Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 6 наурыздағы қаулысымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 6 наурыздағы № 207 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 8, 59-бап). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 478-479 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 мамырдағы қаулысымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқарудың тиімділігі мониторингі туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 3 мамырдағы № 491 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 13, 132-бап).</ref> комитеттің негізгі міндеттеріне қосымша ҚР экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген үйымдарды басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу міндеті жатқызылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы қаулысымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 5 шілдедегі № 930 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы № 1113 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 34, 366-бап).</ref> комитеттің негізгі міндеттеріне қосымша республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру міндеті жатқызылды.

Комитеттің мынадай ққрылымы бекітілді:

  • басшылық;
  • республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сату басқармасы;
  • жекешелеңдіруден кейінгі бақылау басқармасы;
  • мемлекеттік меншікті басқару әдіснамасы және оны жетілдіру басқармасы;
  • мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
  • республикалық мемлекеттік заңды түлғалармен жүмыс жөніндегі басқарма;
  • заң басқармасы;
  • үйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс басқармасы;
  • республикалық бюджет кірісіне ақшаның түсуін бақылау бөлімі.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 15 қазандағы қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 15 қазандағы № 1127 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 35, 376-бап).</ref> министрліктің Жетісу аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті құрылды, ал министрліктің Алматы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті оган министрліктің Талдықорған аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін қосу жолымен қайта үйымдастырылды. Комитеттің аумақтық органдары туралы ереженің пункті мынадай редакңияда жазылды: "Комитеттің аумақтық органдары бар: мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеттері; мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеттері". ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>5 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің экономика секторларында мемлекеттік активтерді басқару өрісінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функцияларын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау мииистрлігіне беру жолымен қайта үйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен<ref>6 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 г. 28 қазандағы № 1114 қаулы- сы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 525-бап)</ref> комитет туралы жаңа ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз қүзіретінің шегінде республикалық меншік, жекешелендіру объектілерін басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі салаларында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері:

  • республикалық меншік және жекешелендіру объектілерін басқарудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
  • республикалық меншікке қатысты меншік иесінің құқықтарын іске асыру;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншік объектілерінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • республикалық меншікке қатысты меншік иесінің құқықтарыніске асыру;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншік объектілерінің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • республикалық меншік объектілерін жекешелендіру және республикалық меншікті сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау; *экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі.

Комитеттің аумақтық органдары бар:

  • мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеттері;

Комитеттің құрылымы:

  • басшылық;
  • республикалық меншік объектілерін сату басқармасы;
  • мониторинг және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасы;
  • республикалық мемлекеттік занды тұлғалармен жұмыс басқармасы;
  • мемлекет қатысатын мемлекеттік емес занды тұлғалармен жұмыс басқармасы;
  • республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметін талдау басқармасы;
  • заң басқармасы;
  • республикалық бюджет қаражатының түсуін және жүмсалуын бақылау басқармасы;
  • үйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}