Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті (2004- ) ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>1 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жуйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1134 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 43, 542-бап).</ref> қүрылды, оған қайта ұйымдастырылған ҚР Мемлекеттік сатып алу агенттігінің мүлкі берілді ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>3 Сонда.</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Таратылған ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелер болып қайта құрылды. Комитет өз құзіреті шегінде қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, есебін жүргізу және атқарылуы жөнінде есеп беру, олардың атқарылуын бағалау, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің оларды иелігінде қалған тауарларды (жүмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері қызметінің ҚР заңнамасына сәйкес келуін тексеру; мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін, ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. Комитет ҚР Қаржы министрлігіне қатысты ішкі бақылау қызметі функциясын орындайды. Комитет және оның аумақтық органдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бірыңғай жүйесін құрады.

Комитеттің құрылымы:

  • басшылық;
  • ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы;
  • жоспарлау, бақылау іс-шараларына есеп беру және оны талдау басқармасы;
  • № 1 бақылау іс-шараларын орындау басқармасы;
  • № 2 бақылау іс-шараларын орындау басқармасы; мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқармасы;
  • мемлекеттік сатып алу тәсілдерін келісу басқармасы;
  • ішкі бақылау материалдарын сараптау, құқықтық жұмыс және персоналды қадағалау басқармасы.

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 28 қыркүйектегі қаулысымен<ref>Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 28 қыркүйектегі № 959 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 36, 499-бап).</ref> комитеттің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері-мемлекеттік мекемелері комитеттің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары- мемлекеттік мекемелері болып қайта аталды.

Комитеттің құрылымы жаңа редакцияда мазмұндалды:

  • басшылық;
  • ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы;
  • жоспарлау,есептілік және бақылау іс-шараларын талдау басқармасы;
  • республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасы;
  • жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау басқармасы;
  • несиелік ресурстардың, гранттардың, қарыздар мен мемлекет активтерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау бөлімі;
  • мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылау басқармасы;
  • мемлекеттік сатып алуды үйлестіру және құқықтық жұмыс басқармасы;
  • мемлекеттік сатып алу тәсілдерін келісу басқармасы.

Комитеттің аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі де жаңа редакцияда бекітілді.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}