Қазақстан республикасы орталық мемлекеттік кинобейнедыбыс жазбалары архиві

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәдени-анықтамалық мекеме. Онда деректі фильмдер, киножурналдар, бейнесуреттер, дыбыстық жазба құжаттар сақталады. 1943 жылы қаңтар айында ұйымдастырылған. 1957 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің бөлімшесіне айналды. 1974 жылы ақпан айында қайтадан жеке шаңырақ көтерді. Киноқұжаттардың хронологиялық шеңбері 1925 жылдан басталады. Алғашқы туындылардан: “Қазақстанның бес жылдығы” (1925), “Октябрьдің Қазақстандағы 10 жылдығы” (1927), “Тоғысу” (1930), т.б. деректі фильмдер бар.Архивтің киноқорында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алматы қаласындағы біріккен орталық киностудиясы шығарған туындылар мен соғыстан кейінгі республика өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихи деректерді қамтитын киноқұжаттар жинақталған. Қоғам өмірінің әр түрлі саласын қамтитын бейнеқұжаттарда 1917 жылға дейінгі қазақ халқының тұрмыс тіршілігін бейнелейтін өңделген бейнесуреттер мен қалалардың көріністері сақталған. 1917 жылдан бергі бейнеқұжаттарда Қазақстанның мәдени, саяси-экономиялық өмірі және ашаршылық пен тың жерлерде ұйымдастырылған кеңшарлар, т.б. құжаттармен танысуға болады. Дыбыстық құжаттың дерек көздері 1953 жылдан басталады. Бұл құжаттар кешенінде негізінен партия форумдары мен мерейтойлар, қоғам қайраткерлерінен жазып алынған естеліктер бар. “Біржан – Сара”, “Абай” операларының, т.б. музыкалық шығармалардың мәтіндері де жазылып алынып, осы архивте сақталған. Қазақ халық композиторларының шығармалары, мысалы,Құрманғазы мен Дина күйлерінің, Әміре Қашаубаевтың Парижде (1925) орындаған әндерінің жазбалары ерекше құнды дүниелер болып табылады. Архивтің ғылыми-анықтамалық аппараты жүйелік, атаулық, т.б. каталогтардан, киножурналдардың түсініктеме берілген тізбелерінен, т.б. тұрады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том </ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан республикасы орталық мемлекеттік кинобейнедыбыс жазбалары архиві|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}