Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті (2001- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 590-бап).</ref> құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Әділет министрлігінің құзіреті шегінде қылмыстық жазалауды орындау саласында атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылды.

Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: ҚЫЛМЫСТЫҚ жазалауды орындау жөніндегі мекемелер мен органдардың жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру; жазалауды орындаушы мекемелер мен органдарда құқық тәртібі мен заңдылықты, олардың аумағындағы қызметкерлердің, лауазымды адамдар мен азаматтардың, сондай-ақ онда ұсталатын сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген сотталғандарды ұстау шарттары нормаларының орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; шарттар бойынша, жеке еңбек және өзге де қызметтің әдісімен қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында сотталғандардың еңбегіне жағдай жасау және оны ұйымдасттыру сотталғандарға жалпы білім беруді және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру; өз құзіреті шегінде қылмыстық-атқару жүйесінің тіршілігін қамтамасыз ету және оның шығыстарын бөлінген қаржы мен лимиттер шегінде қаржыландыруды қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесінің материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтік саласын дамыту және нығайту; жазалауды орындаушы мекемелер мен органдарда ҚР заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; түзеу мекемелерінде дайындалатын және жасалатын қылмыстарды және жазалауды өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылықтарды анықтау, ашу, жолын кесу және алдын алу. Сотталғандар түзеу мекемесіне келгенге дейін жасаған қылмыстарды анықтауға және ашуға жәрдемдесу; қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес анықтауды жүзеге асыру; сотталғандардың денсаулығын сақтауды ұйымдастыру. Комитеттің облыстар мен Алматы қаласында мемлекеттік мекемелердің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін аумақтық органдары, сотталғандарды күзету және тәртібін қадағалауды жүзеге асыратын саптық бөлімшелері, оқу мекемелері мен кәсіпорындары болды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы № 260 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 №11, 138-бап).</ref> комитет туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Комитет қылмыстық жазалауды орындау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асырумен қатар, күдіктілер мен айыптыларды уақытша оқшаулауды және тергеу изоляторларында уақытша оқшаулауды жүзеге асырады. Осыған сәйкес, комитеттің аумақтық органдары мен мекемелерінің қатарына күдіктілер мен айыптыларды тергеу изоляторларында уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелер мен органдар енгізілді. Сәйкес өзгертулер мен толықтырулар комитеттің негізгі міндеттеріне де енгізілді.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 № 41, 532-бап).</ref> комитет туралы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз құзіретінің шегінде қылмыстық-атқару қызметі аласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті ҚЫЛМЫСТЫҚ жазаны орындау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ҚЫЛМЫСТЫҚ жазаны орындайтын органдар мен мекемелерде құқық тәртібі мен зандыЛЫҚТЫ қамтамасыз ету болып табылады. Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары, сондай-ақ ҚЫЛМЫСТЫҚ жазаларды орындауды және күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларында уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелері мен органдары, сотталғандарды күзетуді және олардың мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын саптық бөлімшелері, оқу орындары мен кәсіпорындары болады.

Комитеттің құрылымы: басшылық; жедел басқармасы; кадр басқармасы; медициналық қамтамасыз ету басқармасы; сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру басқармасы; тәрбие жұмысы жөніндегі басқарма; қылмыстық-атқару инспекцияларын басқару басқармасы; құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы; режим, қадағалау және қорғау басқармасы; ресурстық қамтамасыз ету басқармасы; тергеу изоляторлары мен арнайы есепке алу басқармасы; қаржы-экономикалық басқарма; штаб-басқарма; ақпарат және жұртшылықпен байланыс бөлімі; мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімі; мемлекеттік тілді дамыту бөлімі; өз қауіпсіздігі бөлімі.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}