Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті (2001- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардагы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 2-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 29 наурыздағы қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 29 наурыздағы № 411 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 12, 139-бап).</ref> құрылды, оған таратылған ҚР Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің және ҚР Әділет министрлігінің патенттер және тауарлар белгісі жөніндегі "Қазпатент" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының істері мен мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 29 наурыздағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Әділет министрлігі құзіретінің шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ санаткерлік меншік құқығын қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеті мыналар болды: санаткерлік меншікті қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; санаткерлік меншікті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; сабақтас құқықтар шығармалары мен объектілеріне, өнеркәсіптік меншік объектілеріне селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтардың қорғалуын қамтамасыз ету; авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар объектілеріне, өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беру; авторлық құқықтар, өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау саласында ақпараттық баспа қызметін ұйымдастыру; өнертапқыштық және шығармашылық одақтар мен ұйымдар қызметін үйлестіру; санаткерлік меншік қорғау саласында мамандар даярлауды, мамандар біліктілігін арттыруды, патенттік сенімді өкілдерді аттестациялауды ұйымдастыру; мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметін бақылауды жүзеге асыру; ҚР бірыңғай патент жүйесін дамыту және оны басқару; мемлекеттік патенттік-ақпараттық базаны қалыптастыру; ҚР-да жасалған өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; тұтас алғанда инновациялық және өнертапқыштық қызметтің, сондай-ақ техникалық шығармашылықтың дамуына жәрдемдесу; өзге де мемлекеттік органдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 532-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз құзіретінің шегінде санаткерлік меншік құқығын қорғау саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті санаткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, ҚР бірыңғай патенттік жүйенің дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы; өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы; халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімі<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}