Қазақстан Экспедиторларының Ұлттық Қауымдастығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан ЭКСПЕДИТОРЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ (ҚЭҰҚ) – көлік және жүк тасымалы қызметін атқаратын кәсіпқой қоғамдық бірлестік. 1997 жылы шілдеде құрылған. Оның құрамында 12 толық және 16 қауымдастырылған мүше бар. Қауымдастық тең және әділ бәсеке жағдайында тасымалдың халықаралық стандарттарын енгізу, көлік-тасымал қызметін көрсету сапасын жақсарту, әлемдік көлік рыногінде танылу, Қазақстанның географиялық тиімді жағдайын пайдаланып, ол арқылы өтетін транзиттік тасымалды ұлғайту мақсатын көздейді. Қауымдастық мүшелері мультимодальдық, кеден делдалы, қойма қызметтерін көрсету, тауар-көлік және басқа жөнелтім құжаттарын ресімдеу, банк және есеп айырысу операцияларын жүргізу, банк депозитін қамтамасыз ету, жүк қозғалысын бақылау, жүк тиеу-түсіру, жүкті шоғырландыру және тарату, теңіз кемелерін агенттеу, айлақтарда жүктерді жайғастыру, бос контейнерлерді қайтару, жеке көлік қызметтерін көрсету сияқты жұмыстарды орындайды. 1997 жылы 1 қазанда Экспедиторлардың халықаралық қауымдастығы федерациясының (ФИАТА) Венада өткен Дүниежүзлік конгресінде ФИАТА-ға толық мүше болып қабылданды. Қауымдастық ҚЭҰҚ-қа мүше көлік-экспедициялық компанияларға көлік-экспедициялық құжаттар мен ФИАТА-ның мультимодальдық тасымалдау коносаменті (FBL), экспедиторлық сертификаты (FCT); ФИАТА-ның Экспедиторлық қолхаты (FCR), қоймалық қолхаты (FWR) сияқты үлгілік пішіндерін беруге ФИАТА-дан рұқсат алды. Қызмет көрсету барысында бірегей көлік-экспедициялық құжаттарды қолдану өзара келісімшарт қатынастарын және ақшалай қаражат айналымын оңайлатады, ал көлік операцияларын халықаралық ережелер бойынша жүргізу экспедиторлық ұйымдардың жауапкершілігі мен сенімділігін арттырады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан Экспедиторларының Ұлттық Қауымдастығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}