Қазақстан халқының құрамы. Еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елдің экономикалық-әлеуметтік дамуында халықтың саны ғана емес, құрамы мен құрылымының да маңызы зор. «Құрам» мен «құрылым» түсініктері бір-біріне жақын, оларды көбінесе синоним ретінде қарастырады. Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар да бар. Көп жағдайда құрам - құрамдас бөліктердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Құрылым - цифрлармен берілетін салыстырмалы шамалар. Халықтар географиясы қоғамдық ұдайы өндіріс және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу процесінде қарастырылатын халықтардың санын, құрамын және орналасуын оқып зерттейді. География халықтың жыныстық және жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, кәсіби деңгейін, этникалық құрамын және діни көзқарастарын зерттейді. Бұл құрылымдар халықтың табиғи қозғалысына, еңбек әлуетіне, жұмыс күшінің саны мен сапасына жұмыспен қамтылуына әсер етеді. Өз кезегінде бұл көрсеткіштер экономиканың дамуына ыкпал етеді. Сонымен катар халықтардың құрылымы - негізгі индикатор іспеттес. Оған қарай отырып, дамудын, қандай деңгейде екендігін анықтауға болады (демографиялық, экономикалық, әлеуметтік).

Жыныстық және жас құрамы

Әр түрлі жастағы еркектер мен әйелдердің арақатынасы халықтың табиғи қозғалысына тәуелді. Оны демографиялық (жыныстық, жастық) пирамидадан көруге болады. Ұлы Отан соғысы жылдарында туған буынның өкілдері 1960 жылдары тұрмыс құра бастады. Сондықтан да 39-44-жылдардағы топ саныны мөлшері қалған жылдарға қарағанда аз. Өз кезегінде 1960 жылдары туғандар 1990 жылдардың басынан отбасылы бола бастады. Бұл кезеңде мемлекетіміздегі экономикалық-әлеуметтік деңгейдің төмендеуіне байланысты бала саны азайды.

Жасына қарай халықты үш топка бөледі:

  • біріншісіне - 1-ден 14 жасқа дейінгі балаларды,
  • екіншісіне - ересек адамдарды (15-59 жас) және
  • үшіншісіне - егде адамдарды (65 жас және одан асқандар) жатқызады.

Халықтың ішіндегі егде адамдардың үлесін демографтар халықтың қартаю коэффициенті деп атап, шамасын пайызбен белгілейді. Қартаю коэффициенті бойынша халықтың 5%-ға жуығы жасөспірімдер, 5-10% ересектер, 10-15% қартайғандар, ал 15%-дан арғысы өте қартайғандар катарына жатады. Халықтың жас мөлшеріне негізінен әсер ететін фактор туу, оның жоғары болуы халықтың жасаруына әсер етсе, кемуі керісінше әсер етеді. Қазіргі таңда мемлекетіміздің халқы біртіндеп жасарып келеді. Бірақ аймақтар бойынша кәдімгідей айырмашылықтар бар. Халықтың табиғи қозғалысына қарай отырып мемлекет халқын 2 типке бөлеміз. Бірінші типке туу көрсеткіші жоғары, жастық құрамы ең жас аудандар жатады. Балалардың үлес салмағы 30%-дан астам, ал кәрілер 5%-ға жетпейді. Екінші типке туу көрсеткіші төмен, көшіп кетушілер саны басым аудандар жатады. Бұл жерде балалар саны (20%-дан аз), кәрілерге (10%-дан жоғары) қарағанда небәрі екі есе көп. Біздің елімізде 100 қыз балаға есептегенде 106 ер бала туады және төменгі жастарда ер адамдардың саны басым. Еркектердің үлес салмағы өлудің жоғары дәрежесіне байланысты азайып, жыныстардың арақатынасы теңеледі, енді әйелдер саны көбейе түседі. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстанда ер адамдардың саны басым болды.

