлері сапында соғыстың әуелгі кезінен бастап шет ел жорықтарына дейін қатысты. Соғыс қарсаңында олар Ертіс әскери шебінде, Бұқтырмадан Омбы бекіністеріне дейін орналасты. Ертіс шебінің полктері 1812 жылғы қыркүйек айында Бородино түбіндегі қанды шайқасқа қатысты. Бұл орыс әскерлерінің орталық шебіне француздар тарапынан төнген қауіпті жойды. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қазақ жауынгері Майлыбаев күміс медальмен, 1-тептяр полкінің старшыны Қарынбай Зиндәуітов (Шындәулетов) көгілдір ленталы медальмен марапатталған. 1812 жылғы соғыстың басты оқиғаларында белсене қатысқан қазақтардың арасында шоқынған қазақ Яков Беляков та болды. Орынбор қазақ полкінің жасауылы Яков Беляков одан бұрындары түріктерге қарсы соғысқа да қатысқан болатын. Ол ерлігі үшін орыс қолбасшысы М.И. Кутузовтың қолынан награда да алды. 1812 жылғы 27 шілде күні Малаево Болото және Левия деревнялары түбінде болған ұрыстарда қатардағы жауынгер қазақтар Мұрат Құлшоранов, Еріш Азаматов айрықша көзге түсті, оларға хорунжий атағы берілді. Рамоново деген жерде болған шайқаста атты әскер жауынгер Боранбай Шуашбаев, жасауыл Ықсан Әубәкіров ерлікпен шайқасты. Вязьма түбінде болған ұрыста ерлік көрсеткен 1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы 3-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Неміс ақпарат құралдары одақтастар мен Наполеон әскерлерінің арасында 1813 жылы күзде болған Лейпциг шайқасында аталған қаланың Гримма қақпасы мен Пробстхайд дер. аралығында Ресейдің азиялық бодандарынан жасақталған полктің шайқасқаны және оны жоғарыда аталған Яков Беляков деген қазақтың (“қырғыз”) басқарғанын жазған. Беляковтың 3-Орынбор қазақ полкі 1813 жылдың басында Беннигсеннің, Польшаәскерінің алдыңғы шебінде болды, кейін Сеславиннің партизан корпусы құрамында қимыл жасады. Лейпциг, Веймар, Ганау,Мезьере, Ла Ротьере түбіндегі ұрыстарға қатысты. Лейпциг және Глогау қалаларына жасалған шабуылға қатысып, ерлік көрсеткен башқұрт полкі құрамындағы Орынбай Жанжігітов Георгий кресінің толық иегері атанса, ақын қазақ Аман Байбатыров күміс медальмен марапатталды. Кейін бұл жауынгерлер генерал Л.Л.Беннигсеннің бұйрығы бойынша Эрфурт қаласына қарай шегінген француз әскерлері бөлімдерін талқандауға жіберілген орыс әскери бөлімдеріне қосылды. Олар башқұрт полкі құрамында атаман Пловтың казак әскеріне қосылып, Веймар, Ганау және Майндағы Франкфурт қалалары түбінде болған ұрыстарда ерлікпен шайқасты. Қазақтар осы башқұрт полкі құрамында Кобленц, Мангейм, Нанси, Сен-Диезье елді мекендері үшін ұрыстарға белсене қатысып, 1814 жылғы наурыздың 14-і күні император І Александрдың бұйрығымен құрметті жеңімпаздар ретінде Парижге кірген әскери күштер арасында қазақ жігіттері Амен Байбатыров пен Орынбай Жанжігітов те бар еді. Қазақстан Республикасының Орталық архивінде Мұхамет Әбдірахманов деген ақмолалық қазақтың 1814 жылы “Парижді алғаны үшін” медалімен марапатталғаны жайлы құжат бар. Башқұрт-қазақ әскери бөлімшелері құрамында Наполеон басқыншылығына қарсы негізгі шайқастарға қатысқан қазақтар Ресей мемлекетінің жеңісіне үлкен үлес қосты.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарындағы ашаршылық

XIX ғасырдың бас кезінде Кіші жүздің Ресеймен шекараласаудандарында күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасты. Жайықтың далалық жақ бетінде құрғақшылық салдарынан шөптің шығымы нашар болып, мал қырыла бастады.

Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарында түратын қазақтар жайылым тапшылығын қатты тартты. Оның үстіне, Жайық казактары мен башқұрттар қазақ ауылдарына шабуыл жасауын үсті-үстіне үдете түсті. Міне, мүның бәрі қазақтарды ашаршылыққа үшыратты. Ашаршылықтың орасан зор күшті болғаны сонша, қазақтар балаларын ажал аузынан аман алып қалу үшін оларды амалсыздан сатуға мәжбүр болды. Балаларды Хиуа көпестері, Жайық және Орынбор казактары, орыс шаруалары мен көпестері көптеп сатып алды. Қазақ балаларын христиан қауымдарының сатып алған жағайлары да кездесті. Орта Азияның құл базарларына қазақ балалары толып кетті.

Қазақтарды Жайықтың ішкі жағына жіберу туралы 1808 жылғы жарлық

Қайыршыланған қазақтардың Жайық және Орынбор шекара шебіне шоғырлана топтасуы, олардың өз балаларын сатуға дейін мәжбүр болуы Орынбор басшылығын шошындырмай қала алмады. Міне, мүндай жағдайда патша үкіметі бұрын-соңды болып көрмеген теңдесі жоқ қадам жасауға барды. 1808 жылғы 23 мамырда Орынбордың әскери губернаторы князь Г.С. Волконскийдің атына жолданған жарлық шығарды. Ол жарлық «Орынбор шекара шебіне гпаяу көшіп-қонып журген қырғыздарды (қазақтарды) ішкі жаққа жіберу туралы» деп аталды. Жарлық бойынша қазақтарды Жайықтың оң жақ ішкі бетіне мынадай шартпен жіберу көзделді: қазақтар ішкі жаққа өткен соң тек қана башқүрттардың, яғни мұсылмандардың арасына жайғасуы тиіс.

Ішкі жаққа өткен әрбір қазаққа жер телімдері беріледі және оны он жыл бойы «алым-салықтан, басқадай қызмет түрлері үшін төлемдерден» жеңілдікпен пайдалануына рұқсат етіледі. Ішкі жаққа қоныс аударушылар аң аулауға ғана жарайтын садақ пен жебеден өзге ешқандай қару-жарақ түрлерін алып өтпейтін болуы керек. Бұл жарлықтың шығуы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуін үдетіп жіберді. 1820 жылы шекара шебінің ішкі жағына өткен қазақтардың жалпы саны 20 мың адамға жуықтады. Ол қазақтардың басым көпшілігі башқұрт кантондарында (әкімшілік-аумақтык бөлініс) тұрды.

Тіпті «Байсақал» деген атпен қазақ ауылы да пайда болды. Онда 1818 жылы 300-ге жуық қазақ түрды. Олардың бәрі де башқүрттар қатарына өтті. Байсакалдықтар бейнебір үлгі-тәжірибе қауымдастығы сияқты еді. Алайда олардың арасында елеулі қылмыскерлер мен тәртіп бүзған жазықтылар да бар болатын. Солай бола тұрса да, олар егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшуде өзгелерге үлгі-өнеге көрсете білді.

Орынбор мүрағатындағы материалдарға қарағанда, «олар өздеріне үй-жай салып алган, мешіт пен училище айтқан, егіншілікпен айналысқан, шама-шарқына қарай мал да өсірген». Қазақтардың көпшілігі башкүрттарға жалданып жүмыс істеген. Ал башқұрттар белгілі бір ақы төлеу арқылы өздерінің орнына қазақтарды әскери қызмет борышын өтеп қайтуға жіберуге тырысқан.

Қазақтардың ішкі жаққа қоныс аударуы оларды ашаршылық апатынан аман алып қалды, бірақ олардың башқұрттар арасында топгасып, отырықшы өмір кешуі қиыншылыққа түсті. Өйткені қазақтар мен башқұрттардың арасында 1755 жылғы оқиғаларға байланысты ескі қыжыл бар болатын. Башқұрт старшындары қазақтарға жертелімін бөліп бермеуге әрекет етіп бақты. Бір жағынан башқұрттардың өздері де жер тапшылығын сезінуде болатын. Олар жерлерін орыс помещиктеріне су тегінге дерлік жаппай сатып жіберген еді. Қазақтардың башқұрттар қатарына енуі оларды көп жылдар бойы әскери қызмет борышын өтеуге міндетті етті.

Оның үстіне, көшпелі қазақтардың бітім-болмысы отырықшы өмір салтына төзе алмайтынында үмытуға болмайтын. Олардың едәуір бөлігі өз даласына қайта оралды, ал қалғандары жалға жер алып, немесе башқұрттарға жалданып жүмыс істеді. Кейінірек олардың көпшілігі француз басқыншыларына қарсы соғыста орыс армиясы жағында ерлікпен шайқасты.

