Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 1994 ж. 14 қаңтардағы Жарлығымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Президентінің Мүрағатын құру туралы" ҚР Президентінің 1994 ж. 14 қаңтардағы Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1994, № 4, 27-бап).</ref> ҚР Қазіргі заман тарихы орталық мемлекеттік мұрағатының негізінде құрылды<ref>21994-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер; қараңыз-ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2000 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 73-76 б. 2001-2005 жж. Мұрағаттың мәртебесі мен негізгі міндеттері езгертілмеді (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref>

Мұрағат тарихы

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты мемлекет басшысының жарлығымен 1994 жылы Орталық мемлекеттік жаңарған тарих мұрағатының базасында ұйымдастырылған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің жан-жақты қырлары көрініс табады. Аталған аса құнды қазынаның арасында, Қазақстанның жаңа саяси тарихы жөніндегі құжаттардың едәуір бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында ұқыпты сақталуда және нәтижелі пайдаланылу арқылы ерекше орын алады. Қазіргі таңда Мұрағат Қазақстан Республикасы Президенті мен оның әкімшілігінің, Ел басына тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-мұрағаттық қамтамасыз етудегі негізгі міндеттерін орындайтын қазіргі заманғы, технологиялармен жабдықталған кешен болып табылады. Бүгінгі кұнде Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында 1921-2010 жылға дейіңгі құжаттар сақталуда.

Мұрағат ғимараты

Мұрағат 1974 жылы тұрпатты жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан, 8 мұрағат қоймалары мен қызметі жайлары бар. Мұрағат қоймаларының ұзындығы 29000 метр темір сөрелермен жарақталған, жасанды ішкі шағын ауа райын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерге және күзет-өртсөндіргіш дабылдар жүйесіне қосылған.

Мұрағаттың қорына сілтеме

  • «Қазақстан Республикасының Президенті»,
  • «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі»,
  • «Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясы»,
  • «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы»,
  • «Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңес және оның Атқару комитеті»,
  • «Қазақстан Рсепубликасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты»

сияқты және басқа да мұрағаттық қорларда тәуелсіз мемлекеттің қалыптаса бастауын көрсететін дәуірлік оқиғаларды, ішкі және сыртқы саяси көпаспекті мәселелерді, халықаралық қатынастармен экономиканың маңызды өзгерістерінің барысын, еліміздің әлеуметтік-мәдениет дамуын көрсететін маңызды ақпараттар жинақталған.

Мұрағат құжатына сипаттама

Сурет:Электронды құжаттар.jpg
Электронды тасымалдағыштағы құжаттар

2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша мұрағатта 1918-2006 жыл аралығын қамтитын 740 мыңнан астам құжаттар сақталуды. Бұларды төменгідей құжат түрлерінен көруге болады:

  • қағаз негізінде 680 мыңға жуық құжат;
  • аудиовизуальдық құжаттамалар 10 мыңнан астам құжат;
  • аса құнды құжаттардың сақтандыру қорының көшірмелері 56 мыңға жуық құжат яғни 6 761 мың шағынфильм мен шағынфиша негативтердің кадрлары;
  • 1 мың айналасында электронды тасымалдағыштағы құжаттар.

Сонымен мұнда Қазақстан Республикасы Президентінің түпнұсқа актілері, оның халықаралық конгресстерде, форумдар мен кездесулердегі сөйлеген сөздерінің мәтіндері сақталуда. Мемлекеттік органдардың құжаттары «Нұр Отан» ұлттық-демократиялық партиясы, Социалистік партиясы, Қазақстан ұлттық бірлік партиясы, «Әділет» Қазақстан ерікті тарихи-ағарту қоғамы сияқты саяси және қоғамдық ұйымдардың құжаттарымен толықтырылады. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің, және оларға дейінгі ұйымдардың қорларында социализм дәуіріндегі республика өміріндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономика туралы көптеген ақпарат топтастырылған. Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы, тоталитарлық режимнің күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғындау тарихы, өлкені индустрияландыру, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды Қазақстанға жер аудару, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы құжаттар ерекше назар аудартады.

Жеке тектік құжаттар

1998 жылдан бастап Мұрағат жеке текті құжаттарды жинауды бастады. Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары. Қазір мемлекеттік сақтауға 51 жеке қорда 5000-ға жуық жеке адамдардың құжаттары сақталуда. Оның ішінде Қ.К.Тоқаев, М. Бейсебаев, М. Т. Оспанов, Ә. Т. Әлімжанов, М. Қ. Қозыбаев, Г.К.Бельгер, С. Қ. Құбашев, А. П. Рыбников, М. А. Жихарев, О. Батырбеков, З. С. Омарова, А. А. Алыбаев, М. И. Исиналиев тағы да басқа көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар. Жеке текті қорлар бойынша анықтамалықтың бірінші және екінші басылымдары жарыққа шықты.

