Қазақстан өнеркәсібінің дамуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жедел жойылсын Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және сан алуан. Оның астында қазіргі таңда дамып жатқа өнердің түрлері мен жарын қоса алғанда, өзгрістердің, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аясын қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең көлемдегі спектрін түсінуге болады. Тарихи жағдайларды кешендендіру себебінде Қазақстан саяси этниқалық қоғамы бар мемлекен болып табылады. Қазақстан әлі де дамып келе жатыр. Қазақстан мәдениет және өнер жанры саласындағылармен қоса барлығы өзінің қолдан келген үлесін қосуда.

Тау-кен ісінің жағдайы

Қазақстан тас көмір кеніне бай болды. Олардың ірілері Орталық Қазақстанда еді. Қарағанды көмірін алғашқылардың бірі болып 1833 жылы Аппақ Байжанов (1824-1887) ашты.

Ертіс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан адам Қосым Пішенбаев болды. Ол 1867 жылы Екібастұз көмірі, 1895 жылы Майқайың полиметалл кен орындарын ашқаны туралы бірінші болып мәлімдеді. Қ. Пішенбаев Павлодардағы миллионер-көпес А.И. Деровқа жалданып, кен көздерін іздеуші және маркшейдер болып жұмыс істеді. Ол Баянауыл даласындағы Александровка, Талдыкөл, Жамантұз, Қарасор, Шөптікөл, Майкөбен сияқты тас көмір кен орындарын ашты.

Ресей кәсіпкерлері жергілікті қазақтардан аса бай кен орындарын су тегін бағаға сатып алды. Мәселен, XIX ғасырдың 40-жылдарында Н. Ушаков, А. Рязанов деген көпестер қазақтардан Қарағанды көмірі кен орындарын, Успенск мыс кеніштерін, Жезқазған және Спасск-Воскресенск мыс кеніштері аймағын өте арзанға сатып алды.

Алайда XX ғасырдың бас кезіне қарай тау-кен кәсіпорындарының басым бөлігі шетелдік кәсіпкерлердің қолына көшті. Патша үкіметі шетелдік кәсіпкерлерге шет аймақтарды игеруіне кең жол ашып берген еді. Кен орындарын игеруге орыс кәсіпкерлерінің жеткілікті тәжірибесі де, заманауи техникалық құралдары да болған жоқ. Олар өндірілген дайын өнімді өткізуде қыруар көп қиындықтарға душар болды. Ал Ресей шенеуніктері шетелдік кәсіпкерлер жағында болды. Олар шетелдік кәсіпкерлерден қолдау көрсеткені үшін пара алып тұратын. Шетелдік кәсіпкерлер көбінесе кездейсоқ адамдар болды. Олардың арасында қатардағы мұғалімдер, ет сататын қасапшылар, ұсақ саудагерлер, тіпті тілмаштар да бар еді. Өздерінің жеке меншігінде капиталы болмаса да, батыс елдеріндегі банкілердің берген несиесіне Қазақстандағы кеніштер мен шахталарды су тегін дерлік бағамен сатып алып, тез байып шыға келді. Жергілікті арзан шикізатты өздерінде қымбатқа сатып, банкілерден алған қарыздарынан құтылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыруар пайданың астында қалды.

Кен орындары мен шахталар жыртқыштықпен талан-таражға салып тонаудың салдарынан бірте-бірте істен шыға бастады. Олардағы техника іс жүзінде жаңартылған жоқ. Ал өндірілген шикізат шетел асып кетіп жатты.

1904 жылы Лондонда «Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. Бұл қоғам орыс көпестерінен мыс кеніштерін сатып алумен белсенді түрде айналысты. Тап осындай жолмен шетелдіктерге Спасск-Воскресенский және Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, сондай-ақ Саран және Қарағанды көмір кендері сатылып кетті. Акция ұстаушылар Англияның, Францияның, АҚШ-тың, Германияның, Швецияның, Испанияның және басқа да елдердің азаматтары болды.

