Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005 № 50, 648-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы қаулысымен2 <ref>Сонда</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз құзіретінің шегінде азаматтардың діни сенім және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеті азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды, әр түрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайтуды, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады. Комитеттің құрылымы: басшылық; сараптама және тіркеу басқармасы; талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімі; діни бірлестіктердің қызметін бақылау бөлімі. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}