Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандагы № 1120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004 № 41, 532-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен3 <ref>Сонда</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз құзіретінің шегінде құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті құқықтық көмекті, құқықтық түсіндіру жұмыстарын және халыққа заңгерлік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; заң қызметін ұйымдастыру басқармасы; құқықтық түсіндіру жұмыстары бөлімі; лицензиялау және әділет аттестаттау комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бөлімі. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}