Тап сол 1904 жылы Риддер мен Зыряндағы аса бай түсті металл кен орындарын австриялық кәсіпкерлер сатып алды. 1906 жылы тағы да сол Лондонда «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» пайда болды. Бұл қоғам Жезқазған аймағындағы мыс кеніштерін түгел сатып алды. Олар тез арада Байқоңыр аймағындағы темір кен орындарын да, әк карьерлерін де иемденіп шыға келді.<ref name=kaz8>Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т./ Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет. ISBN 9965-34-816-2</ref>

Тұз, мұнай және алтын өндіру

Сурет:Kaz8-01.png
Жалдамалы әйелдердің ауыр еңбегі.

Тұз Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Олардың басым көпшілігі қазақтар болды. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.

Мұнай өндіру ісі шетелдік кәсіпкерлердің, ең алдымен ағылшындардың қолында болды. Олар 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде, Жем өзенінің бойында мұнайды көп мөлшерде өндіре бастады. Шетелдік компаниялар орасан зор көлемде пайда тапты. Біріншіден, олармен бақталас бәсекелестер болған жоқ. Екіншіден, жергілікті

қазақ халқын арзан жұмыс қолы ретінде пайдаланды. Үшіншіден, ағылшындар мұнай көздерін барлау және өнім өндіру кезінде елеулі жеңілдіктерді пайдаланды. Ал жергілікті халыққа ешқандай да ақы төленген жоқ. Осы себептерден шетелдік компаниялар тез арада байып алды.

Тау-кен өнеркәсібіндегі пайдалы саланың бірі алтын өндіру боллы. Алтын өндірушілердің арасында орыс және татар кәсіпкерлері басым еді. XX ғасырдың бас кезінде Өскемен уезінде алтын кені қазылатын 50 рудник болды. Алтын өндіруден түскен табыс іс жүзінде түгелдей шетке кетіп жатты. Ол Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Ресейден де тысқары, негізінен Еуропаға жөнелтілді.<ref name=kaz8/>

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу

Ауылға капиталистік қатынастардың енуі қазақтарды шөп шабумен, балық аулаумен, бақша егумен айналысуға мәжбүр етті. Мал шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындардың негізгі ошақтары Ақмола мен Семей облыстары болатын. 1888 жылы Семей облысында - 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 май қорытатын, 23 кірпіш, 2 сыра ашытатын зауыт болды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындардың өзіндік ерекшеліктері болды. Зауыттар мен фабрикалардағы жұмысшылардың саны аз еді. Оларда орта есепен 2-ден 5-ке дейін-ақ адам жұмыс істеді. Кәсіпорындардағы техника әбден ескіріп біткен болатын. Мамандықты қажет етпейтін қара жұмыстарды қазақтар атқарды.

Ұлттық сауда-өнеркәсіптік буржуазия мен жұмысшы табының қалыптаса бастауы

Қарамағындағы жердің жаппай тартып алынуы, көшпелі мал шаруашылығының құлдырап кетуі, әлеуметтік құрылымының өзгеруі, міне, мұның бәрі де қазақтарды қайыршыландыруға дейін жеткізді. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтының күйзеліске ұшырап, ыдырай түсу үрдісі салдарынан бүкіл өлкеде халықтың екі әлеуметтік тобы қалыптасты. Олар байлар және жалдамалы жұмысшылар еді.

Әдеттегідей, ауыл старшындары, ірі рубасылары мен болыстар сияқты ауқаттылар байыған үстіне байи түсті. Олардың едәуір бөлігі кәсіпкерлікпен, мал және мал өнімдерін сатумен айналысты. Қазақ даласында олар бай саудагерлер деп аталды. Олардың мал сойып, ет өндіруді кәсіп еткен кейбіреулерінің өз зауыттары, май күйдіретін кәсіпорындары болды. Сондай-ақ сары май сатумен де айналысты.

Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазия өкілдерінің арасында қайырымдылық шараларын жүзеге асырғандар да болды. Мәселен, Павлодар уезіндегі Қараөткел болысының болысы А. Қазанғапов кедейлерге, мешіттер мен мектептер мұқтажына деп ақша таратты. Кәсіпкер Б. Шоқабасов Павлодар қаласында мешіт салдырды. Томск губерниясындағы бай қазақ Нұрекен Мекке қаласында жүз кісілік қонақұй салуға үлкен үлес қосты. Ол қонақұйге қажыға барған қазақтар жайғасып жүрді.<ref name=kaz8/>

Темір жолдардың салынуы

Қазақстанда өнеркәсіптің дами бастауы, өндірілген шикізаттарды тасып әкету үшін темір жолдар салу ауадай қажет болды. Орыс фабриканттары Ресейді шығыстағы шет аймақтармен байланыстыратын темір жолдар салуды патша үкіметінен XIX ғасырдың 60—70-жылдарының өзінде-ақ сұраған болатын. Ташкенттен шыққан түйе керуені Орынборға 100 күн дегенде әрең жететін. Мұндай жағдай сауда-саттық пен өнеркәсіптің жедел дамуына көп кедергі келтірді. Сондықтан да XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына темір жол магистральдары салына бастады. 1891-1893 жылдары Покровская слобода — Орал темір жол желісі тартылды. 1894 жылдан бастап Челябі мен Омбы арасында темір жол қатынасы орнады. 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. Сөйтіп 1905 жылы Қазақстан аумағындағы темір жол желісінін жалпы ұзындығы 2000 километрге жуық болды.

Қазақ халқының арасында темір жол құрылысында жұмыс істеп, табыс тауып қайту кеңінен өрістеді. Орынбор-Ташкент темір жолын салуға 40 мыңға жуық қазақ қатысты. Маусымдық жұмыстарда істегендердің көпшілігі кейін темір жол бойында жұмысқа орналасып, қазақтың кәсіби жұмысшы тобының қатарын қалыптастырды. Кейде қазақтар өздерінің туған өлкесінен тыс жерлерге де барып жұмыс істеді. Мәселен, 1895 жылы Семей облысы Павлодар уезінің 2 мыңға жуық қазағы Тайга бекетіндегі темір жол құрылысында еңбек еткен. Тап сол жылы 2,5 мыңға тарта қазақ Ачинскіге таяу жерде темір жолдың Орта Сібір учаскесінің құрылысында жұмыс істеді.

Қазақстаннан темір жолдар арқылы ауыл шаруашылық шикізаттары тасылды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан мақта, жеміс-жидектер жөнелтіліп жатты. Қазақстанға темір жол арқылы егіншілікке қажетті машиналар мен еңбек құралдары жеткізілді. Сондай-ақ көп мөлшерде ағаш бөренелер, құрылыс материалдары, мануфактура өнімдері, қант және шай әкелінді.

Темір жолдарда жұмыс істеу мамандандырылған жұмысшылардың болуын қажет етті. Жергілікті жерлерде ондай жұмысшылар болған жоқ, барының өзі жетіспеді. Патша үкіметі ондай мамандандырылған темір жол және өнеркәсіп жұмысшыларын негізінен Ресейдің еуропалық бөлігінен әкелінген орыстардан қалыптастыруға күш салды. 1917 жылға қарай Қазақстандағы жұмысшылардың саны 90 мың адамға жетті.<ref name=kaz8/>

Жұмысшы қозғалысының басталуы

Жергілікті жұмысшы табының қалыптасуы өнеркәсіптің дамуына байланысты болды. Жұмысшылар негізінен кедейленіп, қайыршы халге түскен көшпелі қазақтар мен қоныс аударып келген орыс шаруалары есебінен толыға түсті. Қазақстанның бірқатар облыстарынан ондаған мың шаруалар жұмыс іздеп, жалақы табу үшін үйлерінен безіп, ел кезіп кетті.

Жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Мұның өзі бірқатар факторларға байланысты еді: олардың кәсіби білімі, мамандығы болған жоқ, тұрғын үй тапшылығынан қатты қиналды, кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасы мүлдем жоқ еді. Қазақстанда XIX ғасырдың аяқ кезінде өнеркәсіп өндірісінің техникалық жабдықталу деңгейі тым төмен болды. Соның салдарынан негізінен қол еңбегі көп колданылды.

