Қазақстан Республикасы зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Республикалық зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана -

Арнаулы кітапханалар жүйесінің тарихы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің «Республикада көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханалар ашу туралы» 1969 жылғы ақпан айының 12 жұлдызында № 29 бұйрығынан басталады. Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығына байланысты 1969 жылы республика аумағында 14 арнаулы кітапханалар, соның ішінде № 22 Алматы қалалық кітапханасы ашылады. Осы кітапхана негізінде 1971 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігі және Қазақ соқырлар қоғамы орталық басқармасының ұсынысымен қаңтар айының 27 жұлдызында Қазақ ССР Министрлер Советінің № 50 жарлығымен «Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» құрылады.

Арнаулы кітапханалар жүйесінің негізін қалаушы, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың (ЗНКААРК) алғашқы директоры Александр Филипович Сапелкин, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, бүгінде республикалық кітапханада жемісті еңбек етіп жүр, еңбекті жаңа бастаушы жас кітапханашыларға қамқор — ұстаз.

1971 жылы кітапхана штатында 18 адам жұмыс істеген еді (оның 14 кітапханашы). Кітап қоры 18,5 мың дана, 1300 оқырманға кітапханалық қызмет көрсеткен. Кітапхана үш бөлімнен ғана тұрған.

Бүгінгі таңда кітапхана штатында 41 адам жұмыс істейді, оның ішінде 26 кітапханашы, кітапханалық жоғарғы білімі барлар — 23. Кітап қорын 223 мыңнан аса әртүрлі басылымдар қоры құрайды, оқырмандар саны 3 мыңнан асады, келушілер саны — 26700.

Кітапханада 8 бөлім, 8 кітапханалық пункттер, үйде қызмет көрсететін және кітапханааралық абонементтер бар. Үйде қызмет көрсететін оқырмадар саны 30-ға жуық. Онда тек көз мүгедектеріне ғана емес, сол сияқты, басқа да топтағы мүгедектерге кітапханалық қызмет көрсетіледі. Кітапханада дәстүрлі бөлімдерден басқа: дыбыстандыру студиясы, шағын тиражбен нүктелі-бедерлі әдебиеттер шығаратын баспа бөлімі, көз мүгедектерін арнаулы компьютерлік бағдарламалар көмегімен оқытуға арналған компьютерлік класс бар. Курс тыңдаушылары зағип студенттер, жұмыс табудан үміткер жастар және түрлі саладағы зағип мамандар, сонымен қатар зағип жастар ата-аналары, отбасы мүшелері. Мүгедек пайдаланушылардың барлығының Интернетпен жұмыс істеуіне, электронды сайттарды ашып, ақпарат ағынымен ақысыз танысуына мүмкіндіктер бар.

Көз жанарынан айырылған азаматтарды Брайль жүйесі бойынша оқу-жазуға үйрету, Қазақстан әлем тарихы бойынша, шет тілдерін үйрету, отбасы құрамында мүгедек бар және мүгедектер отбасына психологиялық, құқықтық, психологопед кеңестер беру үшін реабилитация кабинеті бар.

Кітапхана бүгінгі заманның талабына сай жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған, сондықтанда зағип жандарды жаңа ақпараттық технологияларға оқыту, кәсіптік мамандығын көтеру, жаңа мамандық игеру орталығы болып табылады. Сонымен қатар мүгедектердің барлық топтары тең және тез арада ақпарат ала алады.

Кітапхана типтік ғимаратта орналасқан, қаладағы көптеген мәдениет орындарының бірі, басқа да топтағы мүгедектер кітапханаға кіру үшін пандустармен қамтамасыз етілген.

2004 жылдан бастап кітапханаға Балғожина Гүлбаршын Рахымберліқызы жетекшілік жасап келеді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана мүгедектердің барлық тобын оңалту, әлеуметтендіру, білім алу, демалу шараларын ұйымдастыру процессіне қатысады. Республикадағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларға координациялық-әдістемелік және арнаулы кітапханалар мамандарының мамандық білімін көтеру орталығы болып табылады.

