Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (2002- ) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>1 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі қаулысымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі № 962 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 29, 322-бап).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 9 қазандағы қаулысымен<ref>3 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 9 қазандағы № 1102 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 33, 359-бап).</ref> салық комитеті туралы ереже бекітілді. ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комиттері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттері — мемлекеттік мекемелері ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комиттері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттері — мемлекеттік мекемелері болып қайта үйымдастырылды. Ережеге сәйкес салық комитеті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық Кодексіне) сәйкес мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз етуге уәкілетті, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылды. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комиттері, сон- дай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттері кіретін заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары болды. Комитет және оның аумақтық органдары са.лық қызметі органдарының біртүтас жүйесін құрады.

Салық комитетінің негізгі міндеттері мыналар болды:

  • өз қүзіреті шегінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығын, міндетті зейтетақы жарналарын аударудввд тоЛЫҚТЫҒЫ мен уақтылығын қамтамасыз ету;
  • салық төлеушінің салықміндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру;
  • өз қүзіреті шегінде ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • алкаголь өнімінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
  • өз қүзіреті шегінде халықаралық ышымақтастықты жүзе асыру.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 қаңгардағы қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "№ 1 Аймақаралық салық комитеті" мемлекеттік мекемесін құру туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 қаңгардағы № 114 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 4, 54-бап).</ref> салық комитеті туралы ережеге өзгерту енгізілді: комитеттің аумақтық органдарының қатарына аймақаралық салық комитеттері енгізілді. "ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің № 1 аймақаралық салық комитеті мемлекеттік мекемесі" құрылды. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 30 қыркүйектегі қаулысымен<ref>5 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықты- рулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 30 қыркүйектегі № 1004 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, №39, 414-бап).</ref> салық комитеті туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Комитеттің негізгі міндеттеріне қосымша мынадай міндеттер ӨНГІЗІДІД: этиль спирті мен алкаголь өнімдерін және темекі өнімдерін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өз қүзіреті шегінде мүнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы қаулысымен<ref>6 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақ- тық органдары — мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы № 695 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, 25, № 328).</ref> комитеттің мынадай құрылымы бекітілді:

  • басшылық;
  • ірі салық төлеушілерге әкімшілік жүргізу және мониторингі басқармасы;
  • салықтық әкімшілік;
  • жүргізу басқармасы;
  • әдіснама басқармасы;
  • халықаралық салық салу басқармасы;
  • ішкі жұмыстар басқармасы;
  • кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасы; ақпараттық технологиялар басқармасы; үйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы; *салық апелляциялары басқармасы;
  • өндірістік емес төлемдер басқармасы;
  • заң басқармасы;
  • акциздерге әкімшілік жүргізу басқармасы.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>7 "Қазақстан Ресггубликасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1127 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 536-бап).</ref> салық комитеті туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Салық комитеті өз қүзіреті шегінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы іске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыру; этиль спирті мен алкаголь өнімдерін және темекі өнімдерін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өз қүзіреті шегінде мүнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету; ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтама- сыз ету; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Комитеттің заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар, оларға мыналар жатады: аймақаралық салық комитеттері; облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудан, қала және қаладағы аудандар бойынша салық комиттері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық комитеттері. Комитет және оның аумақтық органдары салық қызметі органдарының біртүтас жүйесін құрады.

Комитеттің құрылымы:

  • басшылық;
  • әкімшілендіру және ірі салық төлеушілердің мониторингі басқармасы;
  • салықтық әкімшілендіру;
  • басқармасы;
  • әдістеме басқармасы;
  • халықаралық салық салу басқармасы;
  • ішкі жұмыстар басқармасы;
  • кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасы;
  • ақпараттық технологиялар басқармасы;
  • үйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы;
  • салық апелляңиялары басқармасы;
  • өндірістік емес төлемдер басқармасы;
  • заң басқармасы;
  • акңиздерге әкімшілендіру басқармасы.

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 3 қазандағы қаулысымен<ref>8 "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақ аумағында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтустік" Салық комитеті" мемлекеттік мекемесін құру туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 3 қазандағы № 990 қаулысы (ҚР ГТҮАЖ, 2005, № 37, 512-бап).</ref> "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы қызмет еткен кезеңде аталған аумақта ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" Салық комитеті" мемлекеттік мекемесі құрылды. Сәйкес толықтырулар Салық комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесіне де енгізілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}