Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери академиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери академиясы. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысы негізінде, КСРО Қорғаныс Министрінің 1970 жылы 19 желтоқсандағы бұйрығымен Алматы жалпыәскери училищесі құрылды. 1973 жылдың 19 шілдесінде училищеге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен "Кеңес Одағының маршалы И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскерлік командалык училищесі" атауы берілді.

1997 жылдың 11 ақпанында білікті офицер кадрларын дайындау жүйесін жетілдіру мен әскери ғьшымды дамытуға жағдай жасау мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен Кеңес Одағының маршалы И.С.Конев атындағы Алматы жәғары әскери училищесі ҚР Білім және мәдениет министрлігінің 1997 жылғы 28 тамыздағы "ҚР Қарулы Күштері әскери академиясының адъюнктурасын ашу туралы" шешіміне сәйкес "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріиің әскери академиясы" болып өзгертілді. 2000 жылдың соңында Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери академиясы 6696 офицер дайындап шығарды. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Әскери іс {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}