Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2001-2002)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігін қайта ұйымдастыру туралы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 52-53, 589-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қантардағы қаулысымен<ref name="ReferenceA">"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы № 133 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 3, 37-бап).</ref> комитет ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Аэроғарыш комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. Ережеге сәйкес комитет ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі құзіреті шегінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ аэроғарыш қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы қаулысымен<ref name="ReferenceA"/> комитеттің ведомстволық бағынысытылығы өзгертілді, ереженің қалған барлық баптары өзгертілмеді.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі қайта ұйымдастырылды, аэроғарыш қызметі саласындағы функциялары мен өкілетгіктері ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне берілді<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}