2005 жылдан бастап Алматыда біліктілігін көтеруге байланысты басқа да кітапханалар мамандары үшін бүгінде оқу базасы орындарының бірі.

Арнаулы кітапханалар қызметін координациялау, жүйелік әмбебаб ақпарат кеңістігін құру, зағип және нашар көретін азаматтардың ақпарат-кітапханалық қажеттігін қамтамасыз ету мақсатында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханалар Интернет-порталын құру жұмысы жүргізіліп жатыр, сонымен қатар кітапхананың өз сайты бар.

2005 жылдан бастап зағип және нашар көзі көретін азаматтар үшін «РБНСГ-Вести» газеті екі шрифте шығарыла бастады. 2007 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп, қазақстан баспасөз каталогына енді.

«Юрист» компаниясының демеушілік көрсетуінің арқасында оқырмандардың құқылық анықтамалық «Юрист» жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламаның деректік қоры үнемі жаңартылып, толықтандырылады. Кітапханалық процесстерді аутоматтандыру жұмысы ұдайы жетілдіріліп отырады. Аутоматтандырылған ақпараттық жүйе-Қазақстан Республикасының арнаулы кітапханасы (ААЖ-ҚРАК) бағдарламасын құрастыруы осыған дәлел бола алады. Құрастырушылардың бағдарламаға авторлық куәлігі бар. ЗНКААРК-сы бағдарламаны үйретуге, таратуға және сатуға орнатуға, сол сияқты бағдарламаны қолданылулар барысында өзгерістер, толықтыруларенгізуге және жетілдіруге құқылы. Бұл бағдарлама арнаулы кітапханалардың кітап қорының: нүктелі-бедерлі, дыбыстандырылған, жайпақ — баспа әдебиеттерден тұратын ерекшеліктерін ескере отырып кітапханалық процесстерді аутоматтандыруға бағытталған. Жазбаларды үш тілде: (қазақша, орысша, ағылшынша) басып шығарады. Бағдарламаны қолдану жұмыс орнын аутоматтандыру болып табылады. Басылымдардың барлық түріне инвентарлық кітаптарды құру, есептік кітаптарды енгізу, құжаттарды есептен шығару түрлері, мерзімдік басылымдар, кітап қорын есепке алу деректері, абонемент, тифлология, кітапхана пайдаланушыларымен жұмыс жасауды жеңілдету процесстері және электрондық каталог құру болып табылады.

Қазіргі уақытта кітапханада әртүрлі ақпараттық тасымалдаушы: жайпақ баспа, нүктелі-бедерлі және дыбысты әдебиеттер, сол сияқты бедерлі-нүктелі құралдар, видеоматериалдар, CD дискілер пайдаланылады. Бұл басылыдардың барлығы дерлік электрондық базада көрсетілген. Инвентарлық кітаптарға, басылымдардың барлық түрлеріне (каталог, картотекалар карточкалық және электрондық түрде қатар жүргізіледі).

Халықаралық «Force» қорының қолдауымен кітапханада зағиптарға арналған қазақ тілінде брайль жазуымен жазылған ақпаратты шығаруға мүмкіндік беретін арнаулы компьютерлік бағдарлама қондыру жұмысы жүргізілуде.

Мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен, өкіметтік емес мүгедектер ұйымдарымен сол сияқты Қазақ соқырлар қоғамымен кітапхана тығыз байланыста жемісті еңбек етеді. Олар: «Шырақ» мүгедек әйелдер, Алматы қаласы барлық топтағы мүгедектер ассоциациялары, «Бақытты өз қолыңмен», «Көмектес», мүгедектер құқы жайлы азиялық «Жан», «САТР» қоғамдық бірлестіктер, Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат, «Юринфо» компаниясы, БАҚ.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}