Кәсіпорын иелерінің озбырлығы жұмысшылар арасында бірте-бірте ашу-ыза мен наразылық туғызды. Жұмысшылар кәсіпорындардан қашып кететінді шығарды. Бірақ наразылықтың бұл түріне тез арада тосқауыл қойылды. Қашқындарды ұстап алып, үш ай мерзімге түрмеге жапты. XIX ғасырдың орта кезінен бастап жұмысшылар наразылығының жаңа түрі — ереуілге шығу пайда болды. 1888 жылы Семей облысы Өскемен уезіндегі жұмысшылар ереуіл жасады. Ереуілшілердің барлығының да талаптары еңбек жағдайын жақсарту және жалақыны арттыру еді.

Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы

Зауыт, фабрикалардағы жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Фабрика инспекциясы туралы заң Қазақстан аумағында қолданылған жоқ. Жұмыс күнінің ұзақтығы мұнай кәсіпшіліктерінде 12 сағатқа, ал алтын өндірілетін кен орындарында 10-12 сағатқа созылды. Жұмысшылар қарапайым еңбек құралдарын пайдаланды. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі сақталмады, ол туралы сөз етудің өзі де мүмкін емес еді. Жұмысшылардың тұрақты баспанасы да болған жоқ. Олар лашықтар мен киіз үйлерде тұрды.

Тау-кен өнеркәсібінін тез дамуы жұмыс қолының тапшылығын туғызды. Соның салдарынан кәсіпорындарда әйелдер мен балалардың еңбегі кеңінен пайдаланылды. Олар еңбекақыны ер адамның еңбекақысымен салыстырғанда әлдеқайда аз алды.

Қазақ жұмысшыларын ашықтан-ашық кемсітіп дискриминация жасады. Бірдей еңбек ете тұра оларға жалақы әлдеқайда кем төленді. Бұл жөнінде округтық инженер М. Красовский былай деп жазды: «Қырғыздармен бірдей жұмыс көлемін атқарған орыс жұмысшылары жалақыны олардан екі не үш есе артық алады». Олардың орташа жалақысы күніне 30-40 тиыннан ғана айналды. Қазақтар жұмысқа қабылданғанда баспана берілмейтіні ескертілетін. Қазақтардың сауатсыз болуынан олар өз құқықтарын қорғай алмады. Зауыт-фабрика дүкендеріндегі тауарлар мен азық-түлік өнімдері қазақтарға көтеріңкі бағалармен сатылды. Міне, мұның бәрі қазақ жұмысшыларын өздерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларын жақсарту жолындағы күреске шығуға итермеледі.<ref name=kaz8/>

Өлкеде жұмысшы қозғалысының күшеюі

1910-1911 жылдары Қазақстанда ереуілдік қозғалыстар күшейе түсті. 1911 жылғы мамырда Перовск және Түркістан бекеттері темір жол шеберханаларының жұмысшылары ереуіл жасады. «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамының кеніштерінде 300 кенші ереуілге шықты. Жұмысшылардың негізгі талабы, бірінші кезекте, экономикалық жағдайды жақсарту, яғни жалақы мөлшерін арттыру болды.

1912 жылдың сәуір айында Сібірдегі Лена алтын кен орындарында патша үкіметінің әскерлері 270 жұмысшыны атып өлтіріп, 250-ін жаралы етті. Атып өлтірілгендердің қатарында қазақ жұмысшылары да бар еді. Бұл оқиға Ресейдің бүкіл аумағында ашу-ыза туғызды. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Ереуіл жасаушылардың алдыңғы қатарында теміржолшылар, сондай-ақ кеніштердің, фабрикалар мен зауыттардың жұмысшылары болды.

1912 жылы Спасск мыс балқыту зауытының жұмысшылары да ереуілге шықты. Олар жалақының аздығына, еңбек жағдайларының ауырлығына қарсы наразылық білдірді. Сол жылдың жазында Жем кәсіпшілігінің мұнайшылары да ереуіл жасады. Келесі жылы Доссор мұнайшылары, Орынбор — Ор темір жолының құрылысшылары көтерілді.<ref name="kaz8"/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Kz-hist-stub