Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 11 наурыздағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 11 наурыздағы № 223 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 8, 63-бап). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 652-653 б.</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1750 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 588-бап).</ref> комитеттің негізгі міндеттеріне мыналар қосылды: қаржы лизингін тіркеуді қамтамасыз ету; өз құзіретінің шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 532-бап).</ref> комитет туралы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз құзіретінің шегінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, ҚР азаматтарын, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, азаматтарды құжаттандыру саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырған ҚР Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, ҚР азаматтарын, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, азаматтарды құжаттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді ұйымдастыру және бақылау басқармасы; заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы; халықты тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы; құжаттандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы; лицензиялау бөлімі; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімі; апостильдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімі; ұйымдастыру-талдау және кадр жұмысы бөлімі. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2 маусымдағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2 маусымдағы № 549 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 23, 288-бап).</ref> комитеттің мәртебесі және негізгі міндеттері белгіленді. Комитет өз құзіретінің шегінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, занды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, ҚР азаматтарын, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, азаматтарды құжаттандыру, олардың жеке куәліктері мен төлқұжаттарын дайындау және беру саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, ҚР азаматтарын, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, азаматтарды құжаттандыру, олардың жеке куәліктері мен төлқұжаттарын дайындау және беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Діни істер комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 50, 648-бап).</ref> комитет туралы ережеге толықтыру енгізілді: комитет өз құзіретінің шегінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, діни бірлестіктерді қоспағанда заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Осындай толықтыру комитеттің негізгі міндеттеріне де енгізілді.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}