Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2001-2002) ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігін қайта ұйымдастыру туралы Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 52-53, 589-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қантардағы қатысуымен <ref>"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы № 133 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 3, 37- бап).</ref> комитет ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Аэроғарыш комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. Ережеге сәйкес комитет ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі құзіреті шегінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ аэроғарыш қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылады. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 25 қаңтардағы қаулысымен <ref>Сонда.</ref> комитеттің ведомстволық бағынысытылығы өзгертілді, ереженің қалған барлық баптары өзгертілмеді. ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі қайта ұйымдастырылды, аэроғарыш қызметі саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}