Орынбор және Жайық шекара шебінде қазақ балаларын шоқындырып, христиан дініне кіргізу

Шекара шебіне жақын аймақтарда басталған ашаршылық салдарынан қазақтар балаларын.сатуға дейін мәжбүр болғанын айттық. Осы арқылы қазақтар балаларының өмірін сақтап қалуға тырысты. Бұл жағдайды Орынборға тауар әкеліпсатып жүрген Хиуа көпестері тез пайдалана қойды. Сатып алынған немесе тауарға айырбас жасалған балаларды қарақалпақтар деп түсіндірді. Олардың арам ойлы бүл қулығын Орынбор кеденінің қызметкер шенеуніктері байқап қалды. Хиуалықтар қазақ балаларын 25 сомнан 50 сомға дейінгі бағамен сатып алады екен. Кеденшілер бір жолы оларды 100 қазақ баласын алып бара жатқан жерінен ұстаған болатын. Қазақтардың өз балаларын азиялық көпестерге сатуына жол бермеу мақсатымен 1808 жылғы 23 мамырда патшаның Орынбор әскери губернаторының атына жеке жолдаған жарлығы шықты. Ол жарлық «Ресейдің қол астындагы жагдайы еркін көтеретіндердің қыргыз (қазақ авт.) балаларын сатып аяуына не айырбас жасап алуына рұқсат ету туралы» деп аталды. Бүл жарлық бойынша патша үкіметі бала сатып алудың ережесін белгіледі Ресейдің жағдайы еркін көтеретін халқының барлығы да бала сатып алуға құқықты деп саналды. Бірақ ол балалар 25 жасқа толған соң бостандық алулары тиіс болды. Ондай бостандық алған қазақтардың Ресейдегі қай әлеуметтік топты болса да қалап алуына ерік берілді. Алайда ол балалардың көбі бірте-бірте христиан дінінің ықпалында кетті. Қазақтың балаларын барлық әлеуметтік топ өкілдері — шенеуніктер, помещиктер, казактар, офицерлер, көпестер, тіпті дін қызметкерлерінің өздері де сатып алды. Жаңадан шоқынған қазақтардың көпшілігі Орынбор қаласындағы мещаңдар тобына жазылуға тырысты. Олар аты-жөндерін өзгертіп Степанов, Иванов, Васильев, т.б. фамилияларға көшті. Сондай-ақ шоқынғандар қала төңірегіндегі казактардың қатарына қосылып кетті. Қазақтардың өз туған даласына қайтадан қашып келуі де аз болған жоқ. Шоқынған қазақтардың көпшілігі Орынбор губерниясының шекара шебінен алыстағы бір қиырда жатқан шалғай селоларға жіберілді. Кейінірек патша үкіметі балаларды сатып алу-сату саясатына тыйым салды. Бала сату күн көрістің жеке бір кәсіпшілігіне айналып кету қаупі бар еді. Уақыт өте келе Ресейдің шекара шебіне таяу жерлерде қазақтардың едәуір көп тобы қоныстанды. Олар негізінен балалар есебінен толыққан еді. Есейіп, ержеткен олар 1812 жылы орыс армиясы қатарында Отан соғысына белсене қатысты.

Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы

1812 жылы Наполеонның армиясы Ресей аумағына басып кірді. Орыс халқының, Ресейдің құрамындағы басқа да халықтардың француз басқыншыларына қарсы Отан соғысы басталды. Патша үкіметі империя халқына үндеу таратып, Ресейді қорғап алуға шақырды. Ол үндеудің мазмұны Орынбор өлкесінің губернаторы Г.С. Волконский арқылы сол жылдың күзінде қазақ ауылдарына да жетті. Манифест татар тіліне аударылып, мұсылман халықтарына, соның ішінде қазақ халқына да таратылды.Ресей мемлекетін қорғау үшін Орынбор өлкесі соғысқа 31 атты әскер полкін аттандырды. Олардағы солдаттар әр түрлі халықтардың өкілдері: Орынбор казактарының 5 полкі, Жайық казактарының 5 полкі, башқүрттардың 19 полкі, тептярлардың 2 полкі еді. Қазақтардың дербес әскери қүрамасы жасақталған жоқ. Бірақ қазақтар бүл соғысқа башқүрт және тептяр полктерінің қүрамында қатысты. Шоқынған қазақтардың едәуір бөлігі Орынбор полктерінің қүрамында болды. Генерал М.И. Платовтың казак корпусының I Тептяр полкінің күрамында қазақтар француз басқыншыларына қарсы атақты Бородино шайқасы кезінде ерекше ерлікпен соғысты. Осы шайқастағы ерлігі үшін қазақ жауынгері Майлыбайұлы күміс медальмен мараматталды. Ал старшина Қарынбай Зындағұлұлы көгілдір лентаға тағылып медаль алды. Ер жүрек жауынгерлер Мұрат Құліиаранулы мен Еркін Азаматұлына "хорунжий" шені берілді. Француз басқыншыларына қарсы шайқастарда қатардағы жауынгер Боранбай Шашубайұлы мен жасауыл Ықсан Әубәкірулы да ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Вьязма түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін I Тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы үшінші дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Башқүрт қүрамаларының қатарында соғысқан Нарынбай Жанжігітүлы Георгий орденіне ие болды. Осы құраманың полктерінде басқа да қазақтар соғысты. Мәселен, Әмен Байбатырұлы Лейпциг пен Глогау түбінде болған шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін күміс медальмен марапатталды. Олар орыс армиясының шетелдегі жорықтарына да қатысты.Отан соғысына қатысқандардың арасында шоқынған қазақтарда аз болған жоқ. Мәселен, З-Орынбор полкінде қызмет еткен Яков Беляков орыстың атақты әскери қолбасшысы, генерал-фельдмаршал М.И. Кутузовтың өз қолынан награда алған болатын. Кейін полотставкаға шығып, өзінің туған аулына қайтып оралады, қайтадан ислам дінін қабылдайды. Соғысқа қатысқан бірқатар қазақтар найза,сойыл, айбалта, шоқпар, садақ сияқты ұлттық қару-жарақтарымен шайқасқа түсті. Оларға орыс халқы құрметпен қарады.

1812 жылғы Отан соғысы кезінде қазақтардың Ресейге көрсеткен көмегі Отан соғысы бастала салысымен қазақ-орыс сауда қатынасы күшейе түсті. Өйткені майданға мал, азық-түлік және киім-кешек көп керек болды. Ішкі Орданың, Кіші жүз бен Орта жүздің қазақтары орыс армиясына, Отан соғысы кезінде майдан қажетіне киіз үйлер мен жылы киімдер, қыруар көп жылқы берді. Мәселен,Ішкі Орданың қазақтары 1804 жылдан 1815 жылға дейін 47,2 мыңжылқы жөнелтті. Шығыс Қазақстандағы Риддер, Зырян кеніштеріндежүмыс істейтін қазақтар Ресейді басқыншылардан қорғау үшін 22 мың сом ақша жинады. Елтондағы тұз кеніштеріндегі қазақтар армияның мұқтажын өтеу үшін миллион пұт түз жіберді. Қазақтар майданға қажетті жүкті тегін тасыды, т.б. көмектері аз болған жоқ.

Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихи маңызы

Орыс халқының француз басқыншыларына қарсы жүргізген 1812 жылғы Отан соғысына қазақтардың белсене қатысуының орасан зор тарихи маңызы болды. Ол қазақ және орыс халықтарының арасындағы қарым-қатынастарды әлдеқайда жақсарта түсуге игі ықпал етті. Мұның өзі жалпы құлдыққа түсу қатері төнген кезде осы екі халықтың бірлескен біртұтас жауынгерлік туыстығының алғашқы көрінісі болды. Қазақтар кескілескен шайқас даласында жауынгерлік рухы әрқашан жоғары болатынын дәлелдеп шықты. Осының алдындағы жылдарда өздерінің жалпы жағдайы өте ауыр болға-нына карамай, тамаша ерлік үлгілерін көрсетті. Егер патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық экспансиясы шектен тыс күштіболмағанда қазақтардың Ресейге онын Отан соғысы жылдарындағы көрсеткен көмегі әлдеқайда артық болар еді. Ал патша үкіметі 1810 жылы қазақтардың Елек қалашығы маңындағы жалпы көлемі 600 мың десятина келетін қыруар көп жерлерін тартып алған болатын.Мұның өзі қазақтардың тарапынан патша үкіметіне деген орасанзор ашу-ыза тудырды және ол қазақтардың көтеріліс жасауына алыпбарып соқтырды.<ref>Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.ISBN 9965-34-816-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}