Соғыс 600 мың қазақстандықтың өмірін қиды. Республика соғыс маңындағы аудандардан эвакуациямен келген жарты миллиондай адамды кабылдады. Енді әйел адамдар саны көбейді. Соғыстан кейінгі кезеңде, әйелдер мен еркектер санының айырмашылығы туудың жоғарылығы мен халықтың механикалық өсімі есебінен біртіндеп азайып отырды. Дегенмен оның мөлшері өлі де жоғары. Қазақстан әйелдер саны (52%) басым елдер тобына жатады. Әйелдер санының басымдылығы Қазақстанның барлық облыстарында байқалады. Оның мөлшері туу дәрежесі жоғары Қызылорда, Маңғыстау жөне Оңтүстік Қазақстан облыстарында төмендеу. Қарт адамдар тобы кебірек және туу деңгейі аздау Алматы, Қарағанды жөне Павлодар облыстарында әйелдер мен еркектер санындағы айырмашылық үлкен. Әкімшілік аудандарда әр түрлі арақатынастар: әйелдердің басым болуы, екі жағының бірдей болуы немесе еркектердің саны көп болуы кездеседі.

Еңбек ресурсы

. Еңбек ресурсын есептеуде ең бірінші жас ерекшелігіне көңіл бөлінеді. Еңбек ресурсы дегеніміз - мемлекет экономикасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар. Олар үш компоненттен тұрады.

  • Бірінші компонент- жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер. (Еңбек кодексі бойынша ата-анасы рұқсат берген жағдайда) олардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.Сонымен бірге олар еңбекке кабілетті жас кезеңінің алдында тұр.
  • Екінші компонент - еңбекке жарамды жас кезеңіндегі еңбекке қабілетті адамдар. Еңбек ресурсының ең саны көбі де осы Қазақстандағы еңбекке жарамды жас, оның төменгі шекарасы 16 жас, ал жоғарғы деңгейі, жасына қарай зейнетке шығу (ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас) жасы. Олай болса еңбекке жарамды жас ерлер арасында 16-63, әйелдер арасында 16-57. Бұл жастағы кейбір адамдар жұмысқа жарамсыз (ауруына байланысты және мүгедектер). Олар еңбек ресурсы қатарына жатқызылмайды.
  • Үшінші компонент - жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер. Еңбек ресурсы - ұдайы қозғалыста болғандықтан оның мөлшері халықтың жас ерекшелігіне және жұмыс істейтін зейнеткерлерге байланысты. Еңбек ресурсының көптеген бөлігі мемлекетіміздің экономикасына жұмыс істесе (жұмысшылар), біраз бөлігі жұмыс іздеуде (жұмыссыздар).

Жұмысшылар мен жұмыссыздар бірігіп экономикалық белсенді халық деп аталады (ЭБХ). Экономикалық еңбекке қабілетсіз халық саны салыстырмалы түрде өте аз.

Еңбек нарығы және халықтың еңбекпен қамтылуы

Экономикалық белсенді халық өзінің жұмыс күшін жұмысқа арнайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты - жұмыс берушілер - кәсіпкерлер мен мемлекет анықтайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты қалыптастыру мен ұсынысты еңбек нарығы деп атайды. Егерде жұмыс орны мен (сұраныс) жұмысшылар саны (ұсыныс) бірдей болса жұмыс нарығында тепе-теңдік қалыптасады, яғни экономикалық белсенді халық толығымен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Егерде сұраныс ұсыныстан артық болса жұмыс күші жетіспейтін жағдай туындайды. Керісінше жағдайда, сұраныс ұсыныстан кем болса, жұмыссыздык, пайда болады. Қазақстанның еңбек нарығындағы ұсыныс - 8 , 5 млн экономикалық белсенді халық. Бұл дегеніміз қомақты жөне сапалы жұмыс күші.

Оның 2/3 бөлігі нағыз жұмысқа жарамды жаста (25-49 жас аралығы), жартысынан астамы жоғары білімді жөне арнайы мамандығы бар адамдар. Жартысынан астамы ер адамдар. Жұмыс күшіне деген сұранысты Қазақстан экономикасының тірегі, ірі жөне орташа кәсіпорындар орындайды. Оларда 3,5 млн жұмыс орны бар. Қалған 5 млн экономикалық белсенді халық жұмыссыз қалған сияқты. Бірақ нарықтық экономика - экономикалық, еңбек етуге бостандық берілген (заңға қайшы келмесе кез келген жұмыс түрімен шұғылдануға болады). Нәтижесінде адамдарда алға ұмтылыс, кәсіпкерлік нышандары қалыптасады. Бұрынғы кеңестік өкіметтегі жоспарлы экономикадағыдай емес жұмыстың басқа түрлері, әсіресе орта жөне кіші кәсіпкерліктер қалыптасады. Бұл салада 2 млн адам жұмыс істейді (жеке кәсіпкерлер, фермерлер, кіші кәсіпорын жұмысшылары).

