Қазақстан шахматы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстанда шахмат, шамамен XI XII ғасырларда пайда болған. Бұған археолог И. Копылов Алматы маңындағы Талғар қалашығын қазған кезде табылған піл сүйектерінен жасалған ш-т фигураларының табылуы куә бола алады. Бұдан басқа мұрағат құжаттары қолымызда жоқ. Тек XIX ғасырдың аяғында бір телеграфта, Верный - Пішкек, Верный (Алматы) - Омбы шахматшыларының арасында ойын өткендігі туралы айтылған. Осыған қарағанда XIX ғасырда Қазақстанның кейбір қалаларында жергілікті мәні ғана бар шахмат ойындары өтіп тұрғанға ұқсайды. XX ғасырдың басында әсіресе сол кездегі күшті ш-тшылардың қатысуымен Мәскеуде халықар. турнирдің өтуіне байланысты ш-т ойыны Қазақстанда да күшті қарқынмен дами бастады. Ш-тшылардың алғашқы ресми жарысы 1933 жылы өтті. Осы жылы Бүкілқазақстандық спартакиаданың бағдарламасына ш-ттан жарыс еніп, оның бірінші ч-ны атағын белгілі мемлекет қайраткері Г. Меңдешев жеңіп алды. Келесі 1934 жылы ресми респ-ның ч-ты өтті. Ұлы Отан соғысына дейін ерлер және әйелдер арасындағы ч-ттар 6 рет өтіп үлгерді.1946 ж. Алматыда Н. Дроздев, А. Нагорный және А. Гескин басқарған ш-т секциясы ашылып, кейін ол ш-т бірлестігіне айналды. Апғашқы бірлестікті ш-ттың өркендеуіне үлкен үлес қосқан академик С. Бейсембаев басқарды.

Респ-ның VII ч-ты 1947 ж. өтті. Осы жылдары ч-н атағын Қостанайлық СШ-і А. Уфимцев бірнеше рет жеңіп алды. Респ- да Е. Браун, К. Коханов, А. Реут, И. Голяк, Е. Бенкович, В. Муратов, А. Носков, К. Сиверцов сияқты талантты ш-тшылар пайда болды. Украинадан СШ-і Б. Каталымовтың Алматыға көшіп келуі олардың қатарын нығайта түсті. 1960 ж. Респ-ның бір топ шахматшылары В. Винкель, Г.Мовшович, В. Муратов, А. Нос¬ков, В. Середенко, А. Синявский, Константиновтар Орта Азия респ-лары Қазақстан әйелдерінің арасынан А. Мүсілімова бірінші болып КСРО cljli-нің нормасын орындады. Келесі жылдары олардың қатарына М. Мухин, Б. Анетбаев, О. Дзюбан, Е. Владимировтар, оларға іле-шала С. Темірбаев, А. Ибрагимов, Р. Ержанов, П. Коцур, В. Ткачевтар қосылды. Респ-ның әйелдері де еркектерден қалысқан жоқ. Т. Коган (кейін Клинк), Л.Тәжиева, Г. және Э. Сахатовалар көзге түсті. Мыс., Гүлнәр Сахатова 3 рет респ-ның ч-ны атанып, КСРО ч-тының финалында 7-ші орынға ие болды. Міне осындай күшпен К-нның ш-тшылары КСРО халықтарының спартакиадаларында, ч-аттарында, халықар. Жарыстарда көзге түсе бастады. 1987 ж. Алматыда әйелдер арасындағы КСРО ч-ты өтті. Осы жолы респ-ның әйел ш-тшылары тамаша табысқа жетті. Осы жарыста Ф. Ус-Кова - 2-ші, И. Левитина - үшінші, Т. Коган - төртінші, Э. Сахатова қырғызстандық халықар. Гросмейстер С. Матвеевамен 5- 6-орындарды бөлісті. Ал 1989 ж. жазда Алматыда халықар. турнир өтті. Осында жеңіске жеткен В. Владимиров жеңіске жетіп халықар. Гроссмейстер атанды.

1991 ж. КСРО халықтарының X спартакиадасының бағдарламасы бойынша ш-тшылар турнир Азов (РФ) қаласында өтті. Кұрамында Г. Сахатова, Э. Сахатова, Л. Тәжиевалар бар. Қ-нның әйелдер құрамасы осы жолы командалық есепте жеңіске жеткен Украина құрама командасынан небәрі 0,5 ұпайға ғана ұтылып, үлкен күміс медальға ие болды. Бірақ осы жарыстан кейін алып империя КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты да ҚР-сы жеке тәуелсіз даму жолына түсті. Бұдан кейінгі жылдары респ. шахматшылары Бүкілдүниежүзілік олимпиядаларға жеке к-да болып қатыса бастады. Осы сынға қатысқан респ-ның әйелдер командасы әлемдегі ең мықтылардың бірі екендіктерін танытты. Бірақ апалы-сіңілілі Сахатовалардың шетелге көшіп кетуі мен өте талантты Л. Тәжиеваның мезгілсіз ажалы респ-дағы әйелдер шахматын біраз әлсіретіп кетті. 1990 жылдардың ортасында жаңа толқын пайда болды. Б. Асанов, В. Ткачев, Р. Иржанов, П. Коцур (Астана), С. Темірбаев (Көкшетау), М. Кажығалиев (Орал) Ш-ттың беделін биікке көтерді. Астаналық Д. Садуақасов 1999 ж. 20 жасқа дейінгі жастар арасында Ә. Біріншілігінің жеңімпазы атанды. 2008 ж. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік олимпиядада респ-ның бір топ балғын Ш-тшылары бұл спорт түрінің үлкен ізбасарлары бар екендігін көрсетті. <ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан шахматы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}