Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліғінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (2004- ) ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" КР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 522-бап).</ref> ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен <ref>Сонда.</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР білім және ғылым министрлігінің құзіреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзіретіне жатқызылған саладағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері

Білім беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы ҚР заңнамасынвщ орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Комитеттің құрылымы

Басшылық; лицензиялау және білім беру мониторингі басқармасы; лицензиялау бөлімі; арадық бақылау бөлімі; аттестаттау және аккредиттеу басқармасы; білім беру ұйымдарын аттестаттау бөлімі; ғылыми мекемелерді аттестаттау және ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын аккредиттеу бөлімі; ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау басқармасы; физика-математика, техникалық ғылымдар, жер және ғарыш туралы ғылымдар бөлімі; медицина, химия, биология, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бөлімі; гуманитарлық ғылымдар бөлімі; жоғары бөлікті кадрларды дайындау және құжаттарды ресімдеу бөлімі; қаржы және ұйымдастыру бөлімі (өз бетінше); бюджеттің орындалуын қадағалау бөлімі (өз бетінше). <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}