Мемлекетіміз қоғамның дамуына, оның баюына мүмкіншілік беру үшін кіші және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде. Еңбекші халықтың көп бөлігі - өзіне жұмыс істейтін жеке жұмысшылар. Мұндай жұмыс ұдайы пайда әкелмейді. Бірақ тұрмыс тіршілігіне байланысты әр түрлі іспен шұғылдануына тура келеді. Қазақстан нарығындағы жұмыс күшіне деген бәсекелестік (конкуренция) шетелден келетін жұмысшылар тарапынан да болуда. Экономиканың қарқынды даму жолдарында гастарбайтерлер (шетелден келген жұмысшылар) саны глобализациялау деген ұғымның нәтижесінде күрт көбейіп кетті. Жұмыс орындарының және түрлерінің көбейгеніне қарамастан жұмыс орнына деген сұраныс көбеюде. Экономикалық белсенді халықтың 7%-ға жуығы (0,5 млн адамнан астам) әлі күнге дейін жұмыссыздар.

Қазақстандық жұмыссыздардың бүгінгі күнгі көрінісі мынадай: жасы 16-29 аралығындағы, жалпы орта білімі бар, бір жылдан артық уақыттан бері жұмыссыз отырған қала тұрғыны. Жұмыс нарығына елеулі әсер етуші мемлекет, оған жұмыс орнының 1/4 бөлігі тиесілі. Мемлекет жаңа кәсіпорындардын; пайда болуын қолдай отырып жұмыссыздарды қайта дайындау курстарына жіберуде. Жұмысқа орналасу жұмысшының бәсекелестікке қабілеттілігіне де байланысты. Бұл жерде негізгі рөл жұмысшының кәсіби білімділігіне, жаңа мамандықты игеріп кету қабілетіне байланысты. Мамандықтың түрлерін көбірек меңгерсең, соншалықты жұмысқа орналасу мүмкіншілігің жоғарылайды.

Кәсіби құрылым

Жұмыспен қамтылған халықтың қандай да бір іспен шұғылдануын көрсетеді. Олар бірнеше секторға бөлінеді.

Модернизация дегеніміз - өнеркәсіптің жетекші салаларын дамыту халықка, шаруашылыққа, қызмет көрсетудің көптеген формаларын жетілдіру. Сондықтан да жұмыс күшін бір сектордан екінші немесе үшінші секторға орын ауыстыру басты өзгеріс болып табылады.

Әлеуметтік құрылым

Әлеуметтік құрылымда қоғамдағы алатын орнына байланысты адамдар тобы кластарға бөлінеді. Оны пирамидадан көруге болады. Пирамиданың төменгі жағында ең үлкен класс - жалдамалы жұмысшылар (жұмысшылар мен қызмет көрсетушілер). Олардың жеке зауыт, фабрикалары немесе жерлері жоқ . Олардың кірісі — кәсіпкерден немесе мемлекеттен алатын жалақысы. Орта бөлігін— ұсақ меншік иелері алады (кооператорлар, өзіне жұмыс істейтіндер). Пирамиданың жоғарғы жағында кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) орналаскан. Олар кіріс әкелетін өндірісі, қаржысы барлар. Ол кірісті алу үшін төмендегі класс мүшелерін жалға алады. Кіріс деңгейіне байланысты үш класқа бөлуге болады: байлар, орташалар, кедейлер.

Орта деңгейге - отбасын қазіргі заман талабына байланысты қамтамасыз етушілер. Байлық көзі жеке еңбегінің нәтижесі немесе кәсіби деңгейінің сапалығы. Дамыған елдерде осы категорияға халықтың 70%-ға жуығы тиесілі. Бұлардың қатарына көк жағалылар (кәсіби мамандар), ақ жағалылар (ой еңбегін қажет ететін жұмыс орындарының мамандары), фермерлер, ұсақ кәсіпкерлер және т.б. Олар қоғамда біршама жетістікке жеткеннен кейін оның негізгі тірегіне айналады. Сондықтан да мемлекет алдындағы тұрған міндеттің бірі орта класты дамыту.<ref>Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-geo-stub