Құжаттың сақталуын қамтамасыз ету жайлы

Сурет:Мұрағат жұмысы.jpg
Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету

Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндетін атқару барысында, Мұрағат түрлі тасымалдаушы негіздегі құжаттардың материалдық негізінің физико-химиялық тұтастығы мен температурлық-ылғалды режимін қалыпты деңгейде ұстау жөніндегі алдын-алудың кешенді жұмыстарын жүзеге асырады. Мұрағаттың құрылған сәтінен бергі жылдарда 1 200 мыңнан астам құжаттардың парақтары қайта жаңғыртылды, 96 мың іс түптеліп тігілді, 11 мыңға жуық әлсіз жарықтағы және өшіп бара жатқан мәтіндер қалпына келтірілді. Ықшамдалған фиширлік кешенінде өте құнды құжаттардың және сонымен қатар Мұрағаттың оқу залында зерттеушілер пайдалану үшін 1 900 мыңнан астам кадр шағынфотокөшірмелер жасалды. Ұлттық мұрағат қорын ақпараты толық кешенді құнды құжаттармен толықтырылуына ерекше көңіл бөлінеді. Жинақтау көздері болып табылатын мекемелердің саны 1994 жылы 9 болса, 2010 жылы 36-ға дейін өсті, сонымен қатар жеке текті қор құжаттары 90 қор жасаушыға толықты.

Мұрағат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жайлы

Мұрағаттың қызмет көрсету саласына енетін мекемелерге, іс жүргізуді ұйымдастыру мен мұрағаттық сақтау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік сақтауға алуға іріктеу мен құжаттардың құндылығына сараптама жүргізуге қажетті ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмек беру жүзеге асырылады. Мұрағат қызметкерлері ведомстволық іс жүргізуде және мұрағаттық қызметте қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарына белсенді түрде қатысады. Өткен кезеңде 60-тан аса құжаттандырудың тәжірибелік дағдыларын нығайту жөніндегі семинар-кеңестері және іскерлік ойындар өткізілді. . Осы жылдар бойы 70-тан астам түрлі нормативтік-әдістемелік құралдар даярланды. Мұрағаттың жұмыс тәжірибесі «Методические рекомендации по созданию архивных коллекций документов первичных организаций Компартии Казахстана» әдістемелік құралында көрсетіліп, республика мұрағаттарының арасында кеңінен таратылды. ҚР Президентінің Мұрағаты, жыл өткен сайын еліміздің мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттары үшін республикалық ғылыми-әдістемелік орталық мәртебесін нық сеніммен арттырып келеді. Мұрағаттың бастамасымен және оның базасында 2006 жылы қыркүйекте алғашқы рет «Электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар» тақырыбымен басқару процесстеріндегі жаңа технологияларды дамытудың, ең алдымен, «электрондық үкімет» құру, электрондық құжат айналымы мен электрондық мұрағатты енгізу мәселелері талқыланған республикалық семинар-кеңес өткізілді. ҚР Президентінің Мұрағатында 2007 жылы сәуірде «Қазақстан мұрағаттары: тәжірибе, мәселелер, болашақ» тақырыбымен ғылыми және мәдениет қоғамдастықтарының қатысумен Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісінің негізгі ағымдары мен дамуының көкейтесті мәселелері қарастырылған Республикалық ғылыми- іс-тәжірибелік конференция өткізілді. Мұрағатта Мұрағаттану, археография және оларға сәйкес келетін тарихи пәндердің мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік және басқа да құжаттардың жиынтығын көрсететін Анықтама-ақпараттық қор құрастырылып, ол ойдағыдай қызмет атқаруда. ААҚ-да әдістемелік әдебиеттің 1 700-ден астам бірлігі жинақталған. Бұдан басқа, кітапханада 43 мың данадан астам кітап, 15 мың данадан аса журнал мен 3 мың айналасында газет тігіндісі жиналған, оларды Мұрағат қызметкерлері мен ізденушілер пайдаланады. «Кітапхана қоры» деректер базасының электрондық каталогы құрастырылып, жұмыс барысында белсенді түрде пайдаланылуда, оған Мұрағаттағы барлық кітап басылымдары мен әдістемелік құралдар енгізілген. Шетел елдердің мұрағат мекемелерімен және Халықаралық Мұрағат Кеңесімен (МСА) ынтымақтастық дамытылуда. 2003 ж. Мұрағат МСА Евразия бөлімшесінің мүшесі болып келеді және мұрағат Конгрестеріне (Пекин, Севилья, Вена), және мұрағат ісі бойынша 7 Халықаралық конференцияға қатысты (Стокгольм, Самара, Мәскеу, Астана, Ереван).

