Қазақстан ішкі істер министрлігі училищесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан ішкі істер министрлігі училищесі – арнаулы орта оқу орны. Маңғыстау облысының ішкі істер органдарын кадрмен қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылы Ақтау қаласында 120 адамдық толықтыру лимитімен құрылған. Алғашқы бастығы, полиция подполковнигі Ю.М. Югай (1997 – 99), кейіннен полиция майоры А.О.Бегендіков (1999 – 2002) басшылық етті. 2002 жылдан бастап училищені полиция полковнигі, техникалық ғылыми докторы, академик О.Н.Әбділов басқарады. Училище құрамы дайындық кезінде «Интернет» әлемдік жүйесін, «Юрист» базалық бағдарламасын пайдалана алады. Қызметтердің барлық түрлері бойынша сұрақтар қамтылған кешенді көшпелі сабақтар тәжірибеге енгізілген. Училище бастығы О.Әбіловтың ұсынысымен Ақтау қаласының орта мектептерінің жоғары сыныптарына арналған 2 жылдық «Жас полицей» дайындық курстары ашылды. Мектеп оқушылары арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында училище базасында биылғы оқу жылынан бастап «Ұлан» аула клубы құрылып, «Мерген», «Тастүлек», «Полицияның жас досы», «Жас тергеуші» үйірмелері жұмыс істеуде. Әлеуметтік қорғау, полиция қызметкерлеріне заңдық көмек көрсету және жеке құрам арасындағы қылмысты, заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында училищеде «Қорғаушы» ерікті қоғамдық құрылымы жұмыс жасайды.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; </ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> <ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

Қазақстан жоғарғы оқу орындары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан ішкі істер министрлігі училищесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}