Қазақстан қорықтарының тізімі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.
Қорықтар тізімі
Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.
# | Сурет | Атауы | Құрылған жылы | Көлемі, га | Орналасқан жерi |
---|---|---|---|---|---|
1 | 150px | Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы | 1926 | 131 934 | Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысы |
2 | 150px | Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы | 1931 | 71 700 | Алматы облысы |
3 | 150px | Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы | 1931 | 191 381 | Қостанай облысы |
4 | [[Сурет:|150px]] | Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы | 1939 | 160 826 | Қызылорда облысы |
5 | 150px | Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы | 1968 | 543 171 | Ақмола облысы және Қарағанды облысы |
6 | 150px | Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы | 1976 | 102 979 | Шығыс Қазақстан облысы |
7 | [[Сурет:|150px]] | Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы | 1984 | 223 342 | Маңғыстау облысы |
8 | [[Сурет:|150px]] | Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы | 1992 | 86 122 | Шығыс Қазақстан облысы |
9 | [[Сурет:|150px]] | Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы | 1998 | 65 217,9 | Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы |
10 | [[Сурет:|150px]] | Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы | 2004 | 34 300 | Оңтүстік Қазақстан облысы |