Мұрағат құжаттарын насихаттау және пайдалану

Мұрағат ғылыми жұмыстардың бір түрі болып табылатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жариялау мен қолдануды, Қазақстанның қазіргі заман тарихы мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуге және қазіргі заман саясаттану мәселелерін әзірлеуге қатысуды ұйымдастырады. Өткен жылдарда 46 құжатты жинақтар мен анықтама-ақпараттық басылымдар 51 томда шықты. (Толық тізімін – «Мұрағаттың басылымдары мен жарияланымдары» айдарын қара). 1998 ж. Мұрағат Атаулы күндер күнтізбесін (Мұрағаттын құжаттары бойынша) жыл сайын шығарады Мұрағат ұжымы ғылыми мекемелермен қоғамдық ұйымдарымен қарым-қатынасын жақсы жолға қойған. Мұрағат қызметкерлері Қазақстанның жаңа тарихының мәселелері бойынша 70 баяндама және ақпаратты хабарламалармен 68 ғылыми-іс-тәжірибелік конференцияларға қатысты. Құжатты жинақтардың тұсаукесерлері, түрлі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер, сонымен қатар, аса көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткерлерімен, ғылыми қызметкерлермен ұдайы кездесулер өткізіледі.

Мұрағатта сақтауға алынған істердің мазмұнын ашатын, 3,1 мың мұрағаттық тізімдеме есепке алынған. Аса маңызды қорларға әртүрлі көрсеткіштер құрастырылған. Қазақстан Компартиясының республикалық бақылау органдарының құпиясыздандырылған қорларына тізімдеме-көрсеткі құрылған. 2001 жыл алғашқы рет «Архив Президента Республики Казахстан. Путеводитель» атты анықтамалық басылып шықты. Онда мұрағат қорлары, оның ішіндегі айрықша маңызды қорлардың құрамы мен мазмұны туралы толық көрсетеді. Қазақстанның жаңа тарихы бойынша жан-жақты ақпаратты қамтитын 180 мыңға жуық карточка зерттеушілердің пайдалануына ұсынылады. Мұрағат құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппаратының жүйесін дамыту мен жетілдіру жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. 2011 жылдан бастап барлық бірінші категориялық қорларда міндетті түрде ғылыми-анықтамалық аппарат жұмыс жасайды.

Мұрағат пен ақпарат құралдар байланыс

Мұрағат осы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыс байланыс орнатты. Саяси тарих мәселелері бойынша «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Аргументы и факты», «Алматы ақшамы», «Коре ильбо», «Дойче Альгемайне Цайтунг» және басқа да газеттер мен «Мысль», «Ақиқат», «Жұлдыз», «Простор», «Нива», «Мир закона», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Қазақстан мұрағаттары», «Отечественные архивы» (Мәскеу), «Archion» (Варшава) сияқты журналдарға 230-дан астам мақала мен сұхбат және 98 радио және телехабарлар даярланды. Мұрағат «Хабар» телеканалы дайындаған «Бірінші» атты теледидарлық құжатты көрсетілім дайындауға қатысты. өз күшімен және сонымен қатар ҚР Президентінің мәдениет орталығымен, ҚР Орталық мемлекеттік музейімен, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатымен, Алматы облысының мемлекеттік мұрағатымен бірлесіп 60-тан астам көрме даярланды және 180-ден астам дәріс-экскурсия өткізілді.<ref>1 «Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты» бюллетень; Алматы 2004 жыл</ref>

Мұрағаттық деректер базасы

Мұрағаттың жұмысы барысында 14 автоматтандырылған есеп және ақпаратты-іздеу деректер базасы құрастырылып енгізілді: «Мұрағаттық қор»; «Қазақ КСР Президентінің Актілері»; «Қазақстан Республикасы Президентінің Актілері»; «Мекемелер – ҚР ПМ жинақтау көздері»; Жоғарғы үкімет органдарының директивті шешімдері»; «Жеке істер»; «Жеке текті құжаттардын атаулы каталогы»; «Жеке текті құжаттардын атаулы картотекасы» «Жеке текті құжаттармен ҚР ПМ жинақтау қорларын толықтыру»; «Аса құнды құжаттар тізбесі» «Кітапхана қоры»; «Ақпаратты-анықтама қоры»; «Бухгалтерия–1С»; «Кадрлар». ҚР Президентінің Мұрағаты бұл кезеңде Қазақстанның саяси тарихы бойынша ірі құжаттар қоймасы ғана емес, басқа мемлекеттік мұрағаттардың, музейлердің және ғылыми мекемелердің ішінде, өткенді шолатын құжаттық ақпараты мен тарихи білімді көпшілікке тарату орталықтарының бірі ретінде маңызды орын алады.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}