Қазақстан Республикасы Президентінің Істер Басқармасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Президентінің Істер Басқармасы

(1995- ) ҚР Президентінің 1995 ж. 6 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Президентінің Істер Басқармасы туралы" ҚР Президентінің 1995 ж. 6 қарашадағы № 2600 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1995, № 35, 436-бап). 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер; қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2000 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 66-70 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> құрылды, оған таратылған ҚР Президенті жанындағы Шаруашылық басқар- масының мүлік және істерді басқару жөніндеғі өкілеттіктері берілді. ҚР Президентінің 2003 ж. 18 тамыздағы Жарлығымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы Президенті Істер Басқармасының құрылымы туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 18 тамыздағы № 1167 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 33, 323-бап).</ref> Істер Басқармасының құрылымы бекітілді: басшылық; қаржы-экономикалықбөлім; заң бөлімі; күрделі құрылыс бөлімі; ұйымдастыру бөлімі; бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі; кадр және арнаулы жұмыстар бөлімі; құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі. ҚР Президентінің 2004 ж. 17 наурыздағы Жарлығымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Президенті Істер Басқармасының жекелеген мәселелері туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 17 наурыздағы № 1308 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 12, 150-бап).</ref> ҚР Президенті Істер Басқармасының Шаруашылық басқармасы таратылды, осыған сәйкес Істер Басқармасының ведомстволары қатарынан шығарылды. Істер Басқармасының қүрылымы жаңа редакцияда мазмұндалды: басшылық; бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі; құқықтық қамтамасыз ету бөлімі; күрделі құрылыс және техникалық бақылау бөлімі; ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім; бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі; іс-шараларға қызмет көрсету және сыртқы байланыстар бөлімі; мемлекеттік құпияларды қорғау және кадр жұмысы бөлімі; бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}