Қазақтардың Ресейге көшуі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтардың жаппай қоныс аударуы жылы басталып, бұқаралық сипат алды. Оған дейін шекаралық аудандардағы жекелеген отбасылардың Кеңес үкіметінің озбырлығына шыдамай, шетелдерге кетуі байқалатын. Ал 1930 жылы 34 977 шаруа қожалығы өз жерінен көшіп кетті. Ал 1931 жылы шамамен 45 000 отбасы көшті деген деректер бар. Қазақтардың жаппай көшіп барып қоныстанған ресейлік аймақтардың бірі Батыс Сібір өлкесі. Бұл өлкеге қаша көшкендер саны жылы аз ғана болса, 1932 жылдың сонына қарай аш-жалаңаш босқын қазақтар күрт көбейіп кетті. Бір ғана Славгород ауданында 10 мың адам, оның 6 мыңы Славгород қаласында жинақталды. Ал Баевск ауданында 1 300 босқын қазақ есепке алынды. Алғашқы кезеңдерде қазақтар тек Ресеймен шектескен аудандарда ғана болса, 1932 жылдан бастап, жоқшылық қысқан олар Сібір жеріне тереңдей еніп, Новосібір жеріне дейін жетті. Бұл жағдай Батыс Сібір өлкелік партия комитеті басшыларың мазасыздандырды. Аштық пен зорлық-зомбылықтан араша іздеген босқын қазақтарды жұмыспен, тамақпен қамтамасыз етуге мұндағы үкіметтің мүмкіндігі де, құлқы да болмады. Сондықтан да ашаршылықтың түпсіз тұңғиығы мұнда келген қазақтарды да өз шыңырауына тарта берді. Балалар үйлері мен ауруханалар қазақтарға толып кетті. Қазақ босқындарына көмек кәрсете алмаған Сібір басшылары Қазақ өлкелік партия комитетіне қазақтардың қазақстаннан қашып келуіне шек қоюды, босқындарға қажетті көмек кәрсетуді өтініп, бірнеше хат жолдады. Ал Голощёкин болса мұндай хаттарға Сібір басшыларынан қашқан бай-кулақтарды ұстап беруін талап етумен жауап беріп жатты. Мұндай жөнсіз талапқа сібірліктер босқындарды Қазақстанға қайтарып, байкулақтарды сол жерде іріктеп алуды ұсынды. Осыңдай немкеттілік пен «әрі итеріп, бері жықтың» барысында қазақтар аштықтан қырылып жатты. Ашыққандар Орталық Комитетіне, Сталиннің атына өтініштер, хаттар жазды. Содан соң ғана барып Ресейдегі босқындарға көңіл бөлуге мәжбүр болған Голощёкин, ол жақтарға уәкілдерін жіберді. Ол уәкілдер жергілікті ОГПУ органдарының көмегімен қорқыту, зорлық-зомбылық жасау және алдау жолдарымен Сібірде аш-жалаңаш босып жүрген қазақтарды кері қайтарды. қазақстан аумағына әрең жеткен оларды Голощёкиншілдер «қашқыңдар, байқулақтар» деп жариялады. Жоқшылық пен аштық кысқан олар кайта солтүстікке, бұл жолы тіптен Қиыр Шығысқа қарай ұмтылды. Сөйтіп, біресе солтүстікке, біресе оңтүстікке жосылуға мәжбүр болған қазақтар шыбындай қырылып, қатары азая берді. Қазақтар көшуге мәжбүр болған Ресей бағытының екінші тармағы орынбор мен Орта Еділ бойына Қазақстанның батыс аймағындағы қазақтар 1929 жылдан бастап-ақ көшуді жиілете бастады. Ұш жылдың ішінде ондағы қазақтардың саны 50 мың адамнан асып кетті. Қазақтар Самара маңына көбірек шоғырланды. Олардың мұндағы жағдайы да қиын болды. Орта Еділ өлкелік партия комитеті қазақ босқындарының жағдайы туралы мәселені бірнеше рет талқылады. Ақыры, 1932 жылы 8 наурызда Орталық Комитетіне, Қазақ өлкелік партия комитетіне көшіп келген қазақтар мәселесін шешуді өтінді. Голощёкин осыдан кейін ғана өзінің уәкілі ретінде С.Меңдеіиевті Орта Еділ өлкесіне аттандырды. Ол Самара, Орынбор аймақтарындағы босқын қазақтардың жағдайын кәрді. Мұндағы қазақтардың біразы әр түрлі қара жұмыстарда істесе, көпшілігі жұмыс таппай, аштықтан өліп жатты. Бұл ауыр жағдайды реттеудің бірден-бір жолы қазақтарды туған жерлеріне қайтару керек деп есептеді. Орта Еділге босып келген қазақтардың ауыр халін Орта Еділ өлкелік партия комитетінін де Мәскеудегі әр түрлі шаруашылық ұйымдары алдына әлденеше рет қойғаны белгілі. Бірақ Сталиннің әкімшілік аппаратының ғана айдауымен жұріп ұйренген олар, безбүйректене міз бақпады. Аш қазақтардың аянышты жағдайлары туралы төтенше хабарлар оларды селт еткізе қойған жоқ. Сондықтан да Орта Еділ өлкелік партия комитеті 1932 жылы 8 наурызда олардың үстінен шағым айтып, Кремльге, Орталық Комитетке хабар түсіру туралы шешімге келді. Мұнда, сонымен қатар көшіп келген қазақтарға көмекке 1,5 мың шай мен қант босатұды міндеттеп, Жабдықтау халық комиссариатына нұсқау беру туралы Орталық Комитетке өтініш жасалды.<ref>Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдықгуманитарлық бағытыңдағы 11-сыңыбыңа арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}