Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жуйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1133 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 43, 541-бап).</ref> мүлкі қайта ұйымдастырылған ҚР Кедендік бақылау агенттігіне берілу жолымен құрылды. ҚР Кедендік бақылау агенттігінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша кедендік бақылау департаменттері-мемлекеттік мекемелері, кинологиялық орталығы, орталық кедендік лабороториясы ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің департаменттері-мемлекеттік мекемелері, кинологиялық орталығы, орталық кедендік лабороториясы болып қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен <ref>Сонда</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет өз құзіретінің шегінде ҚР кеден ісі саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: өз құзіретінің шегінде ҚР егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету; ҚР кедендік және өзге де заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету; ҚР кеден органдарына жүктелгендердің орындалуын бақылау; кедендік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды жүзеге асыру; ҚР халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде шетелдік мемлекеттердің кеден және өзге де құзіретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; сырттық экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Комитеттің занды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша кедендік бақылау департаменттері, кедендер, кинологиялық орталық, орталық кедендік зертхана жатады. Комитеттің құрылымы: басшылық; кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы; кедендік кірістер басқармасы; контрабандыға қарсы күрес басқармасы; ақпараттық технологиялар басқармасы; қаржы басқармасы; талдау және статистика басқармасы; кадр басқармасы; ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы; энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы; ішкі қауіпсіздік басқармасы; құқықтық қамтамасыз ету басқармасы; халықаралық қатынастар басқармасы; посткедендік бақылау басқармасы; жедел-кезекшілік қызмет бөлімі (дербес бөлім); мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 қарашадағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 қарашадағы № 1175 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 44, 586-бап).</ref>"ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті" мемлекеттік мекемесі оған ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің "Бейнеу" кедені" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Сәйкес өзгертулер комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесіне де енгізілді. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}